1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні


Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді.

1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франсия, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады.

Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады. Ал Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі партиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жатады.

Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Мамыр – демалыс күні. 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге соншалық ықыласты емес

Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған.

1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.

ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

http://tema-info.ruқазақша слайдтар және рефераттар сайты



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу