Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Реті)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Реті) казакша Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Реті) на казахском языке

Бөкен тонын жамылса,
Көкірегі қабынса,
Теріс қабаққа бағынса,
Ажалы жеткен майталман,
Көп ұзамай табылса,
Бұл – сұр мергеннің реті.
Сұрқыл болса заманға,
Зирек болса қаламға,
Қаламы түссе базарға,
Қаламымен қас болған
Қалынса үлкен зарарға,
Бұл – заңғойдың реті.
Ер жігіт елін меңгерсе,
Жетімдерге жем берсе,
Жесірлерге жер берсе,
Алдында тентек жөнделсе,
Әділдігін ел көрсе,
Бұл – азаматтың реті.
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін
Ретімен сәндесе,
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Төмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса,
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде танбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса,
Пікірге кәміл жұрт озған
Бұл – шешеннің реті.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ақтан керейұлы Реті өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Реті, ақтан керейұлы Реті өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Реті, Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Реті), Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Реті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com