Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Ұрқияға айтқан аужары)

Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Ұрқияға айтқан аужары) казакша Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Ұрқияға айтқан аужары) на казахском языке

Аққу кетіп қос көлдің қазы қалды, жар-жар-ай,
Қысы кетіп мешіннің жазы қалды, жар-жар-ай.
Біраз назым тотыға айтпай болмас,
Көбі кетіп дәуреннің азы қалды, жар-жар-ай.
Түйін болып көңліме кетеді ғой, жар-жар-ай,
Бір айтатын серінің назы қалды, жар-жар-ай.
Кеше туған жас қызды шалдар алды, жар-жар-ай, жар-жар-ай,
Толғанатын оларда несі қалды, жар-жар-ай.
Ғашықтықтың қисабы асып еді,
Ескеретін қалқаның несі қалды, жар-жар-ай.
Ақ қағаздың бетіне тарттым сия, жар-жар-ай,
Жібересің сұлуды кімге қия, жар-жар-ай.
Мәликедей ақ жарқын жаңа едіңіз, жар-жар-ай,
Кеткенің бе алысқа, сен Ұрқия, жар-жар-ай?
Бұл жалғанда кетпес деуші ем, жар-жар-ай,
Енді емен бол, қарағым, уә дариға, жар-жар-ай.
Жібектей оратылған қолаң шашың, жар-жар-ай,
Қиылған қандай сұлу екі қасың, жар-жар-ай.
Ләззат пен сұлу көркем бәрі бірдей,
Қай затқа бағаланар сенің басың, жар-жар-ай.
Ақ көйлектің жағасын ырға тартқан, жар-жар-ай,
Машинамен қандай қып шырға тартқан, жар-жар-ай.
Көп қыздардың ішінде тоты дана, жар-жар-ай,
Қияз жүзді асылдың хорға тартқан, жар-жар-ай.
Ақ маңдай, қарақат көз сүйген сәулем,
Секілді нәзік белің сымға тартқан, жар-жар-ай,
Көлбеңдеп дәл алдымнан өткенің де,
Бағалы жүйрік аттай сыйға тартқан, жар-жар-ай.
Бар назымды жеткіздім бір өзіңе, жар-жар-ай,
Білесін жазылғанын қандай қаттан, жар-жар-ай.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ақан сері қорамсаұлы Ұрқияға айтқан аужары өлең стихи на казахском акан сери корамсаулы казакша олен, ақан сері қорамсаұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акан сери корамсаулы, акан сери корамсаулы олендери, ақан сері өлеңдері, ақан сері өлеңдері скачать, Ұрқияға айтқан аужары, ақан сері қорамсаұлы Ұрқияға айтқан аужары өлең стихи на казахском акан сери корамсаулы казакша олен, ақан сері қорамсаұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акан сери корамсаулы, акан сери корамсаулы олендери, ақан сері өлеңдері, ақан сері өлеңдері, Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Ұрқияға айтқан аужары), Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Ұрқияға айтқан аужары) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке