Бауыржан Әліқожа (Краков. Висла жағасы...)

 Бауыржан Әліқожа (Краков. Висла жағасы...)

Краковта жауып тұр қар қылаулап,
Аппақ түске боялмақ барлық аумақ.
Бар сұлулық Висла өзенінде,
Тарануда топ аққу жанды баурап.
Көріністен тұр көңіл өлең аулап,
Сыр бермейді мүлгіген керенау бақ.
От шашады мүсіні айдаһардың,
Дегендейін жүріңдер менен аулақ.
Самарқаулық біздерге танытпастан,
Иба, ізет бойына қалыптасқан, -
Кең жүректі польяктың екі қызы,
Жол көрсетіп келеді жалықпастан.
Жаңа достар салып жүр бар ынтасын,
(Әлі талай екі қыз сағынтасың...)
Біздің елге келіңдер, айналайын,
Сол құрметтің көріңдер қарымтасын.
...Толқып тұрмыз Висла жағасында,
Небір сұлу құстардың бәрі осында.
Жауған ақ қар, аққулар, екі қыздың,
Байланыс бар ұққанға арасында.
Жалғасындай жайдары есті ананың,
Түсірмеді сылқымдар еш қабағын.
Ең әдемі сәттерім жан тербетсе,
Ең әуелі сендерді еске аламын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!