Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Ай мен сұлу) » ZHARAR © 2016 | бауыржан әліқожа Ай мен сұлу өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Ай мен сұлу




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Ай мен сұлу)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Ай мен сұлу) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Ай мен сұлу) на казахском языке

Бір аунап алып ақша бұлттарға,
Барады Ай жүзіп дөңгелек...
Өне бойында бақ шабыт барда,
Қалдырмақ па екен зер бөлек?!

Сен көшірмесі -аспандағы Айдың,
Қарақат көзің тұңғиық.
Еңсемді езіп басқанда қайғым,
Емдейсің өзің нұр құйып.

Аядай ғана ардағым менің,
Бұл біздің лаулар отты шақ.
Көзіме түсті қолдағы меңің,
Ай бетіндегі дақ құсап.

Теңіз-сезімнің тереңін арна,
Махаббатыңа сай деп ұқ.
Көктегі Айдың керегі бар ма,
Жанымда тұрсаң Ай болып!

Киіпті көйлек сабырдан өңің,
Жүрегің толы ар-иман.
Қолыңнан ұстап жалындап едім,
Кернеді бойды дариға-ән...

Өзгеден, қалқам, шын қызғандым ба?!
Құшақтай алдым аңсаумен.
Қадірі жоқ-ау жұлдыздардың да,
Жымиып күлсең жан сәулем.

Ерке «Есентайдың» жағасындамыз,
Кеудеге көшіп бұл көктем.

Әңгімеміздің арасында біз,
Көзбен де айттық сырды еппен.

Көңіл-айдыннан шағала-мұң да,
Ұшты-ау бір басқа өлкеге...
«Хамит ақынның жағалауында»,
Жыр оқып бердім еркеме.

Маңайға мынау өң беріпті ұл-қыз,
Секілді әлем-пәк өлең.
Желменен бірге тербеліп тұрмыз,
Ай, сұлу, сосын және мен.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 55
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .