Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Азамат) » ZHARAR © 2016 | акуштап бактыгереева Азамат стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Азамат




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Азамат)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Азамат) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Азамат) на казахском языке

(Соғыс және еңбек ардагері Мұрат Насимуллинге)

Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден,
Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің.
Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген
Баласы болды-ау осы елдің.
Кездесе бермес құрметің мұндай тосыннан,
Көргені көп-ау, кешкені көп-ау басынан.
Естігім келіп өзінен бір сыр ағаның
Таныссам деймін, тілдесуге де асығам.
«Мұрат» - деп білдім алдымда тұрғаң аға атын,
Көзіне оның көрінсем керек бала тым.
Мен өзім жайлы: «қызыңыз едім, - дедім, - бір
Қолына қалам алатын.»
Өмірі жайлы келеді енді сыр тартқым,
Демедім ерек тақырып таптым, жыр таптым.
Қиындау екен сөз бастау, сірә көсемсу
Алдында мұндай соғысты көрген ұрпақтың.
Бастады ол сөзін: Дүниеге келдім Нарында
Шағылда сонау Жайықтың арғы жағында.
Есейдім сонда, қызмет еттім ұзақ жыл
Қазақтың батыр Мәншүгі туған ауылда.
Дүниеге келіп қыздары батыр мекенде,
Жігітке сын ғой өткізу өмір бекерге.
Қос орден тақтым намыспен солай кеудеме,
Батырлық елдің бәріне тегіс жетер ме?
Одан соң сәтке мұңайып жүзі сәл ғана
Күрсініп терең қабағын шытып алды аға.
Есіне түсті Сталинград майданы
Шайқады басын тіршілігіне тандана.
«Мәншүк қыз бізге еді ғой, - деді, - замандас,
Қыршыннан кетті-ау жарқырай түскен ақ алмас.
Амал не, кейін Мәншүктің туған жеріне
Ескерткіш қойдық. Келбеті сол жас, жалаңбас.
Болмады жағдай біздерде көңіл тандаған,
Өтпеді қанша тарихи кезең Ордадан.
Соғысты кештік. Бастадық жаңа тұрмысты
Кәдімгі өгіз, арбадан.
Ұзақ жыр бәрі, ол менің еді жас кезім,
Кез еді нағыз өмірге қажет бақ-төзім.
Жаңа заманға лайық отау болсын деп
Қолыммен қүұрдым бүгінгі «Мәншүк» совхозын.
Бар онда бүгін еңбекпен өскен қанша адам,
Өлкенің нұрлы ертеңін шын-ақ аңсаған.
Не табам жалғыз, жеткізген мені мұратқа,
Қайда да мынау еңбекқор жандар қоршаған.
Өмірін түгел арнаған туған Отанға,
Совхозда сол бір Мәншүкпен аты аталған.
Жасынан елде, «Еңбектің Ері» танылған
Есімнің ұлы Ескендір деген шопан бар.
Бар онда, қызым, еңбекті сүйген жас-кәрі,
Ордада дер ем оқылмай жатқан дастаны.
Талайды көрген ол құмға өскен қарағай,
Талайды көрген Орданың нұрлы аспаны.
Күрескен ерлер кеңестік дәуір үшін де,
Мылқайдар сынды сатқындар болған ішінде.
Күзетіп шейіт сексен жігіттің моласын
Бисен тұр құмда айналып қола мүсінге.
Ол жерде маған тағдыры таныс әр үйдің,
Ісімді бердім Хадирге ұлы Хабидің.
Жыл сайын «Мәншүк совхозын» көріп қайтамын
Шалдардан бастап балаға дейін танимын...
...Өзі өскен жерін қашан да сүйе біледі ер,
Құмға да сол бір балалық сезім гүл егер.
Ол жерді айтса көзіне Мұрат ағаның
Елестейді екен құм дала кезген түйелер.
Ол жерді айтса жүректе ғажап толғану,
Түседі еске қай жылы қайда болғаны.
Ұмытып бәрін кетеді екен сөйлесе,
Өткені жайлы Орданың.
Сөйлейді аңқып көтеріп қойып қабағын,
Мұң басып кейде кетеді сәл-сәл жанарын.
Тарихтың мынау шындығын білгің келсе егер
Сайрату керек шежіре қартын даланың.
Келбеті жарқын, омырауда бар қос орден,
Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің.
Дәуірдің барлық қасіретін бастан өткерген
Баласы болды ол осы елдің.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 99
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .