Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қалқа бала) » ZHARAR © 2016 | есенбай дүйсенбайұлы Қалқа бала өлең олен стихи на казахском языке есенбай дуйсенбаев, есенбай дүйсенбайұлы өлеңдері қазақша, есенбай дуйсенбаев казакша олендери, стихи на казахском языке есенбай дуйсенбаев, Қалқа бала




  • »

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қалқа бала)

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қалқа бала) казакша Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Қалқа бала) на казахском языке

Тапқан-ау сұлулыққа дарқан ана,
Базардан бір қыз көрдім - Қалқа бала.
Жүреді арба сүйреп, қап көтеріп,
Жүк батып жүрекке де, арқаға да.
Апырай, кетіп қалмай жай-жөніммен,
Тас жұтқан тәуекелден тай жедім мен...
Арбалып арай көрдім, қарай бердім
Көркіне Қалқа бала Ай көрінген.
Жайдары жымиғанда жайнап таңдай,
Күлкісі күміс құман қайнатқандай.
Ақанның Ақтоқтысы секілденіп,
Торыны талға еріксіз байлатқандай.
Тапқан ғой сұлулыққа дарқан ана,
Мекені Жетісу ма, Арқада ма -
Халықта жігіт-желең қалықтатқан
Әдемі ән бар еді - «Қалқа бала»:
«Қарағым, айналайын, қара қасым,
Бұралған қос иықта қолаң шашың.
Бір болсам өзіңменен бұл өмірде,
Бақытты болады ғой менің басым!
...Ойымның отағаңдай орман-талын,
Толқумен тұрып қалдым толғанта мұң.
Қай Қалқа, карағым-ау, мына Қалқа,
Қайратты сіңлісі ме сол Қалқаның?!
Күнкөріс көлеңкесі жанар қамап,
Қалада Қалқа бала қап арқалап,
Қалқа бала, Қалқа бала.
Қалқа бала дегенде,
Шалқалама!..»
Қараңғы Саин жақта қалқаларым
Қандырып қалталыны... табар тамақ.
Намыстың ызғар өтіп табанына,
Қар жауып, мұз қатқандай қабағына...
Көтертпей қалқаларға перзент-ұрпақ,
Қапамын қап көтерткен заманыма!
Болғай деп таңы арайлы, кеші жарық.
Жыр жаздым Қалқа қызды есіме алып.
Жұрт едік жесірін де қаңғыртпаған,
Қазақтың, сөйтпесе егер, несі халық?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 150
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .