Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын) » ZHARAR © 2017 | сырбай мауленов Тосын өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, Тосын




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын) на казахском языке

Құмдарының шоқысы,
Көк торғынды жамылған.
Қеліншектей сән түзеп,
Сәукеле бұлттан салынған.
Қаршыға ұшып шыңында,
Қарсақ жортқан қалыңнан
Таулар көкке төркіндеп,
Оранған жібек сағымнан.
Аш қойныңды, Тосыным,
Келді ұлың сағынған.
Шыққан жоқсың, Тосыным,
Жалын күні жадымнан.
Көк аспанға өрлеген,
Шыңдарыңды сағындым.
Көлеңкесі көлбеген,
Нуларыңды сағындым.
Көктемде ұшқан деміңдей,
Буларыңды сағындым.
Бұлағыңмен суарып,
Қандыр шөлін жанымның.

Сар дала сан ғасырдан келе жатқан,
Аялап алақанға алдың мені.
Жазында жаңа дүние қанат қаққан,
Көгінде ұшсыншы бір жанның лебі.
Қойныңда қоңыраулы өзендерің,
Ақкөңіл адал жанның пейіліндей.
Асқар тау — ақсақалды әкем менің,
Алтын күн — ардақты ана мейіріндей.
Бал күнім, сенде өтті балалығым,
Әлемнің рақатты көктеміндей.
Құшақтап қызыл барқыт дала гүлін,
Өмірде жүзіп барам көкте күндей.
Туған жер сіңіп кеткен тоғайыңа,
Балалық күндерімді алыс қалған
Естіп мен шаттанамын әрдайым да,
Жамыраған көшедегі дауыстардан.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 164
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .