Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Он жеті) » ZHARAR © 2017 | ғафу қайырбеков Он жеті стихи өлең гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Он жеті




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Он жеті)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Он жеті) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Он жеті) на казахском языке

Амангелдінің серіктері, қаза болған он жеті ардагерге ескерткіш

Туған Торғай, қала Торғай, қарт Торғай,
Көкірегің көне сырға неткен бай.
Мен де аналық кұшағында ерке өстім,
Сенің жомарт пейіліңнен шет қалмай.
Әлі күнге маған ыстық әр үйің,
Әр үйіңнің адамдарын танимын.
Әр аулаға ізін тастап кетіпті
Кешегі бір жалаңаяқ сәби күн.
Ол күндердің, бал күндердің құрдасы,
Кімі ғалым, кімі ақын, кімі малшы -
Енді қазір ер жеткенде солардың
Естіледі әр тараптан үн-даусы.
Тағы да аңсап, сені еске алдым мен бүгін
Көз алдыма сонау бала келді күн.
Көз алдыма келді әжем, көп жасап
Арқалаған жеткілікті жер жүгін...
Сенің көшең жұмбақ еді жасымнан, -
Қайда көрсем қорғасын оқ шашылған.
Теруші едік етек-жеңді толтырып,
Ұқтым бір күн сол сырыңды жасырған...
...Күндегідей теріп келіп қорғасын,
Жатыр едім алып асық дорбасын,
Ұршығына тамып кеткен мөлдіреп,
Қарт әжемнің қалдым көріп көз жасын.
Қарт әжемнің қалдым көріп көз жасын,
"Сол жұтты ғой, сол жұтты ғой ер басын!" -
Деді де әжем, маған қарап күрсініп,
Отыруға нұсқады тек өз қасын.
"Нені ұғасың, не білесің, жаманым,
Қазір мына тыныштық қой заманың.
Құлындарым, сүйіп қана сендерді
Жазылды ғой жандағы ізі жараның.
Көп қой менің естігенім, көргенім,
Арманым жоқ, қайта жанды сөнгенім.
Сен естіші, көкең жайлы айтайын,
Есіме алып өткен күннің ерлерін.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 115
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .