Cәбит Мұқанов (Сырласу)

 Cәбит Мұқанов (Сырласу)

I

«Советтік сөзге қаламы
Көрмеген әсте мұқалып
Мұны жазған адамы -
Кәдімгі Сәбит Мұқанов»


Дейтұғын Сәбитпін мен, емен басқа,
Егер де «емессің» деп жала жапса,
Менің, оған айтарым: «Не демексің,
Өзге емес, осы атты Ленин тақса!»
Деген бар «әр Мұсаға бір перғауын».
Менің де өзімше бар досым, жауым.
Біреуі сондайлардың бұл сөзіме
Ұрғылап шыға келер омырауын.
Өтірік маған жаны ашыған боп,
«Көрдің бе, мына Сәбит тасыған» деп,
«Көтеріп өзін сонша зорайтатын
Лениннің қашан келді қасынан?» деп.
Айтарым ондайларға: «Тоқта, саспа!
Естірте бір уақытта досқа, қасқа,
Өлерде кім тірілтіп ат қойғанын
Былайша баяндағам «Сұлушашта»:
«Бесіктен-ақ маған тағы белгі таққан,
Тапты шаққан - бесікте мені шаққан.
Сап-сары ала, сап-сасық жөргекте де,
«Іңгә» орнына уілдеп «тап» деп жатқам.
Есті біліп, етекті жапқан кезде
Табыма оғын атқандар, маған да атқан.
Сақылдаған өмірдің аязында,
Тапқа мұз боп қатқан кек маған қатқан

II

Дейтұғын Сәбитпін мен, емен басқа,
Егер де «емессің» деп жала жапса,
Менің, оған айтарым: «Не демексің,
Өзге емес, осы атты Ленин тақса!»
Деген бар «әр Мұсаға бір перғауын».
Менің де өзімше бар досым, жауым.
Біреуі сондайлардың бұл сөзіме
Ұрғылап шыға келер омырауын.
Өтірік маған жаны ашыған боп,
«Көрдің бе, мына Сәбит тасыған» деп,
«Көтеріп өзін сонша зорайтатын
Лениннің қашан келді қасынан?» деп.
Айтарым ондайларға: «Тоқта, саспа!
Естірте бір уақытта досқа, қасқа,
Өлерде кім тірілтіп ат қойғанын
Былайша баяндағам «Сұлушашта»:
«Бесіктен-ақ маған тағы белгі таққан,
Тапты шаққан - бесікте мені шаққан.
Сап-сары ала, сап-сасық жөргекте де,
«Іңгә» орнына уілдеп «тап» деп жатқам.
Есті біліп, етекті жапқан кезде
Табыма оғын атқандар, маған да атқан.
Сақылдаған өмірдің аязында,
Тапқа мұз боп қатқан кек маған қатқан
Менің, кегім мың жылдық таптың кегі,
Ол кек құл «құл» болғалы келе жатқан,
Табым кегін алуға аттанғанда,
Дүрмекке еріп, кектенгем, мен де шапқам.
Мені-дағы, мен сенген тапты-дағы
Кісендеуден Октябрь таңы ағытқан!»
Кім еді, Ленин емей, таңды атырған?
«Сол таңда, құр сүлдері, жай жан тұрған
Мендейді адам қылған Ленин еді»,-
Дегенге таласпақшы қай антұрған?!
Өзекті жан өлмекші кезіменен!
Өлген соң Ленин, оның көзіменен -
Сөйлескем іздеп барып Кремльде
Иосиф Сталиннің өзіменен.
Туысқан бір анадан бауырымдай,
Ол мені күле қағып жауырынға,
Тілімен мұғалімнің түсіндірген,
Алдағы істің жеңіл, ауырын да.
«Қатпаған балапанмын қауырсыны,
Көтерем қалай мұндай ауыр сынды?»
Дегенімде, «халыққа, партияға
Сүйен!» деп, Ұлы ұстаз сонда ұсынды.
Көз жетіп енді түгел атырапқа,
Халқымның тұздығы боп татымаққа,
Мәскеуден ауылға кеп былай дегем
Өзіммен бағыты бір батракқа:
«Мен сендерден бір тамшы тамған жаспын
Сол тамшы болғандықтан байға қаспын,
Сенің жүрген жеріңнен қозғалмайтын,
Жұдырықтай қарам бар қатқан таспын...
Сен жыласаң, көзімнен қан ағызам,
Сен қуансаң, тілімнен бал тамызам,
Сенің егер өзегің талып кетсе,
Басқадан бұрын саған нәр тамызам...»
Күреске түсе кеттім сертім сол боп,
Алқына арпалыстым шыпши терлеп,
Жастықтың жанар гүлі - жиырма бес,
Шақырды «қыз ойнақ бар, мұнда кел!» деп.
Мен-дағы жас боп көрдім өзге жұрттай,
Көкседім махаббатты өзге жұптай,
Білдім мен шөлдеген жан қанбайтынын,
Үлбірек қыз ернінің балын жұтпай,
Соқтыға түсіндім мен қыздың сұмын,
Онда да бола тұра мендей ұғым,
Жалынып өлердегі сөзімді айтпай,
Бал түгіл татырмады одан жұғын.
Білдім мен, өлең өткір өзге сөзден,
Өлеңмен күректен ат, яки көзден.
Көбіне дәл тиеді,
Мір оғындай,
Өлеңді неге аз жаздым соны сезген?
Махаббат екеу екен: жұптық, көптік,
Таңдасақ - жұпты, сүйген қызды өптік.
Таңдасақ - көпті, соның бақыт қуып
Беттеген сапарына біз де кеттік.
Сезіне бастағанда мен ақын боп,
Лениндік бостандық: таң ату деп.
Міндеті әр ерікті азаматтың
Кеңірек таң сәулесін тарату деп.-
Ұрандап жатыр екен ерікті жұрт,
Сол дуда мен де олардан қалмадым сырт.
Құлшынған жұртта ұран біреу екен:
«Мылтық, найза, қаламмен жауды тез құрт!»
Мен сонда қатар аттап заманыммен,
Сеніммен «бөгеттерді алам» деген,
Ер қаруы бес қару: мылтық, бомба,
Найза, қылыш, аттандым қаламменен.
«Сен» демей, сыпайысып дейтұғын «сіз»,
«Күрес» деген емес ол, қылмиған қыз.
Күрес тілі найзадай шанышқы тіл,
Оның сөзі: «Жық, тапта, талқанда, бұз!»
Мен солай сөйлеп кеттім қалам ала,
Қаламым тікен болды, тілім ара,
Деп дұшпан ойбайлады сол уақытта:
«Мынаның, өлеңінің түрін қара!»
Мен сұға бердім тілді одан да әрі,
Бірәздан ойбайлауға келмеді әлі,
Кешікпей үні өшті.
Достарыма
Шырындай өлеңімнің болды дәмі.
Ол кезде бола алғам жоқ, рас, әстет,
Мысқылдап сөйлегем жоқ сөзді екшеп,
Жабайы жұрт түсінер деген тілмен
Жар салдым «жауды өлтір, өзің өс!» деп.
Айқай да жоқ, кебіне ырғақ, үйлес,
«Жауларға ондай өлең тым тез тимес»
Деген оймен, проза, мақаланы
Қаптаттым, деп: «Жауларды сен де түйрес!»
Адамда ес қала ма ар қызғанда,
Проза, мақаланың парқы заңда
Айтылғанмен,
Өрбіген менен олар
Ұқсады ол уақытта партизанға.
Жыр емес, өлең маған болды сапы,
Көргем жоқ оны ешуақыт баққа саты,
Өзім де таң қаламын,
Сондай маған
Кайдан кеп жабысқанын ақын аты!
Тұрпайы өлеңімнен халқым қашпай,
Көргендей ағып жатқан мөлдір бастау
Жұтысты мейірлене.
Ол өлеңдер -
Өрінде мәдениет бұдыр тастай.
Қара тас емес бірақ, кені бар тас,
Аумағы да кіші емес, тез аттатпас.
Айтарым замандасқа, ұрпаққа да
Сындырып алма аяқты, сен байқап бас!
Күреспен кеп бөгеттен өткенімде,
Кезеңді бір биікке жеткенімде,
Серттестім былайша деп қаламыммен,
Бір жырым - «Октябрьдің еткелінде»
«Қаламым, саған риза емен,
Оқтай болып ақпасаң,
Сиям, саған риза емен,
Осы жолы қағазда,
Тізіліп сөз боп жатпасаң.
Қолым, саған риза емен,
Бөгелмей, аттай шаппасаң,
Миым, саған риза емен,
Мүлтіксіз сөз таппасаң.
Октябрь таңы атпаса,
Октябрь шырақ жақпаса,
Бәріңді де көрер ем...
Октябрь - менің анам да,
Октябрь таңы атқан соң
Ие болғам қаламға.
Октябрь көзді ашпаса,
Нақ осындай болам ба,
Октябрьден туғам мен.
Октябрь - анам он жылға
Аттағанда аяғын,
Сөйлемеген тіл құрсын!
Өткір қалам қолға алып,
«Октябрь!» деп толғанып,
Жырланбаған жыр құрсын!..
Олай болса, қаламым,
Сені қолға аламын,
Қане, маған еріп көр,
Сиям, сен де қағазға
Бояуыңды төгіп көр.
Қолым, сен де шаршама,
Жазу қиын болса да,
Қалам менен сияға
Қатарласып серік бол!»
Сол бетпен келатырмын әлі тартып,
Арқама халқым берген жүгімді артып,
Ешуақыт құлаймын деп қынжылғам жоқ,
Кездессе, құлдыр құздар, шын, я жар тік.
Жазық жер емес, тура жүгіруге,
Шын, құзда алқыну да, сүріну де
Кездессе, достар кейіп, аңдыған жау
Аяқтан ұмтылады бір ілуге.
Сәбитте сол-ақ боп па көрген құқай,
Ілгішті ондай талай көрген бақай.
Күшігін ескіліктің шәуілдеген
Тұмсыққа жөнелгемін теуіп-тапай.
Достың да естісі бар - ақымағы,
Есті дос сүрінбеуге шақырады.
Сүрінсең, сүйеседі.
Ақымақ дос -
«Өлді,- деп,- ойбай, Сәбит!» бақырады.
«Ақылды дұшпан артық ақымақ достан».
Дос емес, қиындықтан үркіп босқан.
Күресте бойын іріккен антұрғанды,
Деген дұрыс: «Сатылған, жауға үн қосқан»
Айтарым ондайларға: «Байқап булан!' -
Мен жүзіп келген жоқпын мөлдір судан,
Малшынып келсем кейде саз-топыраққа,
Алысы-жұлысы көп топыр-дудан.
Ол менің ішкі емес, сыртқы кірім,
Іші ең тазалардың әкел бірін!
Сонымен тең түспесем, бетке түкір!
Әйтпесе, мен түкірем:
«Не,- деп - мұның?!»
Жетілтем деме, мені қапқа буып,
Күресті, құрылысты кезде туып,
Мен неге жатам қапта?
Ленин жолын
Шегіне жеткізгенше індеп қуып.
Күресте сүрінуден сен-ақ жасқан,
Он тоғыз, осы жолға, түсіп жастан.
Беттесіп, қиындықпен арпалысып,
Жығылмай, талай биік белден асқам.
Отанның кеңшілігін, таршылығын
Бөлісе жүктегенде тән шыбыным,
45-те шашқа түскен бурыл қырау,
26 жылдағы бар шығыным.
Бойым мен ойым бурыл емес, бірақ,
Күшімді бойы жаспен көрсең сынап,
Кем түсе қояр ма екен,
Ойым - жастың
Талайын жеткізбейтін жерде жырақ.
Өріне коммунизм төте жүрген,
Суды есіп, тасты кесіп өте білген,
Заманның жетекшісі - партияның
Күнім жоқ, айырылған етегінен.
Мен келімсек емеспін, яки ұры,
Құлдықшыл ешкімнің де емен құлы.
Мен - Ұлы Коммунистік партияның
Некелі, заңды туған адал ұлы.
Анама ес білгелі масыл емен,
Шын сүйген қатар аттап ғасырменен
Келемін коммунистік
құрылысқа
Құрал боп, бойымда бар асылменен.
Уа, халқым, ақын ұл ғып мені тапқан,
Тағы да артсаң жүкті талай батпан,
Жолында сен беттеген коммунизм,
Жүгіңді жерге қойып, өлмей, жатпан.
Себебі маған алып бердің дене,
Сен де, мен де аршындап адым кере
Жазынан коммунизм жай табармыз,
Бұлжымай компартия соңына ере.
Мен саған көрген емен еңбек сатып,
Әлі де сатпаны
Келем бірге татып
Жемісін коммунистік бау-бақшаның,
Қанағат, маған қонған, сол зор бақыт!
Жан сырым, халқым, маған сенсең, егер.
Борышым шашымнан кеп саған берер.
Желкеме шор түсер деп аямай сал,
Мен сенің, өгізіңмін өрге жегер.
Күйлімін, дәуірімде, емен арық,
Лениннің, шамы жанған, алдым жарық.
Көш басшы - партияның жетегінде,
Шығармын талай өрге жүгіңді алып.
Кайталап айтам: бойда барлық күшім,
Қолымнан келетұғын барлық ісім
Сен үшін жұмсалады,
Саған көсем,
Лениндік сара жолды партия үшін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!