Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Адасқан өмір) » ZHARAR © 2017 | сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Адасқан өмір, сұлтанмахмұт торайғыров Адасқан өмір өлең олен стихи султанмахмут торайгыров, султанмахмут торайгыров олен




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Адасқан өмір)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Адасқан өмір) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Адасқан өмір) на казахском языке

Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?
Оны жасырар адамның күші бар ма?
Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен,
Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?

I

Мен бала
Мен сәби мейірімді ана құшағында,
Ақ мамасын сүйемін, құшамын да:
Алтын ана жек көрер шамасы жоқ;
Былғанам ба, мейлі құсамын ба.
Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза,
Қандай нәрсе білмеймін: бәле, қаза.
Еркімнің ұйғарғанын істеуіме,
Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.
Қастық деген не нәрсе: көрінген дос;
Қайғы деген не нәрсе: көңілім хош;
Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін,
Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос.
Мен білмеймін: жалыну, жағынуды,
Ресім, ұлық, құдай деп табынуды,
Өз еркімнің қылығы өзіме жөн,
Айтшы маған не нәрсе жаңылуды?
Кәпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам
Бәрі де айырмасыз бауыр маған.
Пайда, зиян, ұят не,- мен білмеймін
Менің үшін сөз һәм жоқ деген жаман.
Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ,
Не мақтау, не кемсіту, қорлау, мазақ.
Бай, кедей, сау, кем-кетік бәрібір бас,
Не нәрсе айтшы: кәрілік, ауру, азап?
Мен білмеймін: не нәрсе өлім деген,
Қорқу деген, көму деген, көрің деген.
Тамағыма пышақ таяп тұрған жан да,
Күлуден басқа жауап алмас менен.
Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей,
Жақсы түрге кіремін өзім білмей.
Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы,
Күліп сәуле шашамын жазғы күндей.
Жас тәнім ажарланып күннен-күнге,
Бәйшешектей құлпырар түрден-түрге.
Талпынам асыққандай жігіттікке,
Ұқсайтын жүзім гүлге, шаш сүмбілге.
Жас тән мен сезім, білім қабат өсіп,
Барамын кәмілдікке таман көшіп.
Өңім тұрсын, түсіме елестемес:
Бір күн топырақ болам деп, үнім өшіп.
Сыртым сондай, ішім бос жамандықтан,
Мен періште ұжмақтан жаңа шыққан.
Сондықтан әркімге де мен сүйкімді,
Күнәсіз екенімді бір көрсе ұққан.
Ақтайтындай дүниеге келісімді,
Асыққандай беруге жемісімді,
Күн сайын өсіп барам, толып барам,
Ақтасан, дүние, осы сен ісімді.
Мен, сыйлар деп дүние, келдім міне!
«Бір жас» деп есігіңнен ендім міне!
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне!
Кім біледі қоярсың еркімді алып,
Кім біледі қоярсың көркімді алып,
Кім біледі бүл ерік, бұл көріктің -
Жоғалғанын білмеспін қайда қалып.
Әлде дерсің: «пәлен бар, көрмесем де,
Соған табын, солайша және нанып.
Соны қылып, сондайдан тыйылмасаң,
Миллион-миллион жыл қинар отқа жағып»
Әлде дерсің: «Ұлық бар, ел ғұрпы бар,
Жазалысың, қоймасаң оны танып».
Әлде дерсің: «Царь, құдай, алтын деген,
Соны сүй, соған табын, шұлғы барып».
Әлде дерсің: «Қап салып тілену бар,
Алтынның қызметінен қалсаң арып».
Әлде дерсің: «Құтылмас кедейлік бар,
Маңдай термен болмайтын асқа жарып».
Әлде дерсің: «Мейірімсіз ғашығың бар,
Түкіруге қорланар күйсең жанып».
Әлде дерсің: «Достық бар сау кезіңде,
Қараңды да көрмейтін солсаң кәріп».
Әлде дерсің: «Ауру бар қинайтұғын,
Тынышың кетіп, тамағың, ұйқың қалып».
Әлде дерсің: «Беле бар кем-қор қылып,
Елден ет жиғызатын дорба салып».
Әлде дерсің: «Қайғы бар жылайтұғын,
Гүл бетіңді сарғайтып жасқа малып».
Әлде дерсің: «Кәрілік бар тәнің тозып,
Қуартар, әлсіз қылар көркіңді алып».
Әлде дерсің: «Құтқармас қараңғы көр,
Топырақ болып, ұйықтарсың сонда барып».
Миллион жыл, миллионымен өтсе-дағы,
Тұруды бір білмессің ұйқың қанып.
Сен ұмыт, сен деген бір саңырау көр,
Бар-жоғыңды артқылар қылмас парық».


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 202
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, сұлтанмахмұт торайғыров Адасқан өмір өлең олен стихи султанмахмут торайгыров, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Адасқан өмір, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на к, сұлтанмахмұт торайғыров Адасқан өмір өлең олен стихи султанмахмут торайгыро, Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Адасқан өмір) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .