» » » Өлең: Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам)

Өлең: Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам)

Өлең: Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам) на казахском языке
(Мәлік Ғабдуллинге)

Қасқая қара тон киіп,
Қаусыра түйме тағынған,
Қаңтарда кірпік қақпаған,
Қанды айқаста сабылған.
Қалтырамас ажалдан
Қиядан тілеп өзі ұшқан,
Қырғында Отан атымен
Қамалға шауып отқа ұшқан.
Қыран бүркіт сипатты
Қияғы болат қайрылмас,
Құрыштан сомдап суарған
Құзға шапсаң майрылмас,
Қайратына көркі сай,
Қапысы жоқ сөзінде.
Қадалса бейне нажағай
От жайнаған кезінде.
Қадірлі құрбы, қайран дос.
Езгі бір күні, еске алдым
Қаусырма жақтан сөз шықты,
Ақ жүректен толғандым.
Сом сомдап қару асынып
Соқтығыста бір жүрген,
Сом темірдей шыңдалып,
Сағасы өткір сүңгіден —
Сөйлеспей-ақ сыр ұққан,
Күнінде жаумен қырқысып,
Оқ түкіріп, қан жұтқан.
Семсердің жүзі секілді
Сілтесе, қиғыр — нар кескен
Серкесі адам ұлының,
Сертіне жетіп бел шешкен,
Серігін жауға алдырмас
Сенімді құздың түлегі.
Себелеп тұрса жолында оқ,
Селт етпеген жүрегі.
Сауғасы жоқ серті бар,
Сау басы жоқ еркі бар —
Сендерді терең ойға алсам,
Тебіренер де тұла бой,
Теңіздей дүнием шайқалар.
Сарғая батқан күндейін
Сан жарықтың сөнгенін,
Сапырлысқан майданда
Сақылдап ажал төнгенін,
Сапыдан қандар сорғала
Сағасынан кіргенін,
Сабыңда жүріп өткізген
Сақа дайын сан боздақ,
Сағындырдың сен мені.
Сабыңда неге болмадым,
Жау қарасы батқанша.
Жаныңда неге өлмедім,
Жаралы жан боп жатқанша.
Жай алмаймын есіме,
Жабығып алам бұл күйді,
Жар тәттінің сүйегі
Жар қасында қалар деп,
Қамығып алам бұл күйді.

nurgul95 | 30 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді
"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді
"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)
"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)
"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды
"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Өлең: Жұмағали Саин (Жеңіс күні)
Өлең: Жұмағали Саин (Жеңіс күні)
Өлең: Жұмағали Саин (Айтылмай кеткен аманат)
Өлең: Жұмағали Саин (Айтылмай кеткен аманат)
Өлең: Жұмағали Саин (Сағындым сені, достарым)
Өлең: Жұмағали Саин (Сағындым сені, достарым)
Өлең: Жұмағали Саин (Түн қатады партизан)
Өлең: Жұмағали Саин (Түн қатады партизан)
Өлең: Жұмағали Саин (Қайратқа жеңдір қайғыңды)
Өлең: Жұмағали Саин (Қайратқа жеңдір қайғыңды)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі өзен)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі өзен)
Өлең: Жұмағали Саин (Қарындас)
Өлең: Жұмағали Саин (Қарындас)
Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Пилот қызға)
Өлең: Жұмағали Саин (Пилот қызға)
Өлең: Жұмағали Саин (Мавзолейде)
Өлең: Жұмағали Саин (Мавзолейде)
Өлең: Жұмағали Саин (Жетім серті)
Өлең: Жұмағали Саин (Жетім серті)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Самолет)
Өлең: Жұмағали Саин (Самолет)
Өлең: Жұмағали Саин (Бір сұлуға)
Өлең: Жұмағали Саин (Бір сұлуға)
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қылыштай қиғыр алмас ем)
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қылыштай қиғыр алмас ем)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Сендерді терең ойға алсам өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Сендерді терең ойға алсам, жұмағали саин сайын Сендерді терең ойға алсам өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Сендерді терең ойға алсам, Өлең: Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке