Қадыр Мырза Али (Аңдар неге араз?)
Жаңа жылдың тойында
Жақсы күлкі, ойын да.
Тамашаға жиналды
Қарсақ, Қасқыр, Қойың да.
Қара жердің кең үсті,
Қоялық та керісті,
Деп барлығы бас қосып,
Дос болуға келісті.
Аңдар біткен қаптап кеп,
Айтылды жыр, тақпақ көп.
Есекті де бұл жолы
Сөкпеді ешкім ақымақ деп.
Қоштамасын, қоштасын,
Ұмытты олар өш-қасын.
Шошқаға да бұл жолы
Демеді ешкім шошқасың.
«Бәленшекең өйтсін»—деп,
«Бәленшекең бүйтсін!»—деп,
Құрметтесті,
Итке де
Айтпады ешкім итсің деп.
Аю ғана әулекі
Тартамын деп темекі,
Той-тамаша үстінде
Тәртібіне алды «екі».
Қойды Арыстан ашуды,
Қойды Қоян қашуды.
Аяз Ата әкелген
Бөліп алды шашуды.
Салды Бұлбұл әніне,
Саулық келді сәніне.
Бисіз,
Күйсіз
Тойыңның
Татуы не, дәмі не!
Елік әсем киімді
Қолтықтап ап Тиінді,
Бұрқыраған құйындай
Бастады бір биіңді.
Кірпі әзілмен түйрейді,
Ол тұрған жер сирейді.
Борсақдаған Борсықты
Биге шық деп сүйрейді.
Мойынды да сирақты
Көрсеңіздер Жирафты —
Тайраң-тайраң етем деп,
Терезені қиратты.
Түйе билеп күлдірді,
Икемсізін білдірді.
Қалған затты Жирафтан
Жалғыз өзі бүлдірді.
Қой айтқанға қоймайды,
Қасқырменен ойнайды.
Ал Қасекең онымен
Әңгімеге тоймайды.
«Көп отырдық,
Жарайды!
Сауық қашан тарайды?»—
Деп қу Түлкі тамсанып
Ақ Тауыққа қарайды.
Той-тамаша мұндағы
Таң атқанша тынбады.
Мысекеңе қу Түлкі
Тышқан жақты ымдады.
Білсең әлсіз, күшті аңды,
Олар мәңгі дұшпан-ды.
«Бір тістет!»—деп,
Дәу Мысық
Қуып берді Тышқанды.
Теке де үлкен бұзық-ты,
Байқап қалып «қызықты»,
«Ал сен маған мұрт бер!»— деп,
Қуып берді Мысықты.
«Танытайын әкеңді,
Танытайын көкеңді!
Мұртшылын!»— деп,
Қасекең
Қуып берді Текеңді.
Бірін бірі басқа ұрды,
Көздерінде жас тұрды.
«Сен бе көке!»— деп Төбет
Қуып берді Қасқырды.
Сол-сол екен,
Бір кезде
Төпелесіп бас-көзге,
Апай-топай төбелес
Болып кетті ілезде.
Бірі жүндей түтіліп,
Бірі шықты сытылып.
Достық жайлы келісім
Қала берді ұмытылып.
Тастай-тастай сауықты,
Тарады аңдар қауіпті.
Жалғыз қалып Түлкі өзі
Жәукемдеді Тауықты.
«Төбелесте мән бар ма!
Оны бұлар тыңдар ма!—
Аузын жалап қу Түлкі,—
Ем жоқ,— деді,— бұларға!»
Ал хайуандар ол күні
Бұзған ойын-күлкіні
Білмеді кім екенін,
Білмейді әлі Түлкіні.
Білсе олар, Түлкіні
Боршалайды бір күні!
Жақсы күлкі, ойын да.
Тамашаға жиналды
Қарсақ, Қасқыр, Қойың да.
Қара жердің кең үсті,
Қоялық та керісті,
Деп барлығы бас қосып,
Дос болуға келісті.
Аңдар біткен қаптап кеп,
Айтылды жыр, тақпақ көп.
Есекті де бұл жолы
Сөкпеді ешкім ақымақ деп.
Қоштамасын, қоштасын,
Ұмытты олар өш-қасын.
Шошқаға да бұл жолы
Демеді ешкім шошқасың.
«Бәленшекең өйтсін»—деп,
«Бәленшекең бүйтсін!»—деп,
Құрметтесті,
Итке де
Айтпады ешкім итсің деп.
Аю ғана әулекі
Тартамын деп темекі,
Той-тамаша үстінде
Тәртібіне алды «екі».
Қойды Арыстан ашуды,
Қойды Қоян қашуды.
Аяз Ата әкелген
Бөліп алды шашуды.
Салды Бұлбұл әніне,
Саулық келді сәніне.
Бисіз,
Күйсіз
Тойыңның
Татуы не, дәмі не!
Елік әсем киімді
Қолтықтап ап Тиінді,
Бұрқыраған құйындай
Бастады бір биіңді.
Кірпі әзілмен түйрейді,
Ол тұрған жер сирейді.
Борсақдаған Борсықты
Биге шық деп сүйрейді.
Мойынды да сирақты
Көрсеңіздер Жирафты —
Тайраң-тайраң етем деп,
Терезені қиратты.
Түйе билеп күлдірді,
Икемсізін білдірді.
Қалған затты Жирафтан
Жалғыз өзі бүлдірді.
Қой айтқанға қоймайды,
Қасқырменен ойнайды.
Ал Қасекең онымен
Әңгімеге тоймайды.
«Көп отырдық,
Жарайды!
Сауық қашан тарайды?»—
Деп қу Түлкі тамсанып
Ақ Тауыққа қарайды.
Той-тамаша мұндағы
Таң атқанша тынбады.
Мысекеңе қу Түлкі
Тышқан жақты ымдады.
Білсең әлсіз, күшті аңды,
Олар мәңгі дұшпан-ды.
«Бір тістет!»—деп,
Дәу Мысық
Қуып берді Тышқанды.
Теке де үлкен бұзық-ты,
Байқап қалып «қызықты»,
«Ал сен маған мұрт бер!»— деп,
Қуып берді Мысықты.
«Танытайын әкеңді,
Танытайын көкеңді!
Мұртшылын!»— деп,
Қасекең
Қуып берді Текеңді.
Бірін бірі басқа ұрды,
Көздерінде жас тұрды.
«Сен бе көке!»— деп Төбет
Қуып берді Қасқырды.
Сол-сол екен,
Бір кезде
Төпелесіп бас-көзге,
Апай-топай төбелес
Болып кетті ілезде.
Бірі жүндей түтіліп,
Бірі шықты сытылып.
Достық жайлы келісім
Қала берді ұмытылып.
Тастай-тастай сауықты,
Тарады аңдар қауіпті.
Жалғыз қалып Түлкі өзі
Жәукемдеді Тауықты.
«Төбелесте мән бар ма!
Оны бұлар тыңдар ма!—
Аузын жалап қу Түлкі,—
Ем жоқ,— деді,— бұларға!»
Ал хайуандар ол күні
Бұзған ойын-күлкіні
Білмеді кім екенін,
Білмейді әлі Түлкіні.
Білсе олар, Түлкіні
Боршалайды бір күні!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?