» » » Өлең: Күләш Ахметова (Өкпе)

Өлең: Күләш Ахметова (Өкпе)

Өлең: Күләш Ахметова (Өкпе) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Өкпе) на казахском языке
Жүрегің тастан ба еді, мұздан ба еді,
Әлде менен жақын бір қыз бар ма еді?
Көңілімді суыттың үнсіз қалып,
Мен де айналсам жұмбаққа қызғанба енді!
Қызғанба енді біреумен билесем де,
Шақыра ғой басқаны биге сен де.
Мен жүрейін жанында жат біреудің,
Өлең оқып берейін сүймесем де.
Ішімнен: «ондай ешкім жоқ» десем де,
Басқа жанды бақытты етпесем бе?!
Қайғыдан қалай аман жүр екен деп,
Қайран қалма, қасірет шекпе сен де.
Менің нәзік көңілім үркек еді,
Бүгін одан бұлыңғыр бұлт өреді.
Енді сенің алдыңда адалдықпен
Жүрегінің жұлдызын кім төгеді?
Ел не дейді?
Білместің ісі дер ме?
Ұшырмадық сезімнің құсын өрге.
Басқа қызға сыр жайып отырарсың,
Бірақ сені ол дәл мендей түсінер ме?
Аңсатсаң да жаздағы аз жаңбырдай,
Сыр бермеспін сыр бермей тозған құмдай.
Сүюші едім аяулы сезімдермен,
Айтушы едім ертеңге сөз қалдырмай.
Тыңдамаушы ем сен жайлы өсектерді,
Сезім сенде — не қатал, не шектеулі.
Саған да енді кезіксін жинақы жан
Махаббаты, сөздері есептеулі.
Кетер болсаң, тезірек ұмыт бәрін,
Көз алдыңда тұрмасын қылықтарым.
Ұмыт бәрін!
Жиям деп әуре болма,
Таңғажайып сәуленің сынықтарын.
Жерле бәрін: Жүректің ертегі, әнін,
Өткен күннің елесін — ленталарын.
Қырқып таста жадыңнан.
Менің қолым
Тиген заттың түгелдей өрте бәрін.
Мен осылай бұйырам, кеш, көріктім,
Сезіне біл күндіз де, кеште ерікті.
Жүрегіңнен,ойыңнан, дәптеріңнен
Сызып таста мен жайлы естелікті.
Не ескерткіш арнама, не шығарма,
Ұмтыласың — ұмытпай — несіне алға?
Үйден шықпа жаңбырда.
Жыр да оқыма,
Көз жасымды, сөзімді есіңе алма!
Қызық өмір менсіз де сүре біл де,
Шырқа, биле, мейрамда, түле, гүлде.
Басқа жанды аймалап құшқаныңда
Байқа тек, мен тұрмайын жүрегіңде.
Ұмыттырсын күн мен түн жиі алмаса,
Менен қашсаң берілме қиялға аса.
Еш әйелге ренжіп, өкпелеме,
Мендей таза, тәкаппар сүйе алмаса!
Мен сен үшін бола алсам алыс тұлға,
Тағдырыңды басқамен табыстыр да,
Менің мұңды бейнеммен, қылығыммен
Еркелігін ешкімнің салыстырма!
Күндерді ұмыт бөлмеге сыймай күлген,
Күндерді ұмыт ерекше сыйлай білген.
...Өкпелеймін осылай —сүйгендіктен,
Шынымды айтсам: ешкімге қимаймын мен!
* * *
Менің соңғы махаббатым сен бе едің,
Жүректегі жұлдызымдай сөнбедің.
«Қолыңды бер, ұмыттырам өткенді»,
Деді біреу, тыңдамадым, сенбедім.
Бір жігіттің жанарынан жиі ұшқын
Көрдім-дағы қарамауға тырыстым.
Бар еркімді әкеттің бе, сенен соң
Неге ешкімді ұнатпауға тиіспін?
Сені ойламай өткізсем бір кеш, түнді,
Жаңғырыққан сенің даусың естілді.
Мені сендей сүйетүғын жігіт бар,
Мен езіңдей сүйе алмадым ешкімді.
Сөйтсе екен деп боларсың ба қарғаған,
Көк орманға шақырып тұр арман-ән.
Басқалармен қайдан бара қояйын,
Сонша сүйген сенімен де бармағам.
Ен, ажарлы жігітке де ермедім,
Өзіңді ойлап кездеріңе шөлдедім.
Көзіңді ойлап сөздеріңе шөлдедім,
Менің соңғы махаббатым сен бе едің?!
* * *
Шын сағыныш бар екен көздеріңде,
Дір-дір етіп кідірді сөз де еріңде.
Міне осылай әрдайым қарсы аласың
Алыс кетіп оралған кездерімде.
Мені бұлай қарсы алсын .қай туысым,
Достардың да түрлі сөз айтуы шын.
Сапарларға шығамын жат ортада
Қадіріңді сезініп қайту үшін.
Босағандай құлындар желілерден,
Тарқатылды шашымның өрімі өрген,
Рахмет тағдырға, көп жүк артып,
Көтерісіп жүрсін деп сені берген.
* * *
Жаңбыр жауып шықты ғой түніменен,
Жазылмады — сен жоқсын, — бүгін өлең.
Келе жатсаң — жаңбырға қарамай-ақ
Жалаңаяқ алдыңнан жүгірер ем.
Өз ішімде — күткенім, сағынғаным,
Кешіккенің осынша не қылғаның?!
Көшкен елдің жұртындай құлазысаң,
Түсінеді екенсің өмір мәнін.
Жалғыз өзім бір үйде, бүгін өлең
Келмей қойды, үрейлі шыныменен.
Ойлап шықтым өзіңді, балаларды,
Жауып тұрды жаңбыр да түніменен.
* * *
Жап-жаспыз әлі біз баламыз,
Жарасып орманға барамыз.
Талантты суреттер ілінген
Табиғат музейі—даламыз.
Барамыз орманға екеуміз,
Орманда болмаймыз бөтен біз.
Жүреміз жүгіріп балаша
Қалдырып ғажайып мекенге із.
Арманды тізгіндеп ұстар кім,
Алдағы күндерге құштармын.
Тыңдаймыз ештеңе түсінбей
Әуезді әндерін құстардың.
Әдемі даланын орманы,
Құс әні —
сияқты соңғы әні.
Бақыт жоқ өмірде,
Бақыт тек —
қолымның қолыңда болғаны

Автор: nurgul95 | 369 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Өкпе өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Өкпе, күләш ахметова Өкпе өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Өкпе, Өлең: Күләш Ахметова (Өкпе) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке