» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин) на казахском языке
Үнің кетпес құлақтан —
Ағыны күшті бұлақтан,
Тау суындай тасқыны
Талқандап құзды құлатқан.
Өрісі кең өрлеген
Түбі терең мұхиттан,
Ағыны жылдам сынаптан,
Жер жүзіне тараған,
Аузына әлем қараған,
Қара қылды қақ жарып,
Жылағанды жұбатқан,
Солтүстік пен оңтүстік,
Батыс, шығыс — әлемде
Балдан тәтті сөзіңнің
Дәмін алған ұнатқан, —
Үнің мәңгі өшпейтін
Адамзаттың алыбы —
Батыры сенсің — Ленин!
Жанарың жанған жайдары,
Күн нұрындай жайнаған,
Мұз жүректі жылытып,
Түнекті түре айдаған,
Арамтамақ жауыздың,
Патша, қанды ауыздық
Ақылынан тандырып, і
Қанды қолын байлаған,
Еңбекші халық ұлына,
Тізгін беріп қолына —
Бахытқа көшін бастаған,
Күреске күшін сайлаған.
Өсиетің — сөнбес күн,
Күш-қуаты миллион мың,
Жауға қарсы шапқанда
Жігері қозып қайнаған,
Бастаушысы тірегі,
Ақылы сенсің — Ленин!
Мұхиттай болып шалқыған,
Әлемнен асқан кең дана,
Тұманды түріп, көк сөгіп,
Туғызған таңды сен ғана.
Біліміңмен мың жыққан,
Нұрыңнан балқып күн шыққан.
Ақиқатқа жол сала,
Езілген елді шақырып,
Көтерген соңғы майданға,
Сезімге салып ой, сана.
Күң мен құлдар бас қосып,
Ұранға ұран ұласып,
Адамды сорған айуанға
Аттанғанда ту ала,
Миллионның жүрегі —
Жақыны сенсің — Ленин!
Сенің жаққан жарығың,
Бастаған барлық майданда,
Адам ұлы бас қосып,
Аттанғанда арманға;
Енбекші ұлы испанның
Жауына ойран салғанда,
Қалың қытай солдаты
Басты байлап өлімге,
Жауына қарсы барғанда,
Қаһармандар қарысып,
Адамзаттың дұшпаны —
Фашизммен алысып,
Жауға ойран салғанда,
Жауды алқымнан алғанда,
Фашизмнің тұтқыны
Түрмеде жатқан мың сан ер,
Сазара күтіп атар таң,
Күнде ертеңмен талғанда,
Күреске түзеп салатын
Қуаты, күші, жігері —
Тірегі сенсін — Ленин!
Сенің үлгі, өрнегің
Миллиондаған жүректе,
Кең бахытқа талпынған
Санада, салтта, тілекте.
Фабрик, завод, қалада,
Колхозды, гүлді далада,
Белсенген балғын білекте.
Жер танабын қуырған,
Тау қоймасын суырған
Адамзат асқан ерлікте,
Арыстан асқан жүректе,
Төсіне ерлер қадаған
Ардақты алтын орденде,
Жарқыраған көкіректе,
Еңбектің, істің, бахыттың
Өнегесі, үлгісі, —
Жүрегі сенсің — Ленин!
Жолың сенің өлмейді,
Балқып шығып текті нұр,
Күрес, тартыс ордасы
Өмірге берген шырай, шыр.
Күшіңмен сенің жанады
Жайнаған оты электр.
Сәулеңмен сенің жарқырап,
Асылдар нелер төккен түр.
Нұрыңмен сенің гүлденген
Жайқалған жеміс ой мен қыр.
Атыңа сенің үн қосып,
Ел шырқайды ән мен жыр.
Тетігі сенің қозғауың
Техника мен өнерде
Ағытқан бүгін терең сыр.
Сен орнатқан мәңгі бақ.
Біз жайлаған шаттық шақ
Мүддесі адам сансыз жыл
Сенің бізге тастаған,
Мәңгі баққа бастаған,
Адамзаттың атасы,
Асқан дана ақылды —
Ұстазым ол — Сталин!

Автор: nurgul95 | 132 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Ленин өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Ленин, жамбыл жабаев Ленин өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Ленин, Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке