» » » Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен) казакша Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен) на казахском языке
Дүңк, дүңк еткен катерлер
Дүрсіл қаққан жүрек пе?
Тіршілікті әкелер
Мынау шалғай түбекке.
Күн ұзаққа кей-кейде
Бірі өтпейді-ау тұсыңнан.
Тарылады кең кеуде
Айрылғандай туысыңнан.
Анау алыс жағалау
Жат кісідей үндемес.
Бұ жақта жоқ шағала,
Көктен-дағы тіл келмес.
Жалаңаяқ серілер,
Жалтақ-жалтақ қараймыз.
Тілеп алған серуен,
Елегзиміз қалай біз!
Сонда сонау мүйістен
Шығар қайық ойнақтап,
Бір жасаймыз біз іштен,
Қолымызды бұлғап қап.
Бейне тірлік көші кеп,
Беймазалық тарайды,
«Адам деген осы!» - деп
Тағы да Алтай қарайды

Автор: nurgul95 | 143 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ғафу қайырбеков Дүңк дүңк еткен өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Дүңк дүңк еткен, ғафу қайырбеков Дүңк дүңк еткен өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша ғафу қайырбеков өлеңдері гафу каирбеков олендери гафу каирбеков стихи на казахском Дүңк дүңк еткен, Өлең: Ғафу Қайырбеков (Дүңк дүңк еткен) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке