» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана) на казахском языке
Өлік сақтар қаланың қақпасының алдында,
Шудан қашып, мекерсіп, кілт тоқтадым бардым да.
Өліп қалған жезөкше бір әйелді әкелді,
Керегі жоқ ешкімге дене жатты алдымда.
Дымқыл кірпіш еденге әкелді де, тастады,
Ешкім іздеп келмеді, ешкім хабарласпады.
Әйел заты — қасиет, қасиетте жанарым,
Денесінен көз алмай, қайта-қайта қарадым,
Бір кездегі сымбатты,
ынтық-ыстық жиһазды үй,
Қайта-қайта қаратып, жанарды ұрлап барады.
Құлаққа ұрған танадай,
тыныштық мені бұрмады,
Өліктің күлімсі иісі,
құбырдан аққан су дағы,
Ғажайып үйге қараймын,
бәрін де қойып қиналмай,
Әдемі, әсем, мына бір
ойраны шыққан үй қандай!
Мәңгі өлмейтін алып үй,
бұрын-соңды болмаған,
Салынған мың сан сарайлар
осыған орнын қиғандай,
Біздің Капитолия күмбезі көкке өрлеген,
Немесе ескі ғимараттар бұл үйге тең келмеген.
Бәрінен үлкен осы бір,
кішкентай мекен, кішкене үй,
Бақытсыз әрі тым өжет,
шаңырағы түскен үй!
Әрі ару, әрі үрей — осы бір үй қаусаған,
Әрі жанның тұрағы, әрі өзі жан соған.
Меншігі емес ешкімнің,
жұрттың бәрі қашқан үй.
Дірілдеген ернімнен
демімді алшы шаршаған,
Тамып кеткен жасымды
саған бердім, ал саған!..
Саған,
Шаңырағы шарт сынып,
ойраны мүлде шыққан үй,
Күнә, ессіз құмарлық,
алапат ажал бұққан үй,
Бір кезде думан,
өмірді өз қойнына тыққан үй.
Жарлы үй,
жарлылық өмірін жыққан үй.
Айлар, жылдар сыңғырап,
әшекеймен өткен үй,
Өлім дейтін сапарға
мәңгілікке кеткен үй

Автор: nurgul95 | 106 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қалалық зиратхана өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қалалық зиратхана, мұқағали мақатаев Қалалық зиратхана өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Қалалық зиратхана, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке