Мұқағали Мақатаев (Әулие)

 Мұқағали Мақатаев (Әулие)

Сілелеп, құртып мұршаны,
Саят қып тауда жүргенде.
Сая ғып қалың шыршаны,
Кетіппін ұйықтап бірдемде.
Оянсам бірде әлденіп,
Жамбастан көктің сызы өтіп,
Аққудай аппақ шал келіп,
Тұр екен мені күзетіп.
Көзіме сенбей таңданам,
Өңім бе, әлде түсім бе?!
Қайдан жүр мына шал-бабам?!
Иесіз таудың ішінде.
Сәлем де бере алмадым,
Өзінше сөйлеп тұр бабам.
Қылығын айтып жандардың
Байлығын таудың ұрлаған.
- Сен-дағы қару қолға алдың.
Атарсың таудың киігін...
Бірақта, байғұс орманның,
Басарсың қайтіп күйігін?!
Ормансыз тауың жетімек,
He керек тақыр өркеші.
Барады, балам, сетінеп,
Орманның жасыл көрпесі.
Киіктер безген бұл жерден,
Іздеме, балам, таппайсың...
Асқасын мынау бір дөңнен,
Үйге кеп дәм-тұз татқайсың.
Көлеңке маған түсірген,
Көк шырша сергіп, таранды.
Әулие дедім ішімнен,
Бел асып кеткен бабамды...
Алдында құлдық ұрып, ақталмаймын,
Астында аяғыңның тапталмаймын.
Біраз күн сені есімнен шығарды рас,
Жаныма батқан дертім, батқан қайғым.
He күйде жүргенімді көресің бе?
Мен сөніп баратырмын, сенесің бе?
Қай майданнан оралған жауынгермін,
Жарадан сау-тамтық жоқ денесінде.
Басымды бұлт алған бүгінде сен.
Жүрекке ине қадап, бүлінбе сен!
Әлсіреп, әзер жанған шырақпын мен,
Сөнемін де қаламын бір үрлесең

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі