![]() |
|
![]() |
Төлеген Айбергенов (Шараңа суың сыймастан)

Шараңа суың сыймастан.
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.
Сілкіле құлай жаздатып,
Толқыныңмен қағып өт.
Жіберші мені маздатып.
Кеудеме жалын жағып от.
Бойыңда туған балаңмын,
Аяма, теңіз, барыңды.
Арманын тындап даламның
Алайын сенен бар үнді.
Жандардың мынау көңілді
Кемесін, теңіз, тербей біл.
Тербеліп жатқан өмірді,
Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.
Сілкіле құлай жаздатып,
Толқыныңмен қағып өт.
Жіберші мені маздатып.
Кеудеме жалын жағып от.
Бойыңда туған балаңмын,
Аяма, теңіз, барыңды.
Арманын тындап даламның
Алайын сенен бар үнді.
Жандардың мынау көңілді
Кемесін, теңіз, тербей біл.
Тербеліп жатқан өмірді,
Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: төлеген айбергенов өлеңдері, толеген айбергенов олендери на казахском языке, толеген айбергенов стихи, толеген айбергенов стихи на казахском языке, толеген айбергенов олендери, стихи толеген айбергенов на казахском языке, төлеген айбергенов Қазақша өлең, казакша олен толеген айбергенов, стихи толеген айбергенов на казахском языке, төлеген айбергенов казакша олен