Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Серіксіз бе едің, құрбыжан?..)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Серіксіз бе едің, құрбыжан?..) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Серіксіз бе едің, құрбыжан?..) на казахском языке


Сен әлі серіксіз бе едің,
Серіксіз бе едің,
Құрбыжан?
Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған.
Жападан-жалғыз,
Жауатын күндей тұнжырап,
Жүресің, құрбым,
He істеймін саған?
Қынжылам.
Жаңа жарылған,
Жауқазын едің көктемде
Жылысып жазың өткен бе?
Лапылдап тұрған,
Жалын едің ғой өрт-кеуде,
Тәйір алғырлар,
Танымай сені кеткен бе?!
Өмірде мына,
Тап болар талай тосын жай,
Өмір - өмір ғой,
Өмірдің заңы осындай.
Бірі -Батыста,
Бірі -Шығыста,
Жарқ етіп, сөнген жасындай,
Өтуі мүмкін, жақсы мен жақсы қосылмай.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Серіксіз бе едің құрбыжан өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Серіксіз бе едің құрбыжан, мұқағали мақатаев Серіксіз бе едің құрбыжан өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Серіксі, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Серіксіз бе едің, құрбыжан?..) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке