Қазақша өлең: Ұлы Абайға арнау

Қазақша өлең: Ұлы Абайға арнау казакша Қазақша өлең: Ұлы Абайға арнау на казахском языке


Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде,
МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне.
Жаныңа жақын Татьянаның хаттары,
Жырлаған қазақ - орыс жерінде.

Қара сөзің біз үшін үлгі емес пе?
Әуендерің құлаққа жақын емес пе?
Жүрекке жылы тиер ән - жырларың,
Қазағым, Ұлы Абайым, сен емес пе?

Қазақ десе, Абай түсер есіңе...

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдың биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, Абай туралы өлеңдер, ұлы Абайға арнау, абай туралы олен жолдары, абай құнанбаев туралы өлеңдер, абай туралы өлең шумақтары, стихи про абая кунанбаева на казахском, абайга арнау өлеңдер, абайга арнау такпак, Абай туралы өлеңдер, ұлы Абайға арнау, абай туралы олен жолдары, абай құнанбаев туралы өлеңдер, абай туралы өлең шумақтары, стихи про абая кунанбаева на казахском, абайга арнау өлеңдер, абайга арнау такпак, Қазақша өлең: Ұлы Абайға арнау қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке