Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек) » ZHARAR © 2016 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек) на казахском языке

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың - ашыған у, ойың - кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі - ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?
Наданға арам - ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін,
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Қызыл арай1, ақ күміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені - көппен дүрмек.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.
Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім теңгермек?
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.

1 - Арай (парсыша) - көркем, әдемі.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 14 191
Рейтинг:
(голосов: 9)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық қайғы ойладық ұйқы сергек), стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, , стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .