![]() |
|
![]() |
Ерлан Ахмет (Кел, мамыр, халқымды сүйіндір!)

Кел, мамыр, мейірлен, мамырлап,
күн нұры шашылсын жамырап.
Жібісін қара жер тегімнің
тарихын сіңірген тамырлап.
Хош келдің, мамырым, лағылдап,
жұртымның жанарын жалындат.
Жылғалап жылжыған суыңмен
тіршілік тынысын арындат.
Ойнатып көз ұшын сағымға,
мәз болып қараймыз мамырға.
Бәрі де ән салып кетеді,
бұлбұлдар сайраса бағында.
Жарғанда бұтақтар бүршігін,
сеземін жүрегім дүрсілін.
Аймаңдай жымыңдап түсінер,
айтпай-ақ сезімнің қыр-сырын.
Ынтымақ жарасқан шаңырақ
тұрады қарсы алып таңын ақ.
Береке бастауы, әманда,
татулық, достықтан табылад.
Табиғат үйлесіп тұрғанда,
махаббат билігін құрғанда,
сан алуан ұлттардың баласы
сыйласып жүреді бұл маңда.
Жан-жаққа көк шапан киіндір,
көкорай билесін биін бір.
Бірліктен, айырмай тірліктен,
кел, мамыр, халқымды сүйіндір!
күн нұры шашылсын жамырап.
Жібісін қара жер тегімнің
тарихын сіңірген тамырлап.
Хош келдің, мамырым, лағылдап,
жұртымның жанарын жалындат.
Жылғалап жылжыған суыңмен
тіршілік тынысын арындат.
Ойнатып көз ұшын сағымға,
мәз болып қараймыз мамырға.
Бәрі де ән салып кетеді,
бұлбұлдар сайраса бағында.
Жарғанда бұтақтар бүршігін,
сеземін жүрегім дүрсілін.
Аймаңдай жымыңдап түсінер,
айтпай-ақ сезімнің қыр-сырын.
Ынтымақ жарасқан шаңырақ
тұрады қарсы алып таңын ақ.
Береке бастауы, әманда,
татулық, достықтан табылад.
Табиғат үйлесіп тұрғанда,
махаббат билігін құрғанда,
сан алуан ұлттардың баласы
сыйласып жүреді бұл маңда.
Жан-жаққа көк шапан киіндір,
көкорай билесін биін бір.
Бірліктен, айырмай тірліктен,
кел, мамыр, халқымды сүйіндір!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: ерлан ахмет Кел мамыр халқымды сүйіндір өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Кел, мамыр, халқымды сүйіндір, Кел мамыр халқымды сүйіндір