Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Оқу) » ZHARAR © 2017 | сұлтанмахмұт торайғыров Оқу өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, Оқу




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Оқу)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Оқу) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Оқу) на казахском языке

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек кана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса баска елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.

Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,
Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек.
Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,
Байлығыңа иелік бермес күндеп.

Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек.
Өнермен техникалы жұмсап еңбек.
«А, құдай, өзі берден» түк шықпайды,
Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.

Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,
Бар мұқтажы адамның жерден өнбек.
Басқаға малайлыққа жеккен күшті
Жұмсасақ өзің үшін шындап терлеп.

Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,
Сонда ғана аларсың сен де теңдік.
Надандықтан екенін білесіз бе,
Көрінгенге болғаның семіз жемдік.

Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек,
Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,
Алты ауыз-азғын болсаң қоян жүрек.

Қажырлы ел жаннан арын артық көрмек,
Өнерге ұмтылатын аңсап-шөлдеп.
Қорғайды елін, жерін каныменен,
Болмайды жаннан қорқып басын имек.

Наданды әркім жейді нандай илеп,
Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп.
Өгей бала секілді тесік өкпе
Жалғанда теддік көрмей жаны күймек.

«Ел» дейтін адал басшы әзір сирек.
Көпшілігі табансыз, қорқақ күйрек.
Елі үшін құрбанға шалса разы
Кім бар еді ту ұстаған елін сүйреп?!

Төре көрсе жалаң бас шұлғып, билеп,
Бәйек боп әулиедей ізін сүймек.
Елге келсе, өтірік мақтанатын:
«Қорқайын ба, ұлыққа айттым сөйдеп».

Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.
Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 93
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, сұлтанмахмұт торайғыров Оқу өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Оқу, сұлтанмахмұт торайғыров Оқу өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, Оқу, Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Оқу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .