Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты
Өткізіл іп жатқан IPO шеңберінде « ҚазМұнайГаз » АҚ акцияларына тиімді ақша салу сылтауымен алаяқтар Play Market -тің ресми дүкенінде күмәнді қосымшаларды белсенді түрде жарнамалауда. App Store -да әзірге мұндай сервистер пайда бола қойған жоқ.
Fingramota kz мұқият болу қажеттілігін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін мұқият оқып шығу керектігін және жүктеуге ұсынылған мобильді қосымшалардың шығарылған күні мен рейтинг ін қарау керектігін еске салады.
Аңқау азаматтарды көбірек тарту үшін олар «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың атауы мен логотипін пайдаланады, ал қосымшаларға сипаттамада аз ғана күш салып жоғары, әрі кепілді табыс алуға уәде етеді. Бұл қосымшалар үкіметтің қолдауымен әзірленді-мыс деп сендіреді.
Алаяқтар IPO шеңберінде бағалы қағаздарға инвестиция салу жеңіл және әр инвестиция үлкен пайда әкеледі деп сендіреді. Дәлел ретінде олар жалған пікірлерді орналастырады.
Мына деректерге: қосымшаның шығарылған күніне, ол қаншалықты жиі жаңартылатынына, әзірлеушісі кім екендігіне, пікірлердің саны мен жарияланған күні және пайдаланушылардың аты-жөндеріне назар аударыңыз. Қосымша сіздің деректеріңізді қалайша және қандай жолмен жинайтыны, өңдейтіні және әзірлеушіге беретіні туралы ақпарат маңызды болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?