Қазақстанның ең танымал продюсерлерінің тізімі жасалды » ZHARAR © 2016 | Қазақстанның ең танымал продюсерлерінің тізімі жасалды, Қазақстан, ең танымал, продюсер, тізім, жасалды




  • »

Қазақстанның ең танымал продюсерлерінің тізімі жасалды

Қазақстанның ең танымал продюсерлерінің тізімі жасалды казакша Қазақстанның ең танымал продюсерлерінің тізімі жасалды на казахском языке

Егер қазір Қазақстандағы шоу-бизнесті "арба" дейтін болсақ, осы арбаны алға сүйретіндер – продюсерлер. Ендеше еліміздегі танымал деген продюсерлерді түгендеп көрелік.

Танымал деген продюсерлердің ондығын таяуда qaznews.kz сайты жариялаған болатын.

1. Баян Есентаева — "Кеш Ю" тобы, Айлан, Айгүл Иманбаева және тағы да басқа әншілердің продюсері, "Саз әлемі", "Қазақ аруы" жоба-байқауының ұйымдастырушысы. Ол 2012 жылы "Ғашық жүрек" атты екі сериялы фильм түсірілді, соңынан осы фильмді телесериал етіп шығарды.
Баян Есентаеваның "Ел арна" телеарнасында "Тракторшының махаббаты" телехикаясы көрсетілді. Таяуда Баянның "Абайлаңыз, сиыр" атты картинасы қазақстандық прокатқа шықты.

2. Қыдырәлі Болманов 1996 жылы "АБК" тобының негізін қалады және "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. Оның ең үздік жобасы "Ұлытау" этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Сондай-ақ Рахат Тұрлыхановқа "Бангор" тобына, Қарақатқа продюсерлік етті.

3. Ұлықпан Жолдасов "Каспий", "Заман", "Самал" және "Нами" топтарының негізін қалаушы. Ол өзінің балалары Болат Жолдасов пен Фарида Жолдасованың жеке шығармашылығына да демеу беріп отырады.

4. Гүлзира Үсенқызы отандық шоу-бизнесте ойып тұрып орын алған Қайрат Нұртастың продюсері. Бүгінде Қайраттың 100-ге жуық әні бар, жақында "КН" журналы да жарыққа шықты. "Қайрат түшкірсе де хит" дегендей оның әндерінің бәрі дерлік хитке айналып жатады. Таяуда "Өкініш" атты фильмін де көрермендер назарына ұсынды.

5. Ерік Тастембековтің есімі тек Қазақстан ғана емес, Ресей шоу-бизнесінің өкілдеріне де етене таныс. Ол әнші Мақпал Исабекованы өз шығармашылық жобасы ретінде тек Қазақстанға ғана емес, Ресейдің шоу-бизнесіне де араластыра білді. Ол "101" және "Текила", "Гильдия" тобының продюсері.

6. Алуа Қонарова продюсерлік ететін "Ринго" тобы ТМД елдері арасындағы "Новая Волна" байқауына қатысты. Сондай-ақ таяуда ол "Аюми" қыздар тобын құрды.

7. Ерғали Әбдірайымов қазақ тыңдармандарының сүйіктілеріне айналған "Жігіттер" квартетін қалыптастырды. Ерғали Әбдірайымовтың өзге де танымал шығармашылық жобалары – Асқар Жүнісбеков, "Жалын" топтары.

8. Сәбит Әбдіхалықов. Ол Айгүл Иманбаева мен жұбайы Алтынай Жорабаеваның басын қосып, "Тату-тәтті" тобын құрып, біраз елді таңғалдырды. Сәбит Әбдіхалықов одан өзге "Қазығұртфильм" төл киностудиясында бес фильм түсірді. Қайрат Әлімгерей және Талғат Жорабаев деген өнерлі жігіттердің продюсері.

9. Нұржан Қожабеков, "Сәт" триосының продюсері. Азат, Тұрар, Сапарбай деген зағип жігіттерден тұратын бұл топтың әзірге 22 әні жазылған.. Сонымен қатар, Нұржан "Раян", "Серпіліс", "Нұрай", "Еркеле" топтарына продюсерлік етеді.

10. Ренат Гайсин продюсерлік еткен "The Magic of Nomads" тобы қазақы дәстүрлі әндерді заманауи жанрға айналдыру арқылы ерекшеленеді. Жекелеген әншілерден Нұрлан Абдуллин, Айгүл Бабаева, Ғазиза және Асылбек Еңсепов те музыка жаздыруда Ренатқа жүгінеді екен.

11. Майра Ілиясова продюсер ретінде көптеген жас әншілердің, топтардың танылуына мұрындық болып жүр. Сондай-ақ ол "Сағындырған әндер-ай", "Жан анам" т.б жобаларды, қайырымдылық концерттерін ұйымдастырумен ерекшеленеді.

Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 4 413
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .