Есімдер мағынасы

Әрбір ата-ана өмірге келген сәбиге әдемі, көркем есім таңдауға тырысады. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Жанғали

Жанғали есімінің мағынасы - иран және араб тілдерінен алынған ғали сияқты батыл, өжет адам.

Есімдер мағынасы
Толық

Зере

Зере есімінің мағынасы – қазақтың төл есімі. Көбіне қыз балаға қойылады. Көне түркі тілінде іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиімді және де кіреукенің кеуде мен арқа жақтарына темір не болат тақташалар қосылып өрілетін сауытты осылай атайтын болған. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қойылатын есім.

Есімдер мағынасы
Толық

Фатима

Фатима есімінің мағынасы – араб тілінде «емшектен шығарылған» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың қызына қойылған делінеді.

Есімдер мағынасы
Толық

Мариям

Мариям есімінің мағынасы — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы.

Есімдер мағынасы
Толық

Зара

Зара есімінің мағынасы - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

Есімдер мағынасы
Толық

Лаура

Лаура есімнің мағынасы - "лавр"ағашы,жәй ғана лавр ағашы емес ол "даңқ"(символом славы) атағы.Сондықтан , латын атауы мағынасында аударғанда « лавр осьті » және « ЖЕҢІМПАЗ . »деген мағына береді.Лаура бұл есімдер католигтердің есімі.Қысқаша айтылуы Лора, Лори, Лалли, Лаурина, Лара, Рина.

Есімдер мағынасы
Толық

Нұрдана

Нұрдана есімінің мағынасы - қазақтың сөзі нұр - нұрлану, шуағын шашу + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.

Есімдер мағынасы
Толық

Жансая

Жансая есімінің мағынасы -  жаныма сая, көңіліме пана болсын деген ниетпен қояды

Есімдер мағынасы
Толық

Дина

Дина есімінің мағынасы -  иранша мейрімді, əдемі деген сөзді ескереді. Иман келтіруші, сенген ,көзі жеткен, деген мағына береді

Есімдер мағынасы
Толық