Ғ дыбысы мен әрпі

 Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың Ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Жұмбақ
Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)

Жаңылтпаш
Ағабай ағасын,
Ағатай ағасын!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.

Сергіту сәті:
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық
- Екінші буын қай дыбыстан басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ
дыбысының таңбасымен
- Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге
қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін жазамыз.
Сергіту сәті
Біз жаздық, біз жаздық,
Қолымыз шаршады.
Ақырын демалып
Қайтадан жазамыз.

“Ғарышқа ұшу” ойыны
Әріптерді еске түсіру

Ребус шешу:
Ж+ =
Шешуі: (Сандық, жаға, таға)
Ойын: “Сөйлемді толықтыру”
1. Өзімнен үлкен бауырым......
2. Қыз құлағындағы әшекей.............
3. Атам ат...............

"Кім тапқыр" Сөз жұмбақ
1. Тамақтың дәмін келтіреді
2. Үй құстары
3. Бүгін қандай әріппен таныстық?
4. Қасиетті тағам.

Сергіту жаттығуы:
Дыбыстарды ажырата білеміз бе?
Б, С, Ж, З, Қ, Е, К, Т, Ш, П,.....
Сабақты қорытындылау
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Қандай сөздерде Ғ дыбысы бар екен?
Үйге тапсырма
Ө дыбысы мен әрпін оқу .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі