Санамақтар

 Санамақтар

Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше. Сондықтан да «Ұлттық ойын»- тәрбиеші деуге де болады. Соның ішіндегі бір бөлігі санамақ. Санамақтар бірнеше түрге бөлінеді.
1. Саусақ санамақ.
2. Сан санамақ
3. Ұлттық санамақ
4. Күн санамақ
5. Тағы да басқа
тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақтар. Мысалы солардың бірнешеуін сіздерге көрсетеміз.

1. Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ
1. Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармагым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.

2. Мен базарға бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.

3. Ойын ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.

4. Тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақ
Бір ауыз сөз,
Екі айтпайтын адам,
Үш қайтара сәлем,
Төрт түлік мал,
Бес уақ намаз,
Алты алаш,
Жеті қабат жер асты,
Сегіз қырлы жігіт,
Тоғыз торау жол,
Он сақа ой.

5. Жаңа санамақ
Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш — тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз — асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.

Саусақ санау ойыны

(Халық өлеңі)
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?