Қазақша мақал - мәтел: Пендешілік, күнәхарлық, пенделік » ZHARAR © 2017 | Пендешілік туралы мақал-мәтелдер, күнәхарлық туралы мақал-мәтелдер, пенделик туралы макал-мателдер казакша, кунахарлык туралы макал-мателдер казакша, пословицы на казахском о рабстве




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Пендешілік, күнәхарлық, пенделік

Қазақша мақал - мәтел: Пендешілік, күнәхарлық, пенделік казакша Қазақша мақал - мәтел: Пендешілік, күнәхарлық, пенделік на казахском языке

Түйе қараған мылжың,
Қатыны өлген мылжың.

Екі мылжың кездессе, әңгіме ұзарады,
Екі тентек кездессе, шеке қызарады.

Төрешілдің ертеңі таусылмайды,
Мылжыңның «ертеңгісі» таусылмайды.

Қайғы қан аздырады,
Мылжың ми тоздырады.

Езбе мырыңдап жеңеді.

Жасыңда қылжаң болсаң,
Өскенде мылжың боласың.

Аз сөз — алтын, көп сөз - көмір.

Көп сөйлеген көптен айырылар.

Көп сөз есекке жүк.

Күніне мың сөйлеген адам өледі.

Көп сөз - бос сөз.

Ауыз өзімдікі деп сөйлей берме.

Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды.

Аузымен астау шапқан,
Қолымен жаңқа жара алмас.

Мылжың үндемесе, басы ауырады.

Сөзшеңді үндемеген жеңеді.

Аузына келгенді сөйлеу,
Ақымақтың ісі.
Алдына келгенді жеу,
Хайуанның ісі.

Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.

Көзі көктің былшылдаған сөзі көп.

Сөзі көп те, мәні жоқ,
Сабаны көп те, дәні жоқ.

Көп сөйлеген не жолдасынан,
Не құрдасынан айырылады.

Аңғал сөйлеп аспа,
Жолын білмей қашпа.

Сөзге батыр, іске пақыр.

Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.

Аузы көжедей қайнайды.

Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойғыза алмады.

Әншейінде ауыз жаппас,
«Айт!» дегенде жағын ашпас.

Қолымен қоян соққан,
Аузымен орақ орады.

Көп қыдырған - кезбе,
Көп сөйлеген - езбе.

Өз үйінде ою оймаған
Кісі үйінде сызу сызады.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 207
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, Пендешілік туралы мақал-мәтелдер, күнәхарлық туралы мақал-мәтелдер, пенделік туралы мақал-мәтелдер, пендешилик туралы макал-мателдер казакша, пенделик туралы макал-мателдер казакша, кунахарлык туралы макал-мателдер казакша, пословицы на казахском о рабстве, пословицы на казахском о зависимой положении, Пендешілік туралы мақал-мәтелдер, күнәхарлық туралы мақал-мәтелдер, пенделік туралы мақал-мәтелдер, пендешилик туралы макал-мателдер казакша, пенделик туралы макал-мателдер казакша, кунахарлык туралы макал-мателдер казакша, пословицы на казахском о рабс, Қазақша мақал - мәтел: Пендешілік, күнәхарлық, пенделік макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .