» » » Курстық жұмыс: Экономика | ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ

Курстық жұмыс: Экономика | ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ

Курстық жұмыс: Экономика | ШЕТЕЛ  ИНВЕСТОРЛАРЫ казакша Курстық жұмыс: Экономика | ШЕТЕЛ  ИНВЕСТОРЛАРЫ на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................................................................................3
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА............................................8
1.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы..................................................................8
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері..........................13
ІІ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ БАР ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............30
2.1 Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу........................................................30
2.2 Шет ел инвестицияларының ұлттық-құқықтық реттелуі......................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................46

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы - территориясының көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым және үлкендігі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Кеңес үкіметінің қазба байлықтарының 60 % -ын иемдене отырып 8,7 триллион доллардан асып түсетін көмірдің, мұнай мен газдың мол қорынан, металдардан және минералдан пайда тауып қалуды көздейтін әлемнің көптеген мемлекеттері компанияларының назарын өзіне аударды.
Шығыс пен Батыс арасындағы сауданың тиімді жолы болып табылатын Ежелгі Ұлы Жібек жолының тынысында орналасқан Қазақстанның Азия жолбарыстары мен Шығыс Еуропа прогрессивті демократиялық елдерінің арасындағы нағыз интеграция орталығына айналмақ.
Осындай мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, Қазақстан көптеген қиыншылықтарды басынан өткеруге мәжбүр болды. КСРО құлдырауы Қазақстанда орталықтандырылған бағдарлаушы жүйенің құлауына, инфляция деңгейінің өлшеусіз өсуіне және ескірген өндіруші құралдарды қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қоса Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясы мен әлсіз заңшығару базасына байланысты проблемаларға кезікті.
Алайда жоғарыда айтылған қиыншылықтарға қарамастан, реформалау саласындағы жаңашылдықтар бүкіл әлем тарапынан қолдау тапты: Қазақстандағы Қор Биржасының ашылуы және нарықтықтық өзгерістер мен сыртқы қаржы ықпалының арқасында экономиканың тез арада қалыптасуын сыншылар назардан тыс қалдырған жоқ. Әрине әр елдің саяси және әлеуметтік әлеуетінің жоғарылығы тұрақты экономикаға байланысты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан–2030 халыққа жолдауында елдің экономикалық дамуының негізі ретінде, шет ел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімді басымдылықтардың бірі деп баса айтқан. “Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларының неғұрлым бәтуәгер режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз”
Халықаралық Қайтақұру және Даму банкі, Әлемдік Банк, Азия Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Қоры тәрізді ұйымдардың қайтарымсыз және төменпайызды жаңа қомақы көлемде кредиттер ұынуы және Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының толассыз ағылуы халықаралық қаржы әлемінің Қазақстан экономикасына сенім артатындығын көрсетеді. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты 2005 жылы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян ақиқат” .
Еліміздің егемендік алуы қоғамымызда экономикалық-құқықтық қайта құрулармен ұштастырылады. Бұрынғы Кеңестік дәуірде қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға жүйелі бет бұрдық. Нарықтық экономиканың басты міндеті – еліміздің экономикасын жүйелі түрде қалыптастыру болып отыр. Сол қайта құрулардың бірі инвестицияларға қатысты мәселелерді реттеуші заңдардың болуы.
Шетел инвестицияларын құқықтық реттеудің екі тәсілі бар: ішкі заңнама бойынша және халықаралық құқықтық реттеу.
Ішкі заңнама бойынша реттеу ұлттық құқықтық жүйенің дәстүрлі салаларының нормалары мен институттарын қолдануға негізделген (әкімшілік, азаматтық және т.б). Мемлекеттердің көбісінде шет ел инвестицияларына қатысты заңдар жинағы қолданылады, яғни инвестиция туралы заңдар.
Шет ел инвестицияларын халықаралық құқықтық реттеу шет ел инвестицияларымен байланысты қатынастарды реттейтін арнайы мемлекетаралық келісімдерден құралады. Халықаралық келісімдер екіжақты және көпжақты болып бөлінеді.
Мәселенің өзектілігі. Бүгінгі күні инвестициялық қатынастарды реттеу және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелерінің өзектілігі артуда. Кез-келген мемлекет экономикасының тұрақты дамуы қолайлы инвестициялық климат құруға және инвестицияларды тиімді әрі рационалды пайдалануға бағытталған біртұтас және таразыланған инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осы орайда шетел инвестицияларының маңыздылығы қаншалықты жоғары болғанына қарамастан ұлттық (отандық) инвестицияларға немқұрайдылық танытуға болмайды.
Шетел және ұлттық инвестициялары құқықтық режимдерінің арасындағы айырмашылықты жою жолындағы алғашқы қадам 1997 жылы 28 ақпанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау болды. Себебі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тікелей инвестициялар туралы арнайы заңнамасы қалыптаса бастады; екіншіден, Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы өз дамуының жаңа сапалы сатысына көтерілді. Оған негізгі үш фактор әсер етті:
1. отандық инвестициялар шетелдік инвестициялармен теңестірілді (бұл ереже инвестицияық қызмет туралы заңмен көзделсе де, өзінің декларативтілігіне байланысты іс жүзінде қолданыста болмады);
2. экономиканың маңызды секторларында жүзеге асырылып жатқан инвестицияларға мемлекеттік қолдауқажеттігі заң жүзінде бекітілді;
3. мемлекет экономикасының тиімділігін арттыру және экономикалық өсім мақсатында дамыту және инвестицияларды тарту қажет экономиканың маңызды салалары анықталды.
Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының құқықтық ретелуі. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей мәселелер қойылған:
– Инвестициялық заңнаманың пайда болу тарихы мен Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнаманың даму кезеңдері;
– Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының құқықтық реттелуінің жалпы мазмұны.
– Шетел инвестицияларын халықаралық құқықтық реттеу.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.
– Қазақстан Республикасында қолданыста болған барлық инвестиция туралы заңдарға салыстырмалы сараптама;
– Инвестициялық заңнаманың ел экономикасына әсері.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА
1.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы
Еліміз бен шет елдердің инвестициялық заңнамасының дамуының негізгі тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын анықтау үшін оның пайда болуы және жеке дара заң саласы ретінде қалыптасу тарихын зерттеу қажет.
“ИНВЕСТИЦИЯ” ұғымы VIII ғасырдың басында пайда болды. Алғашында ол тек пайда табу үшін қолданылатын еркін ақша құралы болып есептелді. Бұл кезеңде шотланд инвесторлары болашақта баю мақсатында америка батысындағы фермерлік жерлерді сатып ала отырып, сол кезде қарапайым және дамушы Америка нарығына капитал сала бастады. Алғашқы инвестициялық компаниялар жабық типтегі қорлар болды. 1822 жылы Бельгия королі Вильям І Брюссельде тіркелген тұңғыш инвестициялық траст құрды. Оның негізгі қызметі шет мемлекеттерге займдар бөлу негізінде инвестицияны жүзеге асыруға рұқсат беру. ХІХ ғасырдың 80-жылдары мұндай трасттар Шотландия мен Англияда пайда болды. Ең алғашқы жабық типті қорлардың бірі 1868 жылы Лондонда құрылған Шетелдік және колониялды инвестициялық траст [1]. Алғашқыда инвестициялық трасттар бай отбасылармен құрылды. ХІХ ғасырда онда тағайындалған сенімді тұлғалар сол отбасылардың мүлкін басқарған. Кейінен инвестициялық қатынастардың ары қарай дамуы мақсатында акциялары ашық саудаға шыққан, инвестициялауға қатысушы инвесторлардың санының көбейуіне өз ықпалын тигізуші компанияларға айнала бастады.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыруды реттейтін алғашқы арнайы заңнамалық актілердің бірі 1940 жылғы АҚШ-та қабылданған “Инвестициялық компаниялар туралы” Заң және “Инвестициялар бойынша кеңесшілер туралы” заңдар. Алғашқы заң инвестициялық компаниялардың акцияларын сатып алушы инвесторларды қорғауға бағытталған, ал екіншісі инвесторлар қаржыны салу варианттарын кәсіби зерттеу үшін жалдаған инвестиция бойынша кеңесшілер тарапынан қиянат жасаудан инвесторларды қорғайды [2]. Алайда бұл екі заңда шын мәнінде көмекші актілер болып табылады, ал АҚШ инвестициялық заңнамасының негізін 1933 жылғы “Құнды қағаздар туралы” және 1934 жылғы “Қор биржасы туралы” заңдар құрайды. Көптеген дамыған елдердің инвестициялық заңнамасының құрамына құнды қағаздар туралы заңдар кіреді, себебі басқа объектілеге қарағанда құнды қағаздарға инвестициялар кеңінен тараған (бұлар реалды активтер деп аталады) [3]. Тарихи тұрғыдан қарағанда да ең алдымен құнды қағаздарды инвестициялау заң негізінде бекітілген.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттердің интеграцияға ұмтылыс тенденциясы күшее түсті. Социалистік мемлекеттердің құрылуына байланысты, аясында экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық дамыған екі негізгі мемлекеттер блогі пайда болады. Бүкіләлемдік Банк тобына жататын Халықаралық қайта құру және даму банкі, Экономикалық дамудың халықаралық қауымдастығы,...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 10 | 15.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар
Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы инвестициялық мәселелері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы инвестициялық мәселелері
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Респулликасының  кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Респулликасының кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметі
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялық жобаларды статистикалық зерттеу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялық жобаларды статистикалық зерттеу
Курстық жұмыс: Экономика | Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы валюта жүйесін реттеу және бақылау саясаты
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы валюта жүйесін реттеу және бақылау саясаты

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: Экономика | ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін