Тарих | Үйсіндердің этникасы

 Тарих | Үйсіндердің этникасы

Мазмұны
І. Кіріспе. ................................................................................................. 3
ІІ. Негізгі бөлім
І-тарау Үйсіндердің этникасы.
1.1. Үйсіндердің шығу тегі. ........................................................................... 4
1.2. Үйсіндердің іргелі ел болып қалыптасуы. ............................................ 9
1.3. Үйсін елінің екіге бөлінуі. ...................................................................... 18
ІІ-тарау
2.1. Үйсіндердің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары. ..................................................... 23
2.2. Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті. ................................ 26
2.3. Үйсіндердің ғұндармен соғысы. ............................................................. 28
ІІІ. Қорытынды. ............................................................................................... 32
ІV. Пайдаланылған сілтемелер. ..................................................................... 33
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .......................................................... 34

Кіріспе
Б.з.б І-ғасырдың аяғында Қазақстан даласында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақ пайда болды. Олар: үйсіндер қаңлылар.
Мал шаруашылығы үйсін тайпаларының өмірінде маңызды рөл атқарды. Олар әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді .үйсіндердің мекен еткен ортасы – Іле даласы мен Жетісу жері. Үйсін билеушісінің титулы гуньмо (күнбегі). Үйсін тайпаларында жерге жеке меншік болды. Жеке меншік болғандығының белгісі олар өздеріне тиісті заттарға жолдарға таңба салған. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді.
Үйсіндерде қайтыс болған адамның қолы қапталына созылып басы батысқа қаратып жатқызылған.
Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Тайпа адамдары жаратушы күшке сеніп оларға арнап құрбандықтар шалған. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туысқандық қарым-қатынаста болған.
Қаңлы ғұндармен жайылым сауда жолы үшін соғысқан. үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тапаларының бірі бүгінде ұлы жүз құрамындағы ру.
І-тарау Үйсіндердің этникасы.
1.1. Үйсіндердің шығу тегі.
Үйсін ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.
ә) Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және қазақ қауымының негізгі тұлғасы мен ұйтқысы боландығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы деректер осыдан екі мың. жыл бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамаларда кездеседі. Қазақ шежіресі бойынша: қазақтың ұл баласының бірі Бекарыс (кейбірінде Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда: Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (орта жүз), кіші ұлы Алшын (кіші жүз) делінеді.
19-ғасырдағы орыс ғалымы Н.Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан шежіреші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректері бойынша: «Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз; бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал, (абақ), жансақал (тарақ); абақтан қараша; қарашадан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды».
Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде, Үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда: «Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр (қатаған шанышқылы), мекірейлі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді». Бұдан құлдағанда баққараша — байдібек. Байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ шежіресіндегі үйсіннің түп атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы ханзуша деректердегі үйсін елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.
Қазіргі қазақ ішіндегі үйсіндердің тайпасының таңбалары; ( ) (ту) және ( ) (ағын су) формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысының арғы тегі мен өсіп-өрбу жағдайын баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер — қазақтың ұлы жүзін құрайтын үлкен ұлыс. Еліміздің қазақтары ішінде албан, суан, жалайыр, шанышқылы тағы басқа тайпалар осы ұлы жүз – үйсіннен тарайды.
«Үйсін деген ат ұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттары да да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба деректерде үйсінді «усұн» деп жазған. Қазақтар мен маңғолдар бұрын Шиху ауданын «Қару-сұн» деп атаған.
Қазіргі Манас-сауан аудандарының аралығындағы «Алу-сұн» деген өзен бар. Толы ауданында «Сарығусұн» деген өзен бару Демек, «Қар сұн»—қара усұн- (қара үйсін), «алусұн» — алусун (алғы үйсін), сарығусун — сарығусұн (сары үйсін) деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте заманда бұл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.
Әйгілі ғалым Е. С.Малов: үйсін деген ел атының 8-ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде барлығын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы ) туыс екенін айтады.
Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар заманымыздан бұрынғы 1 – 2-ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік өңірінде өкімет билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен байланысын және бірлігін күшейтуде, «ұлы жібек жолын» ашуда және қорғауда маңызды рөл атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып көркейтуде елеулі үлес қосқан.
Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі «Хан патшалығы тарихы, Дауан шежіресінде» кездеседі. Бұдан соң «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде», «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы баяндалады.
Үйсіндер Іле алқабына қоныс аударудан бұрын Дұнхуаң мен Чилан (Шулен) тауы аралығын (қазіргі Хыши аңғарын мекен етіп, көшпелі өмірін өткізген, бұл кезде олар «һұндердің батыс жағындағы шағын ел еді». Нанымды тарихы деректердің дәлелдеуіне қарағанда: ол кезде үйсіндердің Нәнді би (Нанды би) атты көсемі болған. Осы Нәнді би ел билеген заманда, үйсін ұлысы өз маңындағы күшті көршілерінің шапқыншылығына тап болады, Нәнді би жау қолынан қаза табады. Ер өліп, Ертіс бұзылып, құтты мекен қонысын: жау басып алған үйсін елі телім-теелім боп тентіреп ауыр апатқа ұшырайды. Нәнді бй жау қолынан қаза тапқанда, оның баласы Леж би (Елжау би, Күнби) жаңа туған бала еді. Оны әкесінің туысы Боже Оңқа деген адам алып қашып һұндерге барады. һұндердің чаниұйы (тәңір құты) бұл баланы асырап, ер жеткізеді.
Осы Хыши аңғарындағы үйсін ұлысын ойрандап, Нән биді өлтіргендердің кім екендігі жөнінде «Тарихи жазбалар» мен «Хан патшалығы тарихында», бірі-біріне қайшы екі түрлі дерек бар.
«Тарихи жазбалар. Дауан шежіресінде» Жан Чиан былай дейді: «һұндерден естуімізге қарағанда, үйсіндердің ханы «күнму» (күнби) деп аталады екен. Күнмудың әкесі (Нәнді би) һұндердің батыс жағындағы шағын елді билеген. Осы кезде һұндер оларға шабуыл жасап Күнмудың (Елжау бидің) әкесін өлтіреді. Жаңа туған нәресте бала күнму иен далада қалады. Бұл баланы құстар ет тасып беріп, көкбөрі емізіп асырайды. һұн тәңірқұты оның киелі бала» -деп біліп әкеліп асырап ер жеткізеді. Ол есейіп ер жеткен соң шеру тартып, жорықтарға аттанып, жеңістрге жетіп, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. Ақырында һұн тәңірқұт (Чанұй) әкесінің орнына күнму (күнби) етіп бытыран елін жинап, билігін береді, сонымен бірге батыс өңірдегі қалаларды қорғау міндетін тапсырады».
«Хан патшалығы тарихы. Жаң Чиан өмірбаяны» рауында былай делінеді: патша хан Удий) ЖаңЧианнан Дашаның мән-жайын сұрағанда, ол мынаны айтты: «Менің "һұндерден естуімше, үйсіндердің ханы «күнму» (күнби деп аталады екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дұнхуаң аралығындағы ұлы иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің билеушісі екен. Ұлы иозылар Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып халқы босып һұн еліне барып паналаған. Осы кезде жаңа туған жас бала күнмуды әкесінің туысы Боже Оңқа қалың шөптің арасына апарып тастап кеткен. Ашығып жатқан жас нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстары ет әкеліп беріп асырап жүрген. Оны көрген һұндар баланы «кие» деп біліп, еліне апарған, һұн тәңірқұты асырап ер жеткізген».
Жоғарыдағы екі кітаптың деререгі бір-біріне қайшы. «Тарихи жазбаларда: Нәнді биді һұндер өлтірген деп «Хан патшалығы тарихында»: Нәнді биді ұлы иозылер өлтіргген дейді. Бұл мәселе жөнінде тарихшылар арасында талас бар. Бірсыпыра тарихшылар үйсінді ойрандаған ұлы иозылер еді десе, кейбір тарихшылар үйсіндерді қиратқан һұндер болатын деседі. Біз үйсін елін, шауып, Нәнді биді өлтірген ұлы иозылер, деген пікірді дұрыс деп құптаймыз. Оның дәлелі мынадай:
1. «Тарихи жазбалар» бұрын жазылған, «Хан патшалығының тарихы» кей жазылған. Пан Чау «Хан патшалығының тарихын» құрастырып жазар алдында бұдан бұрын жазылған «Тарихи жазбалардан» басқа кітаптардан пайдаланған. Осы барыста «Тарихи жазбалардың» тарихы жинаққа үйлеспейтін жерлеріне өзгеріс; енгізіп түзеткен, бұл түзету өз кезінде нанымды фактілер негізінде жасалған.
2. һұндердің күшені кейінгі кездері болды, алғашында һұндердің оң-солындағы көршілері күшті елдер еді. Олар чин дәуірі мен хан дәуірі аралығында «күшті дұңху гүлденген иозы» деген даңққа бөленіп отырған болатын. Ұлы иозылер һұндердің батыс жағындағы ірі мемлекет еді. Моте (батыр) хан тамша шығудаң бұрын ұлы иозылер ордасына кепілге (аманатқа) қойылған болатын. Үйсіндер ол кезде ұлы иозылермен аралас отырған шағын ел еді. Мұндай жағдайда, һұндердің ұлы иозылерді баса-көктеп келіп үйсіндерді шауып, Нәнді биді өлтіріп, жерін басып алуы оңай-оспақ іс емес.
3. «Тарихи жазбалар» мен «Хан патшалығы тарихының» екеуі де үйсін елі ойрандалып, Нәнді би жау қолынан қаза тапқан кезде; оның баласы Елжау би- (күнму) жаңа туған бала екенін бір ауыздан анықтайды. Шұй Сұң «Хан патшалығы тарихындағы батыс өңір шежіресіне қосымша» атты еңбегінде «Күнмудың (Елжау бидің) туылған уақыты Мотенің ұлы иозылерді талқандауынан бұрын болатын», дейді. Демек күнму Елжау би туған кезде һұндердің күш-қуаты ол өмірге жеткен жоқ. Бұл тұста Хыши тілігіндегі күшті мемлекет ұлы иозылер - болатын. Іргелес отырған шағын ел үйсінді бас салып, батыстағы Нәнді Биді өлтірген болса, онда: Нәнді бидің баласы күнмуды (Елжау биді) бауырына салып, ардақтап асырмас еді. Оны әкесінің орнына күнби етіп, тозған елін құрап қолына беріп, батыс өңірдегі қалаларды мәңгі қорғау міндетін тапсырмас еді. Сондай-ақ үйсін күнбиі (Елжау би) ата кегін қайтару үішін ұлы иозылерге өшіге шабуыл жасамас еді. Жоғарыда айтылған жағдайлар мен тарихи фактілер үйсін елін шауып, Нәнді биді өлтірген һұндер емес, ұлы иозылер екенін дәллдейді.
1.2. Үйсіндердің іргелі ел болып қалыптасуы.
Һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. Һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді. Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарға шабуыл жасайды. Он мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. Һұндерге арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жиннап, елдің санатын қалпына, келтіруге ұмтылды. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді. Һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.
Б. ж. с. бұрынғы 177—176-жылдарда һұн тәңірқұты Моте бастаған һұн әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Мотенің орнына отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымызда бұрынғы 161-174-жылдарда) билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. «Лаушаң тәңірқұт ұлы иозы ханын өлтіріп бас сүйегін ішімдік ыдысы етеді. Ұлы иозылар қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқбына ауып келеді де, бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. «Хан патшалығы тариы. Жаң Чианның өмірбаяны» тарауында былай дейді: «һұндерден жеңілген ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл жасады. Сақтардың ханы оңтүстікке қашып кетті, ұлы иозылер олардың жеріне орналасты». Бұл дерек «Хан патшалығы, тарихы. Батыс өңір шежіресінде» де жазылған. Онда «ұлы ибзылер батысқа қарай ауып барып сақ хандығын талқандады, сақтардың ханы оңтүстікке қарай беттеп, Индияға қашып кетті. Ұлы, иозылер олардың жерін жаулап алды» дейді.
Ұлы иозылерден ата тегін қайтаруды есіне берік сақтаған үйсін күнмун Елжау би ұлы иозылерге жорық жасауға бел байлайды «Әкесінің кегін алуға аттанам деп һұн тәңірқұтына өтініш етеді». Ол һұн тәңірқұты Лаушаң Жанұйдың қолдауымен самсаған қалың қолды бастап батысқа қарай шеру.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі