Әлеуметтану | МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

 Әлеуметтану | МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................4
1 бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰРМЫСҚА БЕЙІМДЕЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.1 Кемтар балаларға әлеуметтік тәрбие беру......................................................8
1.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан жасалатын көмектер.........................................9
1.3 Естімейтін балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз етудегі негізгі жұмыстар, бағыттар.........................10
1.4 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеуде жанұяның рөлі мен міндеттері.....................11
2 бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ
2.1 Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік – тұрмыстық бағдар беру….16
2.2 Әлеуметтік – тұрмысқа бейімдеудің жаңарған мақсаттары……………...20
2.3 Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау – бұл арнайы түзету сабақтары……22
2.4 ӘТБ сабақтарындағы оқыту түрлері мен әдістері……………………….23
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………......…………..…25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...…28

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.
2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған.
Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. Заңда көрсетілген негізгі бағыттар бойынша қолдау шаралары мүмкіндіктері шектелген, даму процестерінде әртүрлі дәрежедегі ауытқулары бар балалар үшін қамқорлық болып саналады.
Қоғамдық әлеуметтік нормалар мен ережелерді балалардың игеруі әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені белсенді игеруінің нәтижесі мен барысы, отбасындағы, арнайы балабақшалар, арнайы мектептердегі, еңбек ұжымындағы іс-әрекеттер мен қатынастар арқылы жүзеге асады, қоғам өміріндегі әртүрлі жағдайда еріктен тыс әсерлер арқылы және де жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу жағдайында қалыптасады.
Бүгінгі таңда экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлардың әсер етуінің салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбеюде. Мемлекет осындай балаларға көп мән беріп, назар аударуда.
Зерттеудің өзектілігі, маңыздылығы - арнайы білім беру мекемелерінде интелектуалдық проблемалары және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу.
Менің тақырыбымның маңыздылығы осы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік бағдар беріп, тұрмыстық – жағдайға бейімдеу. Қоршаған ортаға, тұрмысқа бейімдеу барысында өзін-өзі тануы және жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы. Соңғы кезде зерттеулер арнайы педагогиканың теориялық жағдайына және әдістемелік нұсқауларға сүйендім.
Халықтың негізгі бөлігінің тіршілік деңгейінің әруақытта төмендеуінен, экономикалық жағдайға адамның бейімделу процесі қиындайды. Осыған байланысты арнайы мектеп жағдайында оқушыларды тиімді экономикалық және жан-жақты бағытталған даярлық қажеттілігі туындайды. Балада әлеуметтік - тұрмыстық білім және біліктілігінің қалыптасуы эпизодтық іс-шара болып қана көрінбей, алдымен өзінің мақсаты, сосын әртүрлі бекіту және іс-тәжірибеде жиі пайдалануы, жұмыстың бағытталған жүйесін, іс -әрекетінің дұрыс қалыптасуы бала үшін қажет. Бұл жерде баланың нақты шешімдерді оның өміріне қажетті әлеуметтік-тұрмыстық білім және біліктілігі бала өміріне бағытталуы тиіс. Бұл біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындап береді.
Зерттеу болжамы: Егерде, есту қабілеті және интелекті бұзылған баланы әлеуметтік – тұрмысқа бейімдеу жұмысы жүйелі түрде жоспарланып, жақсы ұйымдасқан түрде жүргізілсе, бала оны өз санасымен сезініп, өз бетінше дұрыс, тиімді орындай білсе, онда әлеуметтік – тұрмыстық бейімдеу жұмысы нәтижелі болады.
Зерттеу мақсаты :
1. Әр балаға қажетті білім қорын жинақтап, дағдысын және біліктілігін, мектеп бітірген соң, жеке өмір бастауға сенімділігін арттырып, бейімделуіне дағдыландыру;
2. Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тез ауысуынан жалпы жағдай талаптарына сай ӘТБ-ң білім мазмұнын жақындату;
3. Әртүрлі өмір шығармашылығымен байланысты тәжірибелік біліктілігін қалыптастыру;
4. Экономикалық білім элементтерін және адамның ішкі жан дүниесін оқуға қатысты бағдарлама мазмұнын өңдеу.
Балаларды қалыптастыруда мақсатқа жету үшін келесі негізгі талаптарды шешуіміз керек:
- тұрмыстық еңбек жайлы білімі және біліктілігі (жеке тазалығы, тамақты ұйымдастыруы, тұрғын үй күтімі, киім, аяқ-киім, және басқа да қажетті заттар);
- түрлі мекемелердің қызметін пайдалана білуі (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет, медициналық көмек, көлік;)
- экономикалық – тұрмыстық біліктілік;
- өз демалысын ұйымдастыра білуі;
- қарым-қатынас жасау біліктілігі;
- түрлі адамдармен мәдени қарым-қатынас жөнінен біліктілігі және түсінігі (таныс және бейтаныс, үлкендермен және кішілермен, ұстаздармен, қатарларымен және т.б.) қажетті тәжірибе жинақтауы;
- жоғары адамгершілік сезімі және айналасындағыларға дұрыс көңіл - күй қатынасы;
- өз күші мен қабілетіне сенімділігі, ерік жігері;
Әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау мүмкіндігі шектеулі баланы жеке өмірге, жалпы даму денгейін көтеруге бағытталған.
Зерттеу объектісі: біздің алға қойған мақсатымыз есту қабілеті және интелекті бұзылған балаларға әлеуметтік бағдар беріп, оларды тұрмысқа бейімдеу және де негізгі мақсатқа жетуде келесі мәселелерді шешеміз.
Зерттеу пәні: педагогикалық процестің деңгейі, педагогикалық әсер ету әдістері, мазмұны, педагогтың, тәрбиеленушінің шығармашылығының іске асу жолдары, педагогикалық жағдай, педагогикалық талаптар мінезі, педагогикалық әрекет.
Зерттеу жаңалығы: Осы жұмыста ұсынылған әдістемелік нұсқаулар баланың бастапқыда алған негіздері оны (баланы) ары қарай дамуына көмектеседі. Баланың жеке дамуы әртүрлі мүмкіндіктерді өзіне ұстай отырып, процесте, нәтижеде бір бағытта болмағанымен, бірақ осылардың бәрі бір және соңғы күйге алып келеді. Адам туылғаннан белгілі бір деңгейге дейін, бүкіл өмір бойы дамып отырады.
Балаларда біліктілікті қалыптастыру мазмұнының жайылма сараптауы, ол педагогикалық жұмысты жоспарлау нақтылығын қамтиды, сондай-ақ педагогикалық диагностика, балалардың әлеуметтік – тұрмыстық білімі мен біліктілік динамикасын мақсатты бақылауын меңгеру болып табылады. Осы мақсатта ӘТБ сабағының барысында әлеуметтік даму картасы енгізілген. Әр баланың мүмкіндігіне сену, оқудың оң нәтижесін қою педагогикалық оңтайландыру қағидасының негізін құраушы болуы керек;
Мектепті бітірер кезде ақыл-ой және физикалық даму мәселелерін балаларда шеше отырып, даярлауды ұйымдастыру, оларды әлеуметтік –тұрмысқа бағдарлау –бұл үлкен өмір жолының басы болып саналады. Жас адамдарда өмірдің кез-келген сәттеріне деген қызығушылығын дамыту қажеттілігі, яғни кейбіреулермен кездесуге тура келетін және кейбіреуін шешуге тура келеді, ал бұл белгілі бір білім және біліктілік қорымен жабдықтандырусыз мүмкін емес және де әлеуметтегі алғашқы табысты ықпалдасу үшін қажет.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету
1.1 Кемтар балаларға әлеуметтік тәрбие беру
Әртүрлі кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдан келгенше қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай етіп дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Іс - әрекет әр адамның негізгі әлеуметтік қызметі, сондықтан дефектология ғылымының жан-жақты зерттеулері мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның мәнділігін және ережелерін саналы түрде меңгерулеріне, өмір жағдайы мен қарапайым еңбек түрлеріне баулуларына, қоршаған ортаға бейімделулеріне септігін тигізеді.
Есте болатын жәйт, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту, түзету және тәрбиелеу әдістері мезгілімен дұрыс қолданылса, олардың биологиялық кемістіктерінің салдары азаяды.
Тәрбиелеу және оқыта отырып – жетілдіру, дамыту сипатын алуы қажет, сонда ғана мүмкіндігі шектеулі балалардың потенциалды мүмкіндіктерін, әрекеттерін қалыптастыруға болады. Өйткені, мүмкіндіктері шектелген балалар өз бетінше ешнәрсе істей алмайды, ал мұғалімнің тәрбиешінің көмегімен жобаланған жұмыстардың кейбіреуін, кейде көпшілігін іске асыра алады.
Арнайы мамандар Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жуық арада даму аймағын білу – мүмкіндігі шектеулі баланың жағдайына тән мүмкіншілігін ғана емес, оның психикалық даму персфективасын да анықтау қажет деп есептейді. Сондықтан оқыту процесі, жуық арадағы даму аймағының жетілуіне жағдай жасауы қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшылығын қажет етпей-ақ, берілген тапсырмаларды өз бетімен шешуге талпынатын болады.
Бұл – оқыту мен дамытудың ішкі өзара байланысын құрастырады, сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған оқыту әдістері – психикалық әрекеттердің қалыптасуына сүйене отырып, даму процесін жетілдіреді. Сондықтан, еңбекке үйрету және тәрбиелеу арнайы дидактиканың негізгі мәселелері болып табылады. Арнайы мекемелерде еңбекке баулу ерекше маңызды, өйткені олар мүмкіндігі шектеулі балаларды тек өмір сүруге ғана үйретіп қоймайды сонымен қатар, кейбір қарапайым мамандықтарды игеруге де үйретеді.
Арнайы педагогикада тәрбиелеу процесі қиындатылған жағдайларында өтеді: тәрбиеленушілердің бұл кезде шектеулі мүмкіндіктеріне сүйене отырып, білім беру жүйесінде тәрбиелеу тапсырмаларын жалпы қабылданған түрлерін шешіп қана қоймай, сонымен қатар дамуында ауытқуы бар тұлғалардың әрбір категориясына қолданымды тәрбиелеуге ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз ету, біріншіліктің себебі бойынша және әлеуметтік, оның ішінде коммуникативтік, жүріс тұрыстық және өзгеде үрдістердің тұлғалық қасиеттерді дамытудағы кезекті ауытқулардың жоқ жерлерін қалыптастыру керек. Тәрбиелеу ісі осы баланың дамуының барлық ерекшеліктерін ескере отырып, педагог пен баланың, топтағы немесе сыныптағы балалардың бірлесу процесінде шектеулі түрде жеке жүзеге асады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін және жалпы арнайы педагогикада қабылданған тәрбиелеудің түрлерінің сыныптамасын ескере отырып, арнайы білім беруде түрлі дәрежеде және түрлі сәйкестілікте қолданылатын олардың топтарының үш түріне тоқталып өтеміз:
- ақпараттық әдістер (әңгімелесу, консультация жүргізу, жалпы ақпарат құралдарын пайдалану әдебиеттерді және өнерді қолданысқа алу, қоршаған өмірден, мысалы оның ішінде педагогтың жеке экскурсиялары, кездесулері).
- тәжірбиелік - әрекеттік әдістер-үйрету, жаттықтыру, тәрбиелеуші жағдайлар, ойын өткізу, қол еңбегі, бейнелеу және сурет салу өнері, дәстүрлік емес тәсілдер – арттерапия (өнер құралдары мен коррекциялық – педагогикалық көмек көрсету) және ипотерапия (ат үсті жүру әдістерімен коррекциялық – педагогикалық көмек көрсету).
- оятушылық - бағалаушылық әдістер (педагогикалық талап, марапаттау, сөгу, жазалау).
Оқыту әдістері секілді дамуында ауытқуы бар тұлғаларды әлеуметтік тәрбиелеу әдістері; біріншіден, өз таралуында ерекше сипатқа ие, екіншіден, өзара және қандайда бір білім беру технологиясына болашақта жиі түрде тұрғызылған әдістермен мақсатты сәйкестілікте пайдаланылады.
Жасөспірімдік және жастау кезде, мүмкіндігі шектеулі адамның тұлғалық дамуында коррекциялық – педагогикалық көмектің шынайы нәтижелерінің пайда болуымен, тәрбиеленушілердің интеллектуалдық және сөйлеу мүмкіндіктеріне сүйенетін, тәрбиелеудің ақпараттық және стимулдаушы әдістеріне ерекше орын беріледі.
1.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан жасалатын көмектер
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан-жылға артуда.
Осындай мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекетіміз қазіргі таңда айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы заңдарында айтылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты қарастырылған. Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі-бала психикасын даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі-кемістікті қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері деп атап көрсетіледі.
Қазіргі ғылым мен медицина дәуірлеген уақытта мүгедектерге едәуір жеңілдіктер жасалып отыр. Мүмкіндігі шектеулі адамдар білім алып, бала сүйіп, кейбірі түрлі спорт түрімен айналысып, жарыстарға қатысып, өзін де, өзгені де бойындағы өнерімен таң қалдыруда.
Бұл адамдар көбінде жұмысқа жарамсыз болу салдарынан, мемлекет оларды өз қарауына алып, оларға қамқорлық жасайды. Зейнетақы тағайындап, оны төлейді.
Мысалы есту қабілеті төмен, саңырауларға арналған мектептерде жыл сайын ыңғайлы, арнайы жаңа құрал-жабдықтар қолданылады, оларды қолдану әдістері жетілдіріледі.
1.3 Естімейтін балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз етудегі негізгі жұмыстар, бағыттар
Есіту мүмкіндігі шектеулі балаларды жарқын өмірге бейімдеп, тәрбиелеу үшін қажырлы еңбек пен ерінбей іздену қажет.
Есітпейтін баланы ортаға икемдеп, тәрбиелеп оқытып, санасын ояту оңай жұмыс емес.
Сыртқы әлем туралы мәліметтердің 98 пайызы көз арқылы берілетін болса, тек қана 2 пайызы, құлақтың еншісініе тиеді. Бірақ та бір-бірімізбен табиғи қатынас жасау арқылы алатын мәлімет ерекше маңызды. Демек жер бетінде ең үлкен байлық адамдардың бір-бірімен тілдесуі.
Саңырау мен таскереңдіктің ауыр түрін жеңуге бола ма? Оны толық көлемде жеңу мүмкін емес. Бірақ осы кеселге мойымай, құлақтары еститін адамдардай-ақ қоғамға пайда келтіре алатын толыққанды өмір сүру үшін күресу керек. Бұл кесел өте қиын, бірақ оны жеңуге болады.
Сөйлегенге дейінгі кезеңде негізгі мақсат баланы сөйлеуге үйретіп, ой-өрісінің одан әрі дамуына әсер ететін сөздік қорын қалыптастыру болып табылады.
Бала саңырау болып қалу жағдайына мектеп жасында тап болса, онда сөйлеу қабілеті қанағаттанарлық деңгейде ұзақ сақталуы, кей кездерде өмір бойы сақталуы мүмкін. Бірақ ақыл-есі мен ой-өрісінің дамуына сонымен қатар айналасындағылардың сөйлеген сөзіне, түсіну тәсілдеріне үйретуге көп көңіл бөлінуі керек.
Естімейтін оқушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру мәселесі бойынша сурдопедагогтар көптеген еңбектер арнаған. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуін қалыптастыру мәселесіне арнайы әдебиеттерге өте аз көңіл бөлінгендігін айта кеткен жөн. Дегенмен ересек және дайындық тобы мектепке дейінгі оқу процесінің соңғы кезеңі болып табылады.
Балалар оқу барысында сөйлеуге үйренген білімдерімен мектепке барады. Балалардың сөйлеу дағдысы неғұрлым мықты қалыптасса, оны одан әрі оқыту нәтижелі болады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептердің және жалпы білім беретін мектептердің алдында, оқушыларды жан-жақты білімге, еңбек етуге дайындау мақсаты тұр. Сонымен қатар есту қабілетінен айырылған балаларға арнайы мектеп естімейтін балаларды дұрыс еститіндер арасындағы өмірге, олармен қарым-қатынас жасауға дайындауы керек. Естімейтін балалардың сөздік қоры өте аз болғандықтан, сөздерді бұзып сөйлеу оларға тән қасиет болып шығады. Баланың есту қабілетінен ерте айырылуы оның сөйлеу қабілетінің мүлдем дамуына, немесе арнайы үйретілген жағдайда, баяу қалыптасуына әкеліп соғады. Осылардың бәрі естімейтін балалардың қоршаған ортаны тануына, олардың ойлау қабілетінің қалыптасуына, әлеуметтік бейімделу деңгейіне нақты әсерін тигізеді. Естімейтін баланы белсенді түрде араласатын нақты іс-әрекеттерге қатыстыру үшін, оларды қарым-қатынастың сенімді құралымен қаруландыру керек. Сондықтан арнайы еңбектің негізгі міндеттерінің бірі ауызша сөйлеуді қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар естімейтін баланың сөйлеуіне қол жеткізу өте маңызды, оның ауызша сөйлеуі қарым-қатынастың жеткілікті түрдегі сенімді құралы болып есептелмейді.
Сөйлеуге үйрету бойынша жеке сабақтар 20 минуттан жүргізіледі. Жиырма минуттық сабақ екіге бөлінеді: 10 минуты дыбыстануға,ал қалған 10 минуты есту қабілетін дамытуға арналады. Жеке сабақтың негізгі мақсаты-игеруге қиын тиетін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және түзету. Естімейтін оқушының есту қабілетін дамыту бойынша жұмыстың негізгі мазмұны оларды сөйлеуге берілген материалдарды есту, тану және ажыратуға үйретуден тұрады. Егер бала естуге берілген тапсырманы дұрыс орындайтын болса және өзінің айтқанын сауатты түрде құрастырып көрсетсе, онда мұғалім бағдарлама материалы дұрыс игерілді деп есептейді. Осылардың бәрі естімейтін балалардың қоршаған ортаны тануына, олардың ойлау қабілетінің қалыптасуына, әлеуметтік бейімделу денгейіне нақты әсерін тигізеді.
Естімейтін балаларға қазіргі заманға сай есту аппараттары қолданылып келеді. Алайда бұл аппараттар барлығына бірдей көмек бере алмайды. Жаңа технологияларды қолдана отырып көпканалды кохлеардың имплонтациясы дүниеге келтірілді.
К.И – ішкі құлаққа орнатылған электродтар құлақ нервісіне енгізіледі. Әлемде бірнеше мыңдаған адамдар мұндай протезді жасатты. Мұндай операциялар біздің елімізде де жасалып жатыр.
К.И - жас аралығы ол ең жас деген 1-2 жас аралығы, ең үлкен 70 жас аралығын қамтиды.
1.4 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып тәрбиелеуде жанұя рөлі мен міндеттері
Соңғы уақытта біздің қоғамымыз дамуында кемістіктері бар балалармен жас - өспірімдер мәселесіне бет бұрды. Олардың өмірлері бөлме өсімдіктері өмірлерімен пара-пар......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!