Қылмыстық құқық | Қылмыстық процеске қатысушылар

 Қылмыстық құқық | Қылмыстық  процеске  қатысушылар

Мазмұны
Кіріспе....................................................................4
I тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.....................5
1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі.....................................5
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі, мәні.........................................................10
1.3.Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері.....................................23
II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі...................................29
2.1. Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары.......................29
2.2. Мәжбүрлеу шараларының түрлері... ...............................................................34
2.3. Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыруда тұлғаға берілетін кепілдіктер.....................................45
ІІІ Тарау. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы . Олардың жіктелуі
3.1 Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы..................................................29
3.2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде.............................................33
3.3 Мемлекеттік айыптаушы ретіндегі прокурордың қылмыстық процестегі ролі.............................................................36
3.4 Тергеу бөлімінің бастығы және тергеуші....................................................40
3.5 Анықтау органы және анықтаушы..................................................................47
Қорытынды.................................................................................................................48
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................49

Кіріспе
Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектемейтіндіктен, олардың заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуші, нақты қатаң процессуалдық кепілдіктер керек. Біздің мемлекетте қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына, азаматтың құқықтары мен бостандығын аз шектеу арқылы қол жеткізу көзделген. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Жоғарыда айтып кеткенің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдеріне көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз. Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.
Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараны қолдануда, қылмыстық сот өндірісінің міндеттеріне жету мақсатында, заң нормаларында бекітілген жағдайларда конституциялық құқықтары мен бостандықтары шектеуді рұқсат етеді. Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу барысында, Ахпанов А.М., Петрухин И.Л., Коврига З.Ф., Зинатуллин З.З., Сәрсенбаев П.Е., Төлеубекова Б.Х., сияқты ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, негізгі ойлар тұжырымдалды.
I тарау. Қылмыстық- іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты.
1.1. Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық құрылымы.
Қоғам әлі қылмыстан арылған жоқ. Сондықтан ол қылмыспен күресетін қымбат мемлекеттік аппаратты ұстауға мәжбүр . Құқық қорғау органдарының қызметіне, куәгерлер, жапа шегушілер, аудармашылар, мамандар, сарапшылар және т.б. ретінде әртүрлі іс-жүргізу рөлдеріне көптеген азаматтар тартылады. Негізінде азаматтарды өндірістік жұмыстан, жеке істерінен, демалысынан қол үздірмеген абзал, бірақ мемлекет осылай істеуге мәжбүр, азаматтардың атсалусынсыз қылмыспен күресу мүмкін емес. Мемлекет азаматтардың қажетті іс-жүргізу міндеттемелерді орындауды талап ете отыра, олармен қылмыспен күресу ауыртпалығын бөліседі. Бұндағы қоғамның қылмыстан бос еместігі, азаматтардың қылмыстық сот жүргізуге қатысудың әлеуметтік қажеттілігінен бос еместігін және соған байланысты болатын ыңғайсыздық пен шығындарды көтеретіндігін көрсетеді. Бірақ бостандықтың танылған қажеттілік екені бесенеден белгілі емес пе?!
Қылмысты түбірімен жою қажеттігін түсінген және өзін қылмыстық – іс жүргізу құқықтық қатынастарының саласына еркін қосқан тұлға мәжбүрлеуді қажет етпей, еркін әрекет жасайды. Көріп отырғанымыздай бостандық пен мәжбүрлеу диалектикалық бірлікте: қылмыспен күресуге әлеуметтік тұлғыда мәжбүрленген адам, нақты іс бойынша қылмыстық соттың іс жүргізуге қатысқан кезде өз өнегелік позициясын таңдау бостандығын сақтай алады. Бұлай қатысу еркін /еркін бостандығы сақталады/ және мәжбүрлеуге /қоғамдық мүдделерге қарама-қарсы еркін жанышталады/ бөлінеді.
Айыпталушылар мен күмәнділер, оларға тағылған қылмысты жасарда ерік бостандығын сақтады, яғни іс-жүргізу сипатындағы мәжбүрлеу шараларын оларға қолдану, олардың белгілі бір мінезді таңдау бостандығының нәтижесі.
Қылмыстық сотты іс-жүргізуге қатысушылардың көпшілігі /айыпталушы мен күмәндіден басқасы/ қылмыстық іс жүргізу құқы нормаларын жүзеге асыру қажеттілігіне сенеді, сондықтан осы нормалардың шаралары көп жағдайда әрекет етпейді, кейбір іс жүргізу әрекетінің барысы тұлғаның негізгі құқықтарын шектеумен байланысты болған жағдайда да мәжбүрлеу қолданылмайды.
Қылмыстық процесте мінез-құлықтың бірнеше түрінің мүмкіндігі бар іс-жүргізу міндеттемесін еркін орындаудан мәжбүрлеуді қолдануға дейін. Бұл мүмкіндіктер ауыспалығы адам жауап беруге куәгер ретінде келерде пайда болады:
1) іс жөнінде бірдеңе белгілі тұлға өз еркімен, шақырусыз жауап беруге келді (азаматтың оянуы заң шығарушының еркімен үндесіп кетеді);
2) адам жауап алуға шақырылды, және еш қисақтамай келді (субъектінің еркі заң шығарушының мүддесіне қайшы емес);
3) тұлға жауап алуға шақырылған болатын; бұл шақыру белгілі бір себеппен оған қиын, оғаш көрінді, сондықтан себептер күресін туғызды; бірақ күмән сейіліп, тұлға жауап алуға бару туралы саналы шешім қабылдап, оны еркін түрде орындады;
4) өткендегі жағдай сияқты жауап алуға шақыру оған қажетсіз болып, себептер арпалысын туғызды, бірақ ол жауап алуға бару қажеттілігі туралы шешіммен аяқталды, бірақ бұл шешім шақыру қағазындағы мәжбүрлеп жеткізу және куәлік беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы қорқыту қысымымен қабылданған болатын яғни еріксіз, мәжбүрлік болады.
5) тұлға жауап алуға шақырылған болатын, бірақ ол саналы түрде шақыруға келген жоқ, сондықтан күштеп әкелуге мәжбүрлік туды.
Алғашқы үш жағдайда біз іс жүргізу міндеттемесін еркін орындау оқиғасын көрдік, кейде шешім күмәнсіз қабылдана бермейді, ол соңғы екі жағдайда міндеттеме психикалық немесе тәни мәжбүрлеу арқылы жүзеге асады.
Іс-шаралық міндеттемелерді орындау азаматты қызметтік істерінен қол үздіреді, жеке жоспарларына өзгертулер енгізеді ал кейде тұлғаның конституциялық құқын да шектейді. Сондықтан адамның қылмыстық процестік қатысуы туралы ішкі шешімі моралдік шиеленіс жағдайында қабылданады.
Жеке мүдде (отбасы, бос уақыт т.б) мүддесінің (қылмысты ашу, кінәліні жазалау, кінәсіздердің жапа шегуіне жол бермеу) біреуін таңдауға тура келеді. Әрине мұндай жағдайларда адамның ішкі шешіміне іс шара міндеттемесін орындаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеудің қолданылатыны әсер етпей қоймайды.
Негізінде процесс субъектісінің өз іс-шаралық міндеттемесін еркін құптай отыра орындау оқиғасы мен ол оны жауапкершіліктен қауіптену себепті істеу немесе мүлде істемеу оқиғасын бөліп қарауға болады. Бұл жерде өзінің құндылықтарға деген қатынасынды анықтау керек және олардың біреуін таңдау қажет. Бір адамға әделетті, қажетті, пайдалы болып көрінген басқаға әділетсіз, қажетсіз, пайдасыз боп көрінуі мүмкін. Осыдан бір адаммен құпталатын және басқамен мүлдем қолданбайтын іс шара міндеттемесіне деген қатынас туады.
Алғашқы сәтте түгел қылмыстық процесс мемлекеттік мәжбүрлеудің кең және интенсивті қолданылуы саласын пайда болдырады. Қылмыстық істерді жүргізу жіктелген лауазымды тұлғалар және мемлекет органдары дәлелдеме алу туралы, тінту жүргізу туралы, куәләндіру туралы басқа да іс шара әрекеттерін жүргізу туралы қылмысқа қатысты және оны жасағандар жөнінде мәліметтер алуға бағытталған талаптары арқылы азаматтарға үн қатады.
Қажетті жағдайларда айыптаушыға қатысты алдын ала қамау, қызыметінен шеттету, мүлкіне тыйым салу сияқты шекті шаралар қолданылады. Өзінің іс – шаралық міндеттемелерін бұзған тұлғалар айыпқа тартылады. Кейбір жағдайларда мәжбүрлеу процеске қатысушылардың құқын толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Сот ісін жүргізетін лауазымды тұлғалардың заңсыз және негізсіз іс-әрекеттері мен актілеріне қатысты сол актілерді тоқтату немесе өзгерту, істі тоқтату, кінәсізді ақтау, істі қайтару сияқты механизм жұмыс істейді.
Қылмыстық-іс жүргізу ғылымында қылмыстық-іс жүргізу арқылы
мәжбүрлеуге кейбір тергеулік іс-әрекеттер /алу, тінту, куәландыру, салыстырмалы түрде зерттеу үшін үлгілер алу, тұлғаны медициналық мекемеге жатқызу және т.б.с.с./ толығымен және тұтастай жатады деген пікір қалыптасқан. Әрине бұл іс шаралық әрекеттер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты /тұлғаның дербестігі, хат жазысу құпиясы,тұрғын-жайдың дербестігі, жеке өмірге құқы/. Көптеген жағдайларда көрсетілген шктеулер саналы өзіндік шектеулер болып табылады.
Мысалы, кейбір азаматтардың ұрланған заттарды қайтаруы олар алғанда оның ұрланғанын білмесе де. Көптеген куәгерлер мен жапа шегушілер еркін түрде және саналы түрде өздерін тергеушінің ырқына береді.
Олардың жақын туыстарын күмәндінің, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын шектейтін кейбір іс-шара әрекеттерін жүргізу осы тұлғаларға тиімді болса, іс-шаралық мәжбүрлеу шараларына жатқызуға болмайды. Мысалы айыпталушы мен олардың туыстары ұрланған затты сенімді жерге тығып қойса, өздерінің үйіне тінту жүгізілгенің қалайды, өйткені ұрланған заттың олардың үйінде болмауы, айыпталушыны ақтайтын дәлел ретінде қаралуы мүмкін.
Сонымен қоса ұстау және із кесу шарасын таңдау айыпталушы мен күмәндіге қатысты мәжбүрлеу шаралары болып табылады. Бұл жерде әңгіме, тұлғаның кінәсін мойындап келуінде, ол өзінің ұсталатының, жазаға тартылатындығын біліп саналы түрде келеді бұған оның қолымен істегенін мойнымен көтеру қағидасы әсер еткен. Мұндай мысалдар өмірде сирек кездеседі.
Екі түсініктің арасын ашып алған жөн: тектік – “қылмыстық процестегі мәжбүрлеу” және түрлік-”қылмыстық – іс жүргізу арқылы мәжбүрлеу” (бұл терминология белгілі бір шекте шартты). Бірінші түсінік (қылмыстық процестегі мәжбүрлеу) процесс субъектісіне әсер етудің барлық түрлерін қамтиды, нәтижесінде ол іс жүргізу міндеттемесін өз еркіне қайшы келсе де орындауға мәжбүр. Оған, субъектіге психикалық әсер етудің келесі шаралары қолданылады :
а) іс шаралық (кез келген іс шаралық міндеттемені мәжбүрлеп орындау немесе күштеп әкелу қаупі);
б) тәртіптік (мысалы, сарапшы сотқа, тергеушіге келіп қортынды жасаудан бас тартса, тәртіптік жазаға ұшырау қаупі);
в) қылмыстық-құқықтық (мысалы, куәгер мен жапа шегуші жауап берушіден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі);
г) азаматтық –құқтық (мысалы, соттың қарауға қатысушыдан, сотқа салмақты себепсіз келмегені үшін сот процесін кейінге жылжытуға байланысты туған шығындарды өндіріп алу қаупі);
д) қоғамдық (мысалы, ұятсыз қорғаушынықорғаушылар алқасының жалпы жиналысын салу).
Сонымен субъектіні онда жатқан іс жүргізу міндеттемесін ояту мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу, құқықтық тәртіпті қорғаудың материалдық-құқықтық құралдармен қоса құқықтық, қоғамдық әсер ету, психикалық қауіп тәни мәжбүрлеу сияқты қылмыстық-іс жүргізу құқығының арнайы құралдарының шегінен шығып кетеді. Осы кең мағынасындағы мәжбүрлеу шаралары кезең кезеңмен /бірінші шара арқылы психикалық қауіп ал егер де ол жеткіліксіз болса, тәни әсер ету/ қолданылады. Олар бір-бірін толықтырады (куәгерді әкелу және бір мезетте оны қылмыстық жауапкершілікке тарту).
«Қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеудің» қысқа түсінігі сот ісіне қатысушыларға әсер етудің қылмыстық-іс жүргізу мен оны қолданатын мемлекет органдары ие құралдарды ғана қамтиды.
Біріншіден, бұл қылмыстық іс жүргізу құқының нормасы арқылы оны қолдану кезінде психикалық әсер ету. Қылмыстық-іс жүргізу құқын қолдану актілері, процесс субъектілеріне мәжбүрлеу психикалық әсер етеді. Мысалы, із кесу шарасын таңдауда, куәландыру, тінту жүргізу жөнінде қаулы қабылдау психикалық әсер етеді. Мәжбүрлеу шаралары болып, сол актілердің өздері емес және солардың негізінде жүзеге асатын іс шаралық әрекеттер де емес ал сол актілердегі егерде субъект негізді құқықтық талаптарға теріс қараса қолданылуы мүмкін мазмұның қаупі табылады.
Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің әртүрлі, оған жүктелген іс-шаралық міндеттемелерді жүзеге асыруға жету мақсаты бар субъектіге тікелей тәни әсер ету болып табылады.
Үшіншіден, заңсыз және негізсіз іс-шаралық актілердің күшін жою-бұлда қылмыстық-іс жүргізу арқылы мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады.
1. Дәлелдеу саласы: қылмыстық соттың іс жүргізу субъектілерінің ашық қарсылығына да тілегіне де қайшы дәлелдерді табу мен тексеру жөніндегі тергеу және соттық іс-әрекеттер. Бұл жерде көрсетілген іс шаралық әрекеттер тізімі дәлелдер жинаудағы “іс шаралық мәжбүрлеу шараларына” қарағанда кең. Бірақ әрбір әрекет мәжбүрлі немесе ерікті болады. Іс шаралы әрекеттер өздігінен мәжбүрлеу шаралары емес, шегінде мәжбүрлеу міндетті емес құқық қолдану кешендері. Мысалға, мүрдені қайта ашуға, қарауға, тергеу сынағын жүргізуге біреу-міреу бөгет жасаса мәжбүрлеу боады. Іс шаралар әрекетінің қатысушылары өз міндеттемелерін мәжбүр түрде емес еркін атқарады. Мәжбүрлеу арқылы іс шаралық әрекетті жүргізу түріндегі шара жоғарыда көрсетілген тергеу және соттық әрекеттерге жалпы болып табылады.
2. Іс шаралық құқ қолданушы актілердің заңдылығын қамтамасыз ету саласы:
а) құқықтық қалпына келтіру шарасы – тергеушінің, прокурордың, соттың заңсыз актілерінің толықтай немесе жартылай күшін жою;
б) егер заң бұзылса, жеке (ерекше) ұйғарым (қаулы) шығару;
в) егерде заңды бұзса тергеуден анықтаушыны, тергеушіні шеттету;
3. Құққа қарсы мінез-құлыққа әсер ету саласы-қылмыстың іс шара заңын бұзған тұлғаларға басқа да процеске қатысушыларға қатысты айыптық шаралар (сот мәжілісі залында тәртіп бұзған куәгерге, маманға, аудармашыға ақшалай айып салу).
4. Тұлғаның құқына кепілдік беру саласы-процеске қатысушыны өзінің ісшаралық құқықтарын жүзеге асыруға мәжбүрлеу (кәмелетке толмағандар мен психикалық және тәни кемдіктері бар адамдарды мәжбүрлеп қорғау, аудармашыны жауап алушының тілегіне қарамау жауапқа тарту және т.б.с.с.). Құқықтық қорғау қызметі өзін үш негізгі қалыпта көрсетеді. Бұл заңдық жауапкершілік, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары және шекті шаралар. Мәжбүрлеу осы қалыптардың біреуінде болсын көрініс таба алады. Бірақта мәселенің былай шешілуі даусыз емес, өйткені заңгерлердің ішінде құқықтық тәртіптің осы қалыптарын түсінуде және олардың шекарасын анықтау үшін өлшемдер табуда салмақты келіспеушіліктер бар. Мәселені шешудің кілті-заңдық жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті қорғау шараларын нақты айқындап алуда.
Бір автордың айтуынша, заңдық жауапкершілік – бұл заңды бұзған, оған жүктелген құқықтық міндеттемені орындамаған адамға мемлекеттің тиісті органдарымен салынатын белгілі бір айып, жаза. Құқықтық қатынаста негізгі міндеттемені орындауға мәжбүрлік - бұл заңдық жауапкершілік емес, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары.
Басқа авторлардың пікірінше қосымша міндетті салмай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеудің әсермен құқықтық қатынаста міндеттемені орындаудың өзі заңдық жауапкершілікті білдіреді.
Жалпы құқықтық деңгейде мәжбүрлеу мен жауапкершілікті зерттейтін жоғарыда көрсетілген екі бағыт арасындағы теориялық қарама-қайшылық қылмыстық-іс жүргізу ғылымына қатысты салалық құқықтық зерттеулерге белгі қалдырады. Іс жүргізу жауапкершілігі мүлдем жоқ деген де пікір бар.
Біздің қылмыстық-іс-жүргізу жауапкершілігінің қолданылу аясы тым тар. Ең кең тараған іс-жүргізу міндеттемесі болып, субъектінің кінәлі мінез-құлқынан шықпайтыны табылады.
Мәжбүрлеу шараларының үшінші тобы-ұстау, із кесу шаралары, мүлікке тиым салу, айыпталушыны лауазымынан шеттету сияқты қылмыстық процеске қатысушылардың мемлекет тарапынан қолдау таппайтын әрекеттерін алдын алу және ескерту сияқты шекті шаралар.
Азаматтық құқықта жұмыс істейтін жауапкершілік шараларын қолданусыз міндеттемелерді мәжбүрлі орындаудың механизімінің қылмыстық-іс жүргізу құқының да баламасы бар. Белгілі бір іс жүргізу міндеттемесін орындаудан бас тартатын қылмыстық процестің қатысушылары оны орындауға мәжбүрленеді.
Жауапкершіліктің кінә үшін болатыны бесенеден белгілі.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылайық. Заңдық жауапкершілік процеске қатысушылар өздеріне жүктелген міндеттемелерді құққа қарсы орындамаса күшіне енеді, ізінше оларға айыптық сипаттағы материалдық-құқықтық немесе іс жүргізу шараларын қолданылады. Қылмыстық процесте екі түрлі (тұлғаның іс-жүргізу міндеттемелерін орындауы және заңсыз, негізсіз іс-жүргізу актілерінің күйін жою) құқты қалпына келтіру шарасын қолдану құқықтық қорғану шараларын пайдаланумен байланысты. Қылмыстық процесте қорғау шаралары мен шекті шаралардың үлесі көп.
1.2. Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі мәні.
Қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына мәжбүрлеу арқылы қол жеткізу мәселелері ең алдымен мемлекеттік мүддені жүзеге асыруды кепіл ететін көзқарастар тұрғысынан анықталады деген бірқатар көзқарастар бар. Бұл көзқарас құқық шеберінде, өйткені процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қызметтік ролі жазасының болмай қойылмайтындығын тығыз байланысты. Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттіе аппарат күшімен қамтамасыз етілген мәжбүрлеуге анықтама бере отырып көпшілік авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады . Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке, материалдық және моральдық шектерді қою арқылы фигуралық немесе психикалық ықпал ету болып табылады.
Бұл анықтамада мәжбүрлеудің басты мақсаты ретінде тек мемлекеттік мүдде ғана табылатыны айқын анықталады. Бірақта бұл анықтамада мәжбүрлеудің мәні толық көрініс таппайды, өйткені оның құқық реттеуші сипаты көлеңкеде қалып қояды. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Мәжбүрлеудің мәнінің бұндай түсініктемесі мәжбүрлеу шарасының мақсаты және құралды тағайындауды біріктіретін ғана мәні, негізгі қасиетін анықтауға мүмкіндік береді. Мақсатты тағайындалуы деп біз мемлекеттік мәжбүрлеу көмегімен шешілетін мақсаттардың жиынтығын түсінеміз. Ал мәжбүрлеудің құралды тағайындалуы, нақты міндеттерге жету мақсаттарындағы арнайы құралдары мен тәсілдері тандау мен пайдалануды сипаттайды.
Процессуалдық әдебиеттерде кейбір авторлар мәжбүрлеудің ұғымын анықтауға басқаша көзқарасты жүзеге асырады.
В.М.Корнуковтың пікірі бойынша, қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу, қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын тиісті орындау мен іс жүргізу қатысушыларымен өз міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге шақырылған, қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған мәжбүрлеу шараларының жиынтығы . Қылмыстық сот өндірісіндегі мәжбүрлеудің түсінігінің ұқсас тұжырымдамасы басқа да авторлардың еңбектерінде қолдану тапқан. З.Д.Енекеев қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасын “мемлекеттік мәжбүрлеудің құралдарының дефинициясы арқылы анықтайды және сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеуді тұлғаның мемлекеттік ұйғарымдарға бағынуы деп сипаттайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, процессуалдық мәжбүрлеудің мәнді ерекшеліктерін ”шаралардың жиынтығын, “құралдардың жиынтығын деген, онымен ұқсас дефинацияларда іздеу нәтижесіз болып табылады. Ол
процессуалды мәжбүрлеудің мәнін терең түсінуді қамтамасыз ете алмайды. З.Ф.Коврига ұсынған қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, қылмыстық іс жүргізушілік құралдарда көрініс табатын, мемлекеттік ықпал етудің әдісі ретіндегі анықтамасы қолдауға тұрады. Біздің ойымызға, бұл анықтаманы ең сәттілердің қатарына қосуға мүмкіндік беретін, барлық шарттардың өзінде де, егерде оны кейбір толықтырулар мен түзетулерді жасап қабылдаса, онда ол алдыңғы қатарға шығар еді. Егерде мәжбүрлеуді, оның қызметтік ролі тек қана қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының қайсы біреуіне тек бір ғана ықпал етуге әкеліп тіресе, онда біз оның қолдануының аумағын шындыққа сай келмейтін жасанда түрде маңызды шектейміз. Сондықтан да, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен объективті сипаттайтын, мәжбүрлеу психикалық немесе физикалық ықпал етудің мақсаттарынан басқа, қалыптасып отырған қатынастарды жалпы реттеу мақсаттарына олардың қоғамының бүкіл азаматтарының және бөлек әрқайсысының қызығушылықтары үшін реттеу мақсаттарына қызмет етеді.
Жоғарыда айтып кеткеннің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдерінде көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз.
Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Әңгіме сендіру әдісі туралы жүргізіліп отыр. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.
Оның философиялық тұрғылардағы құқық шектеуші бағыттылығын мәжбүрлеуді, мүмкінділік пен шындылық, еркінділік пен қажеттілік деген анықтамалардың ара байланысы мен ара келісуі арқылы қарастыруға, жеткілікті дәрежеге сәйкес келеді.
Философтар еркінділік пен танылған қажеттілігі негізіндегі, субъектілердің әрекеттерін түсінеді. Егерде қажеттілік әлі танылмаса, онда ол субъектінің ұмтылыстарымен қайшылыққа түседі.
Осы категориялардың ара қатынасы, қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің механизінің ішкі, субъективті жағын бейнелейді. Мүмкіндік пен шындылық категорияларында объективті бастама салынған, оған сәйкес субъектіге мінездің көп деген мүмкінді варианттарының ішінен, бірқатар жағдайларға байланысты, қоғамның, бүкіл объективті табиғи-тарихи үдірістің қызығушылықтарына жауап беретін, бір ғана анықталған түрі ұсынылады. Жағдайлар нақты әлеуметтік жүйені мінездейтін экономикалық, саяси-идеологиялық факторларға тәуелді болады. Мәжбүрлеу шарасының қылмыстық сот өндірісінің саласында кеңтаратылуы. Біріншіден, қылмыстылық сияқты, әлеуметтік құбылыспен белсенді күресінің қажеттілігіне байланысты......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?