Экономика | Өндірістік цехтарда ұйымдастырудың көлік шаруашылығында атқаратын ролі

 Экономика | Өндірістік цехтарда ұйымдастырудың көлік шаруашылығында атқаратын ролі

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Көлік ұғымы және оның құрамдас бөліктері
1. 1 Көліктің негізгі түрлерінің ерекшеліктері мен географиясын
талдау........................................................................................................................4
1. 2 Көлік кешенін талдау.......................................................................................9
2 Қазақстанда ұлттық көлік-коммуникация кешенін дамыту саласындағы маңызды міндеттер
2. 1 Көлік шаруашылығының дамушы елдерге тән
ең басты сипаты.....................................................................................................12
2. 2 Азияның дамушы елдерінің экономикалық - әлеуметтік
даму дәрежесі.........................................................................................................17
3 Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің
көлік шаруашылығын дамытудағы жасалған қадамдары
3. 1 Қазақстанның көлік шаруашылығының даму жағдайы.............................21
3. 2 Дамушы елдердің артта қалушылығын жою проблемасы.........................26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30


1 Көлік ұғымы және оның құрамдас бөліктері
1. 1 Көліктің негізгі түрлерінің ерекшеліктері мен географиясын
талдау
Көлік — экономиканың «Қан жүргізетін» жүйесі. Көліктін негізгі міндеті - елдің ішінде жөне оның аумағынан тыс жерлерде жүк пен жолаушы тасымал-дау. Қазакстан сияқты үлкен елде онын рөлі зор.
Көлік - экономиканың калыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атай-ды. Сондықтан, жоғары дамыған, тұракты жұмыс істейтін келік жүйесін қалыптастыру - елдін өсіп-өркендеуінін негізгі жағдайларынын бірі.
Келік 4 қурамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік кұралдары (автомобильдер, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, кұбырлар, өуе, теңіз), ұйымдар (авиациалдың, теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-түсіру пункттері (теңіз жөне «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол тек экономика саласы ғана емес, күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардын әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, өуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты оның жеке салаларға, немесе көлік турлеріне бөлінеді.
Көлік міндетіне карай қалай бөлінеді? Сіэдердің пікірлерікізше, жалпы пайдаланатын және өндіріс көліктерінің арасында қандай айырмашылық бар? Көліктер атқаратын жұмыстарына байланысты қандай болып келеді? Көліктің негізгі түрлерін атаңыздар. Онын жұмысын жақсарту үшін, жасалған катынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру кажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.
Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі калыптаскан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннін өр саласының енбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.
Құрлық көлігі - біздің «құрлықтық» елімізде - негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын бір тұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Козғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс кашықтыктардын ең.
Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ оның шешілмеген мөселелері де көп. Катынас жолдары жеткіліксіз. Олардын саласы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен козғалыс жылдамдығының төмен болуы, яғни, көлік «артерияларынын» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген көлік құралдары әлі колданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінін арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды. Келіктін артта қалуы көптеген өндіріс түрлерінің өсу қарқынын бәсеңдетеді.. Қазастанлағы көлік жолдары Онын жұмысын жаксарту үшін, жасалған катынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру кажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ыкпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын кыс-картып, тауар жеткізуді жылдамдатады.
Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі калыптаскан. Мысалы, авиация толығымен халықка, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жүмыс істейді. Кешеннін өр саласының енбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.
Көліктің негізгі түрлерінің ерекшеліктері мен географиясынә талдау жасаңыздар.
Құрлық көлігі - біздің «құрлықтық» елімізде - негізгі көлік түрі болын саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймактарын бір тұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау кұн Дүние жүзіндегі көліктің даму сипаты. Көлік қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең манызды саласы. Ол географиялық еңбек бөлінісінің негізі болып саналады. Көлік саласына 100 млн-ға жуық адам тартылған.
Жеке елдердегі көлік дамуының деңгейі мен сипаты көптеген факторларға тәуелді. Ол әкономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне, т.б. жағдайларға қатысты. Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседі.
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі. Дүние жүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әр түрлі. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және онда көліктің барлық түрлері кездеседі. Көлік жүйесінің жоғары деңгейде дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады. Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиеді. Батыс Еуропа елдеріне теміржолдағы жүк тасымалының 25%-ы, теңіз көлігімен құбыр көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі.
Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық кұрылымын көрсетеді. Мұндай жолдар көбіне елдің минералды шикізат ендіретін аймақтарымен байланыстырады. Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтар және портты қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады. Қазірдің өзінде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады. Дүниежүзілік "контейнерлік көпірлерді" теңіз көлігі, теміржол тізбегі мен автомобиль, теміржол комбинациялары қалыптастырады.
Теңіз және өзен көлігі. Дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып, теңіз көлігі саналады. Дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ы осы су көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды.
Дүниежүзілік теңіз сауда флотындағы кемелердің жалпы құрамының 1/3 бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің туы астында тіркелген. Оның 1/3-і Батыстың кеме жүзу компанияларына жатады (олар «ыңғайлы тулар» астында), 1/5-і дамушы елдерге, ал қалғандары постсоциалистік елдер үлесінде.
Дүниежүзілік теңіз сауда флотының жетекші елдері: Либерия, Панама, Жапония, Грекия, АҚШ, Кипр, Қытай. «Ыңғайлы тулар» астындағы елдер (Либерия, Панама, Сингапур, Кипр, т.б.) жүк тасымалының өзіндік күнінің 3 есеге жуық арзан тасиды.
Негізгі теңіз жолдары: Атлант, Тынық және Үнді мұхиттар. Тек Атлант мұхитына дүниежүзілік жүк тасымалының 50°/і-ға жуығы тиесілі. Бірақ кейінгі жылдары жүк тасымалы Тынық мұхитта да қарқынды дамып келеді (Жапония және Жаңа индустриялды елдер).
Теңіз жүк тасымалында бірінші орынды мұнай және мұнай өнімдері алады. Олардын үлесіне 1 млрд т жүк тасымалы тиеді. Ірі жүк ағыны Парсы шығанағында қалыптасады да, ол Батыс Еуропаға, Жапонияға, АҚПІ-қа бағытталады.
Сонымен қатар көмір тасу құрғақ жүктер арасында бірінші орынды алады.
Темір кенін теңіз көлігімен тасымалдау жылына 340 млн т-ға жетті. Оны негізгі экспорттаушы елдер — Бразилия және Австралия.
Дүние жүзі бойынша астық тасымалдауда теңіз көлігінің маңызы зор (жылына 250 млн т-ға жуық). Тасымалданған астық көлемінің жартысына жуығы дамушы елдерге жөнелтіледі. Дүниежүзілік ірі порттар (жүк айналымы бойынша): Сингапур, Роттердам (Нидерланд), Шанхай (Кытай), Нагоя, Йокогама, Тиба, Кобе (Жапония), т.б.
Батыс Еуропаның ірі порттары халықаралық маңызы бар "теңіз какпасы" болып саналады. Мысалы, дүние жүзіндегі ең ірі порттардың бірі Роттердам дүниежүзілік жүк айналымының 2/3-ін құраса, одан әрі ішкі өзендер (негізінен, Рейн өзенімен), каналдар аркылы кұрлыстың басқа да елдеріне тасымалданады.
Теңіз тасымалында бүғаздардың маңызы өте зор. Олар: Ла-Манш, Гибралтар, Малакка, Ормуз, Босфор және теніз каналдары (Суэц, Панама, Киль). Дүние жүзіндегі жүк тасымалының ең күрделі аймағы — Ла-Манш арқылы тәулігіне 500 кеме өтсе, ең ірі Суәц каналынан жылына 18 мың кеме (тәулігіне 50 кеме) өтеді.
Кейбір елдерде теңіз көліктерімен қатар өзен көлігінің де маңызы зор. Ірі кеме жүзетін каналдар мен өзен жолдарына: Жағалаулық канал (АКШ), ¥лы канал Қытай), Волга—Балтық су жолы (Ресей), Рейн—Майн—Дунай су жолы жатады.
Теміржол көлігі құрлықтық көліктердің ішіндегі ең маңыздысы. Дүние жүзіндегі темір жол желілернің ұзындығы — 1,2 млн км. Ең ұзын теміржол АҚШ-тың үлесіне тиесілі (240 мың км). Одан кейінгі орындарда — Канада (90 мың км) және Ресей (86 мың км).
Батыс Еуропада теміржол желілерінің тығыздығы өте жоғары (Бельгияда 100 км аумаққа 100 км теміржолдан келеді).
1. 2 Көлік кешенін талдау
Дамушы елдерде теміржол желісінің жиілігі экономикасы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Көптеген теміржолдар бір-бірімен байланыспаған. Нәтижесінде, елдер мен аудандар арасында тұрақты қатынас жоқ.
XX ғасырдың соңында жоғары жылдамдықтағы теміржол желілері көбейіп келеді. Мұндай теміржолдарға Париж—Лондон, Рим—Флоренция, Токайдо мегаполисінен бастап, бүкіл Жапония аралдары арқылы өтетін теміржол желілері жатады.
Электрлендірілген теміржол Ресейде жақсы дамыған (ұзындығы жағынан дүние жүзі бойынша бірінші орынды алады). АҚШ-та теміржолдардағы бүкіл жұмыстың 90%-ын тепловоздар орындайды. Жапония мен Батыс Еуропа елдерінде электр күшімен істейтін теміржолдардың үлесі 50%-ды құрайды (Швейцарияда — 100%).
Автомобиль көлігі. Қазіргі кезде дүние жүзінде автомобиль жолы өте тез дамып келеді. Оның жалпы ұзындығы — 24 млн км. Соған байланысты көліктің жолаушы тасымалындағы рөлі артуда. Автомобиль көлігі дүние жүзіндегі жолаушы тасымалының 80%-ын қамтиды, сонымен бірге орта және жақын қашықтықтағы жүк тасымалында (өте қысқа жол арқылы жеткізудегі) маңызы зор.
Дүние жүзіндегі автомобиль паркі 0,5 млрд автомобильді құрайды. Бұлардың 80%-ы экономикасы дамыған елдердің үлесінде.
Жүк және жолаушы тасымалында трансконтиненттік магистральдардың маңызы зор. Белгілі шосселік жолдарға Сахара (Африка) арқылы өтетін жол, Атлант мұхиты мен Тынық мұхитты жалғастыратын АҚШ-тағы және АҚШ пен Канада аралындағы автомобиль магистральдары жатады. Сонымен қатар Солтүстік және Оңтүстік Американы жалғастыратын Панамерикалық шоссе Трансамазоналық шоссемен байланысқан.
Экономикасы дамыған елдерде жүк тасуда автомобиль көлігінің маңызы зор. АҚШ пен ГФР-де ел ішіндегі бүкіл тасылатын жүктің 25%-ы, Ұлыбританияда 80%-ы көліктің осы түрінің үлесінде, Дамушы елдерде автомобиль көлігінің үлесіне ел ішіндегі жүк тасымалының 1/3-і тиесілі.
Құбыр көлігі. Дүниежүзілік энергетиканың дамуына сәйкес мұнай және газ құбырларының арақатынасы өзгеріп отыр. Сонымен қатар мұнай және газ кұбырларымен қоса, қатты өнімдерді таситын кұбыр көлігі пайда бола бастады. Олармен, негізінен, көмір және темір кендері тасымалданады.
Дүние жүзіндегі мұнай құбырының қазіргі кездегі жалпы ұзындығы 400 мың км-ден астам, ал газ кұбыры желісінің ұзындығы одан да көп (900 мың км).
Құбырмен тасымалдау теміржолмен тасымалдауға қарағанда (өзіндік құны) үш есе арзан және онымен дүниежүзілік жүк тасымалының 11%-ы тасымалданады. Көліктің бұл түрінің ерекшелігі — ол жүкті тасымалдауда тұрақты және сенімді көлік саналады және қоршаған ортаны ластамайды.
Солтүстік Америкада құбырлар мұнай мен газды өндіретін аудандардан құрлықтың шығыс индустриясы дамыған аудандарына тартылған. Батыс Еуропада олар теңіз порттарынан өнеркәсіпті орталықтарға және құрлықтың шеткі аудандарына жүргізілген.
Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларына Дружба — Ресей — Батыс Еуропа (5,5 мың км), Канададағы Редуотер — Порт-Кредит (4,8 мың км) т.б. жатады. Америкалық Хьюстон — Нью-Йорк қатты өнім тасымалдайтын құбырының ұзындығы — 2,5 мың км.
Су асты құбыр желілері Жерорта теңізі түбімен транс жерорта теңіздік газ құбыры тартылған. Мүндай кұбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстік теңізде де жүргізілген.
Әуе көлігі. Бұл көлік — әрі жылдам, әрі кымбат көліктердің бірі. Оның халықаралық жолаушы тасымалдауда маңызы зор. әуе көлігі жылдамдығымен, икемділігімен, сонымен қатар баска көліктер жете .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?