Экономика | Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері

 Экономика | Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне  асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................3-7
І. Тарау. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі, мемлекеттік қаржылық қызметі және құқықтық негіздері
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні....................................7-17
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі...................................17-22
ІІ. Тарау. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
ІІ.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыретті.............................23-29
ІІ.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері..........................................................................29-32
ІІ.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің құзыреті..........................................................................................32-36
Қорытынды.............................................................................37-38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................39-40


І. Тарау. Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық негіздері
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жҹргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде fіnatіo, fіnancіo деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар fіnancе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мҹліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады. Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды ақша қҗжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) җдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жҹргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы – бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді.
Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты білетін экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының өзгешеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
1) Федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
2) Бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3) Бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
4) Шаруашылық субъектілер мен салалардың қаржысы;
5) Мүлікті және жеке басты сақтандыру;
6) Мемлекеттік және банктік кредит.
Қаржы жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомстволар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық (орталық) банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.
Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді білуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына біліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар өндірістік қатынастардың бір білігі ретінде базистік қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист-ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру (өндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы арқылы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады, өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай тҹрінде көрсетіледі.
Қоғамдық өнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір қоғамдық өндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын өтеу үшін ақша, баға, өзіндік құн, қаржы, жалақы төлеу және тағы басқа құндылық категорияларын пайдалануларына жол береді.
Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер – ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен өлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық өнімді білу кезінде анық көрінеді.
Қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекеленген кәсіпорынның өндірістік қорларын өзіндік айналымынан шығарылатын өнімдерді өткізу (сату) кезіндегі ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның біліну мезгілінен бастап қарастыру қажет.
Кәсіпорын осы өнімдерді өткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы төлеу қорын, әлеуметтік бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б. атап өтуге болады.
Табылған пайданың немесе табыстың бір бөлігі орталықтандырылған қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші ең көп бөлігі өндірушіде қалады. Өндіруші оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Көбінесе пайда мен табыстың қолдағы біліктері өндірістік процесті үзбеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ пайданың және бір бөлігі өндірістің басты факторы – негізгі қорларды қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен материалдық өндіріс аясында (кәсіпорындар, өнеркәсіптер т.б.) жасалған құнның бір бөлігі өндірушілерде қалса, едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекет қарамағына берілетінін білдік.
Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына қосылады. Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер түрінде) қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде жұмылдырылған (мемлекеттік заемдар, мемлекеттік лотореялар, жинақ банктеріндегі салымдар (аманаттар) және т.б.) қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формасы пайда болады. Осы қаржылық қатынастар орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын – республикалық және жергілікті бюджеттерді, сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.
Экономика өмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы (эквиваленттілігі) негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономикалық категорияларға – баға, өзіндік құн, жалақы төлеу, несие және т.б. тән болып ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі