Социология | Қазақстандағы қайырымдылық қорлар

 Социология | Қазақстандағы қайырымдылық қорлар

Мазмұны

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері

2.2Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы
қайырымдылық шаралары

2.3Қазақстандағы балалар құқығын қорғау жүйесі

III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастыққа енуімен көптеген өркениетті елдерде қалыптасқан әлеуметтік әрекеттерді қабылдады және де олардың кең көлемде дамуына жағдай жасады. Мемлекеттер арасындағы қатынас әлеуметтік тілектестікке негізделді. Қазақстанның әлеуметтік қауымдастыққа енуі дәстүрлі өмір салтын өзгертті. Әлем елі өзара қауымдастыққа революциялық жолмен жүру арқылы енеді деген көзқарас күйреді. Адам баласы қоғамында глоболизация деп аталатын - жаңа кезең пайда болды. Халықаралық ұйымдардың өзара қарым- қатынасы күшейте түсті, соның нәтижесінде әлеуметтік ұйымдар, олардың ұйымдастырушылары өзара кең түсінікте бола бастады.
М. Вебердің пікірінше социологияның негізгі мақсаты әлеуметтік әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады. Халықаралық әлеуметтік ұйымдардың өзара әрекеттері адамдардың өз ісіне өзі мән беру арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс- қимыл.
Сондықтан әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекеттерінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет екіншіден әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет. М. Вебердің пікірінше әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі. Сондай ақ әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс- әрекет сипатына әлеуметтік ықпал етеді. Сөз жоқ, өркениетті елдердегі әлеуметтік әрекеттер бірінші кезекте қайырымдылық ұйымдарының өзара қарым -қатынасын жақсарта отырып, қоғамның тұрақталуына толық әсер ете бастады.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат ала бастады. Бүгінде әлем түбірінен өзгерді, дүние жүзілік саясат өткен ғасырлардын өзгешелене түсті.
Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден- бір беделді де белсенді гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі - халықаралық Қызыл Крест Комитеті. 1863 жылы швецариялық коммерсант Анри Дюнанның бастамасымен жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитеті құрылған.
1864 жылы Женева қаласында Дипломатиялық конференция болып, онда 12 мемлекеттің өкілдері Халықаралық келісім шартқа қол қойған. Ал 1876 жылы бұл Халықаралық Қызыл крест Комитеті болып аталды. Осы қозғалыстың негізін салушы Анри Дюнанның туған күні құрметіне «8 мамыр бүкіл әлемдік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамының» күні деп белгіленді.
Бұл қоғам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам негізінен қарулы қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат апаттары жайдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау, шетелден мемлекетімізге гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай- ақ ұлттық қоғамды нығайту жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс шақта, яғни қарулы қақтығыстар, соғыс кезінде, сондай- ақ ірі табиғат апаты жағдайында тек ұлттық Қоғам ғана заңды түрде шет мемлекеттерге шығып, Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын, бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.
Ұлттық қоғамның әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға көмектесу жөніндегі жобалары мен бағдарламаларын қазір Халықаралық Федерация қаржыландырып отыр. Дүние жүзіндегі ұлттық қоғамдар қаржылай табыс көзін негізінен қайырымдылық жасаудан, мүшелік жарналардан, мемлекеттік қызметтен түскен табыстардан алады. Қызыл Крест және Қызыл Ай Халықаралық Федерациясының штаб- пәтері Женевада орналасқан.
Қоғам соңғы бес жыл көлемінде Республикадағы тұрмысы нашар әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға, сондай- ақ мемлекттік емдеу мекемелеріне барлығы 40 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсеткен. 1997 жылы бұрынғы Семей облысына жалпы бағасы 1 миллион 263 мың долларға 19 контейнер азық- түлік жіберілсе, бұрынғы Көкшетау облысына 1,8 миллион долларға азық- түлік партиясы бөлініп, ол 9 ауданның 22 мың тұрмысы нашар отбасыларына таратылып берілді. Ал жетім балалар үйіне 332 мың доллардың киім-кешегі үлестірілген. Сондай- ақ Германияның Қызыл Кресінен келген жалпы сомасы 5 миллион 433 мың неміс маркасы болатын дәрі- дәрмек, медициналық хирургиялық құрал -жабдықтар, ауруханалық құралдар Қазақстанның сегіз облысындағы мемлекеттік ауруханаларға бөліп берілген.
Қазір Жапон Қызыл Крест мен түрік Қызыл Айынан минералды сулар құю жүйесінен орнатуға қаржы бөлінсе, Германия, Ирландия Қызыл Крестерімен кішігірім наубайханалар, диірмендер, тамақ өнімдерін шығаратын мекемелер ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Ал Нидерланды, Франция мен Норвегия қоғамдары медициналық спирт шығаруға, дәрі дәрмектерді орайтын цехтар, тұрмысы төмен адамдар үшін дәріхана ашуға ниет білдіруде.
Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы елімізге қайырымдылық шараларын жасауда, ал бүгінгі таңда елімізде мейірімділік қызметінің көмегіне мыңдаған адам мұқтаж болып отыр. Олардың саны ұдайы өсіп келеді. Жер жерде қайырымдылық асханалары ашылып, онда бір мезгіл мұқтаж адамдар тамақтануда. Қаладағы жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасының мүшелеріне, сондай ақ тұрмыс жағдайлары тым төмен жандарға арналған қайырымдылық шараларының қаржысын Халықаралық әйелдер клкбы мен Қазақстандағы шетелдік дипломаттардың жұбайлары бірігіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде сатып, қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.
Америка Құрама Штатының Нью- Йорк қаласында «Ашық қоғамдық институтының» ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қоғамдық қорлар жөніндегі заңына сәйкес Қазақстанда 1994 жылы құрылған «Сорос- Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры 1995 жылы шілде айында Әділет министрлігі арқылы тіркелді. Оның құқықтық құрылымы- қоғамдық қайырымдылық қор.
«Сорос Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры. өз жұмысын Республикамызда коммерциялық негізде емес, білім, мәдениет, ғылым, құқық қорғау, азаматтық қоғам және қоршаған ортаны, денсаулық сақтау, тіл білімдері саласында жүзеге асырады.
Ол тапқан табысының жартысына жуығын шамамен 300 миллион американ долларын қайырымдылық мақсатқа жұмсайды. Қазірде аты әлемге әйгіленген қаржыгер, осынау маңдай алды миллиардер ақшасын ізгі мақсаттар жолына аямай, оңды- солды шашып жатқан жомарт жан адамсүйгіш қайырымды филантроп қана емес, сонымен бірге өзінің ұстанған өмірлік қағидалары хақында пікір көзқарастарын белгілеп, ондаған құнды еңбектер жазған философ.
Джорж Сорос жоқшылықты көрген, жалаңаяқ жарлының да күйін кешкен, эмигрант болудың да зардабын тартқан. Сөйтіп жүріп, Лондандағы экономика мектебін бітіріп, бірнеше фирмаларда түрлі қызметтерді атқарады. 1969 жылы оның инвестициялық мансабының шұғыл өрлеуі басталады. Сорос кейіннен дүние жүзілік даңққа бөленген « Квантум групп» фирмасының басшы иегерінің бірі болды. Жұмысты қарызға алынған төрт миллион доллардан бастаған бұл фирма төрт миллиардтан астам қаржыға қожалық етеді. Жыл сайын 35 пайыз өсім беріп отырған
« Квантум групп» Сорос компаниясының біреуі ғана. Джордж сорос бір-ақ күнде 958 миллион доллар табыс табады. Сол бір-ақ күнде атақ даңқы айдай әлемге жайылады. Сорос қорлары ширек ғасырда әрбір жұмыс күні сайын орта есеппен 750 миллион доллардың құнды қағаздарын сатып және сатып алып отырады.
Сексенінші жылдардың басына қарай ғаламат көп мөлшерде тапқан ақшасын ол, өз сөзімен айтқанда «қанша тырысып, қанша шашса да өз қара басына жұмсап тауыса алмас еді». Енді Джордж Сорос қайырымдылық қорларын құра бастады. Джордж Соростың бірқатар қорларының мақсаты-ақша жасау болса, оның басқа қорлары сол ақшаны үлестірумен айналысады.
Бір қызығы Джордж бала кезінен бастап ақ өзін өмірге үлкен істер тындыру үшін келдім деп ойлайтын. Ол Будапеште 1930 жылы еврей отбасында дүниеге келген. Әкесі мен шешесі оған Дырдв Шорош деген венгер есімін береді. Кейіннен ол оны Джордж Сорос деп ағылшын мәнеріне өзгертеді. Әкесі Триводор Шорош өзінің кіші ұлы үшін еліктейтін үлгі болған. Ал анасы Элизабет болса оны өнерге музыкаға, білім ғылымға үйірсек етуге тырысады. Отбасында бәрі венгерше сөйлегенімен Джордж өзінің қабілеттілігі арқасында неміс, ағылшын және француз тілдерін үйреніп алады.
Сорос есімін әлемге жайған қасиеттерінің бірі - оның қайырымдылығы.Бүгінде «Сорос» қоры әлемнің 31 елінде бар. Тек 1994- 1999 жылдары ғана филантропиялық мақсатқа 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінген. Кейінгі деректерге қарағанда соңғы уақыттарда ашық қоғамдарды қолдап дамыту үшін жыл сайын 350 миллион доллардан астам қаржы жұмсалады. Ашық қоғам орнатуды алдына мақсат етіп қойған Джордж Сорос саясат пен экономикаға қатысты көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Осындай әлемдік ауқымдағы ірі тұлғаның, қоғамдық қайраткерлердің, қалмады. Республикамыздағы мәдениет пен білім, денсаулық сақтау мен экология және басқа рухани әлеуметтік салаларды дамытуға өз үлесін қосып, сегіз жылдан бері Алматыда құрылған « Сорос- Қазақстан» қоры атқарған жұмыстар да айтарлықтай.
Әзірге бұл қорға жыл сайын бөлініп отырған қаржы 3 4 миллион доллар аралығында. Мемлекеттік ұйымдардан тыс қайырымдылық қызметпен айналысатын Сорос қорлары азаматтық қоғмады нығайту, демократияны жетілдіру бағытында игі жұмыс жүргізіп келеді.
«Біздің негізгі міндетіміз- мемлекеттік емес ұйымдарға көмек бере отырып Қазақстандағы демократиялық дамуға қол ұшын беру»- дейді қордың атқарушы директоры. «Сорос- Қазақстан» қоры мектептер үшін дәстүрлі ұйымдастыратын гранттардер аталатын сайыстың нәтижесінде жеңімпаз атанған 36 қала және ауыл мектептеріне 198000 АҚШ долларын сыйлыққа ұсында. Сонымен қатар, Сорос-Қазақстан қоры Республика білім Министрлігімен келісе отырып, білім саласында жан- жақты игі бағдарламалар жасады.
« XX ғасыр суретшілер» атты Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Алматы балалар көркем сурет мектебінің «Сорос- Қазақстан» қорымен бірігіп ұйымдастырған оқушылар көрмесі өтті. Сонымен қатар «Интернат» бағдарламасының екінші кезеңі жалғастырылды. Осы бағдарлама бойынша Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Жезқазған қалаларының ең таңдаулы бес мектебі әлемдік ақпараттық «Интернет» жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Ал ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен келісе отырып, радио мен тележурналистер үшін арнайы курстар өткізілуде.
« Сорос- Қазақстан» Республикамызда ашық қоғамның орнауы және дамуына ықпалын тигізу мақсатын ұстана отырып, өз қызметін негізінен мәдениет, білім, ғылым, құқық, экономика, экология, денсаулық сақтау тағы басқа да гуманитарлық салаларда жүргізіп келеді. Бұл ретте қор Республикадағы үкіметтік емес ұйымдарды, білімнің барлық деңгейдегі жаңа жобаларын қолдайды, жоғары оқу орындарының студеттері мен мектеп бітірушілеріне оқуын шет елдерде жалғастыру үшін стипендиялар мен гранттар бөледі, халықаралық гуманитарлық ғылыми конференцияларға қатысатын ғалымдарға көмектеседі.
Қор атқарып жатқан жұмыстарды түгелдей санасалап шығу мүмкін емес. Мәліметтерге жүгінсек, «Тәй- тәй» (балалар бақшасына арналған), «Мектептерге көмек», «Оқулықтармен қамтамасыз ету», «Оқулықтар», «Ағылшын тілі», медицина, жоғары білім беруді қолдау, мәдениет пен өмір, мәдени байланыстар, Тәуелсіз бейне өнер, кітапханаларға қолдау, Орталық Азия форум, Құқықтық реформа, Ақпараттық орталық, Интернат электронды пошта», тағы басқа бағдармаларын жүргізу және дамыту үшін қор үш миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, мысалы өнер мен мәдениет бағдарламасы бойынша республикадағы мәдениет мәселелерін көтеретін журналдар, атап айтқанда «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Простор», және « Аполлинарий» компьютерлік сапалы құрал- жабдықпен қамтамасыз етілгенін, он сурет каталогы шығарылып, әлемдік музейлерге жіберілгенін, бірнеше семинарлар мен сайыстар өткізілгенін айтуға болады. Осындай қайырымдылық шараларына қор алғашында 4,5 миллион доллар жұмсаса, кейіннен қайырымдылық мақсатқа 5,5 миллион доллар бөлініп отырған.
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына көптеген шетелдік компаниялар мен қорлардың үлесі зор. Соның бірі- Халықаралық американ қайырымдылық корпусы. Ол 1993 жылдан бастап Қазақстан рыногінің пайдасына қызмет етуде. Өз жұмысын ол азық- түлік өнімдерін таратудан бастаған. Бес мың тонна әр түрлі азық- түлік өнімдерін балалар үйіне, мектеп интернаттарға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жағдайы төмен отбасыларына таратумен айналысты. Еліміздің көптеген ауруханалары мен емханаларына қазіргі талапқа сай жабдықталған бағасы 1 миллион АҚШ долларынан астам тұратын медициналық құрал жабдықтар әкелінді.Енді өз бағдарламаларын әрі қарай іске асыру мақсатында шағын ауылшаруашылық бизнесіне қаржылай, яғни 5 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетуді көздеуде.
«Helping Hands International» - «Руки помощи»- «Қол ұшын беру» Халықаралық қайырымдылық қоры Қазақстан республикасында іс әрекет етеді. Бұл шағын фирманың негізін қалаушы американдық Джоан Талман. Фирманың негізгі мақсаты- қайрымдылық.1994 жылы Джоан алғаш рет Қазақстан елімен танысу мақсатында алматыға келді. Джоанның айтуынша: 1993 жылы Америкада көптеген газет журналдар Қазақстан, ондағы қазақ халқы, оның проблемалары, мұн мұқтажы жөнінде жазған. «Қазақстан мені қатты қызықтырды,»-дейді Джоан. Себебі, ол егеменді ел ретінде алғашқы қадамдар жасап, әрекеттенуде. Осындай кезде оған көмек керек. Сондықтан мен қиын кезеңде көмектесу үшін келдім. Менде үлкен көмек қаржылары. Менің анам айына маған 20 доллар жіберіп отырады, менің ойымша, тіпті жалғыз адамдар да өмірге өзгеріс енгізе алады. Тіпті бақытсыздыққа ұшыраған екі үш адамға көмек көрсету арқылы өз пайдамды тигізу үшін Қазақстанға келдім.
Ол өзінің алғашқы сапарында жергілікті әкімшілік орындарында, емханаларда болып, мектептерді аралады, Алматы көшелерінде адамдармен танысты. Дүкендер алдында көмек сұрап тұрған әжелермен сөйлесіп, оларға дүкеннен азық- түлік сатып алып берді. Американдық Джоанның Қазақстанға алғашқы сапары 7 айға созылды. Осы мерзім ішінде ол көрген, ойына түйгендерімен өз Отанына нақты мақсаттармен оралды. Өз елінде ол көрген білгендерін Отандастарына айтып, қаржы жинап, Алматыда орналасқан облыстық балалар емханасына дәрі дәрмек салынған контейнер, ал екінші сапарында Алматыда танысқан ауру әйелге көмектесу мақсатында, өз еліндегі дәрігермен келісіп, оның жолына қаржы дайындап, емделуге мүмкіндік жасады. Жерлесіміз Америкада операция жасатып, науқасынан құлан таза айықты. Джоаннын айтуынша: « Адамдарды ұлты, нәсілі, дініне қарамастан, біз халыққа көмектесуіміз қажет. Әрбір адам - өзінше бір үлкен арал. Нағыз адам ол қасындағы адамдарға көмектесу арқылы бақытты». Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, кедейшілікке қарсы күрес, кемтарлар мен зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау ғаламдық проблеманың бір саласы. Дамыған капиталистік елдердегі халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету бағдарламасы жүйелі іске асырылуда, ал қайырымдылық та осы жүйенің бір құрамдас бөлігі.
XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап АҚШ және басқа да дамыған капиталистік елдер, олардың халқы қажет болған жағдайда басқа елдерге көмек бере бастады.
Сондықтан да біз өз жұмысымызда сол елдердегі осы саясатқа соның ішінде АҚШ- тың әлеуметтік саясатының жүйесіндегі салаларына қысқаша қорытынды жасауды орынды деп санадық. Себебі, оларды демократиялық даму жолына түскен барлық елдер зерттеуде.

Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары

Бала- тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы. Дегенмен ата - аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге, медициналық көмек алуға құқығы бар.
Кедейшілік жағдайында өскен және жетім баланың психологиялық және физикалық денсаулығы нашар, үлгерімі төмен басқа балалармен қарым - қатынас жасауға мүмкіншілік жоқ болады.
Осы ретте Республикамыздағы Халықаралық « Бөбек» қайырымдылық қорының тындырып жатқан ісін айрықша айтуға болатыны ақиқат. Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қоры алғаш рет 1992 жылы 27 наурызда Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қоғамдық балалар қоры Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелді. «Қазақстандықтардың болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында аналық жүрекпен, ұлтжанды сезіммен жұмыс ісету парасаттылық пен ақниеттілікті қажет етеді»- дейді республикалық «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті. Содан бері бұл қор Республика жеткіншектерінің дұрыс қалыптасуы, дамуы жолында өз жұмысын жемісті жалғастырып келеді.
Оның негізгі мақсаты- әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы балаларға, олардың ұлтына және дініне қарамастан көмекке мұқтаж ұл- қыздардың жағдайын жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам мен үкіметке жәрдемдесу. Әсіресе, ата- ананың аялы алақанына зәру жетімдерге, экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру- сырқау және жалпы мүгедек балалрға қамқорлық жасауды өз жұмыстарына басты бағдар еткен.
Қордың құрылтайшылары мемлекеттік және қоғамдық ірі ұйымдар, қорлар, әлемдегі іскер адамдар, банктер мен коммерциялық құрылымдар. Олардың әрқайсысы Қазақстан балалары және олрадың болашағы үшін қаржылай, заттай көмектесіп, елдің болашақ азаматтарының аяғынан тұрып кетуіне жәрдем беруде.
«Бөбек» халықаралық балалар қоры осы он жыл ішінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық жұмыстарды жүзеге асырып, аталмыш қор халықаралық деңгейге көтерілді, тағдыр балалардың бәріне бірдей қуаныш сыйлап отырған жоқ. Еліміздегі он мыңнан аса жетім, төрт мыңнан аса дене бітімі және ақыл есі кем балалар бар. Семей, Қызылорда облыстарындағы әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келеді. Арал маңындағы бүлдіршіндердің 87 пайызы дымкес. Әрине мұндай фактілер баршамызды алаңдатып отырғаны аян. Бұл таңда «Бөбек» республикалық қайырымдылық балалар қорының ең басты қызметі мынадай:
-балаларлы тәрбиелеу мен дамытудағы жанұя принципінің озық идеяларын тарату, отбасыларын сақтауға балалар үйіне көмек көрсету;
-Қазақстанда халықаралық беделді ұйымдардан көмек алу мақсатында қызмет көрсетіп, шет елдегі балалар құқы жайлы халықаралық конвенция тәжірибесін зерттеу;
-салауатты өмір салты бағдарламасын енгізу медициналық мекемелерге көмектесу Республикалық орталы балалар сауықтыру орталығы құрылысының аяқталуына атсалысу:
-экологиялық апат аймағынан келгендерге гуманитарлық көмек көрсету;
- дарынды балаларды қолдау, «Айналайын» деп аталатын алғашқы халықаралық фестивалін өткізе отырып, қордың талантты балаларды қолдайтынын әйгілеу.
Осы күндері Қазақстанның барлық аймағында «Бөбектің» бастамасымен құрылған балалар қорлары жұмыс істеп жатыр. Алматыда осы қордың ұйымдастыруымен өмірге келген «Рухани және мәдени даму» салоны жұмыс істейді. Бұл жерде халыққа танымал белгелі адамдармен кездесулер, балалар өнерінің көрмелері мен қайырымдылық шараларын өткізу сияқты бірқатар игі істер жүзеге асырылуда. Қор Алматыда тұнғыш рет жетім балаларға арналған жанұя тектес балалар қалашығын қолдауды өзінің басты міндеті деп санап, « SOS Қазақстан» балалар қалашығы ашылды.
Ол Австралиядағы Халықаралық «SOS-киндердорф Интернационал» қорының қайрымдылық көмегі арқасында іске асты. « Бөбектің» қолға алған тағы бір - мәселесі ол тастанды сәбилер тағдыры. Бұлардың көпшілігі әдетте некеден тыс туылған балалар......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі