Қазақ тілі | КӨМЕКШІ СӨЗДЕР

 Қазақ тілі | КӨМЕКШІ СӨЗДЕР

Мазмұны

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
І-тарау. КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1. Көмекші сөздердің тіл біліміндегі ерекшеліктері
1.2. Көмекші сөздердің тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Көмекші сөздердің жіктелуі.

ІІ- тарау. ОРХОН-ЕНЕСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРКІШТЕРІНДЕГІ КӨМЕКШІ СӨЗДЕР.

2.1. Орхон-Енесей жазба ескеркіштеріндегі көмекші есімдер.
2.2. Орхон-Енесей жазба ескеркіштеріндегі көмекші етістіктер.
2.3. Орхон-Енесей жазба ескеркіштеріндегі шылау сөздер.


III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер



Көмекші сөздердің тіл біліміндегі ерекшеліктері
Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әр тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді[1,126].
Тіліміздегі сөздер лексика-грамматикалық сипаттарына қарай үнемі біркелкі болып келе бермейді. Олар өз ішінде белгілі заңдылықтарға негізделген бірнеше жіктерге бөлініп, соған орай ыңғайласып, топтасып жатады. Сөздерді топтастыруда үш өлшем негізге алынғанымен де, олар барлық сөздердің бойынан бірдей дәрежеде байқалынбайды. Мәселен, үш белгі атауыш сөздерде анық көрінсе, еліктеуіш сөздер мен есімдікте, одағай мен шылауда ортақ морфологиялық белгісі жоқ, сондықтан оларды тек мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай топтауға болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семаниткалық және морфологиялық белгілеріне қарай атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді.
Атауыш сөз деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән толық лексикалық мағыналары бар, соған лайық, өзді-өздерінің дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді айтамыз. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болғандықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау я таяныш есебінде қызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке дара тұрыпта керегінше қолдана береді. Олар тілдің грамматикалық заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады және олардан тілдегі қалыптасқан тәсілдер бойынша басқа да туынды атаушы сөздер жасала береді[2,39].
көмекші сөз деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я мүлдем жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды немесе күрделі мүшенің құрамына енеді немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды[2,40].
Одағай сөздер деп адамның әр қилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді айтамыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, мысалы, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс қатынасы болмайды және сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды. Бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде жүре береді.
Бұл аталған үш топ (атауыш, көмекші және одағай) сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Оған, өзгені былай қойғанда, атауыш сөздердің кейбіреулерінің көмекші сөздер мен одағай сөздерге ауысып, үнемі оларды толықтырып отыратыны да айғақ болады. Мысалы: біресе, қарай, өйткені, шейін деген көмекші сөздерді алсақ, бұлар ол бастағы бір ерсе, қарай олай еткені, шекейін деген атауыш сөздерден шығып ауысқан. Ал, мәсаған, әттегенай, бәрекелді, ойпырмай одағайлары бастапқы мә саған, ойт деген ай, барақа аллаһу (арабша), ой пірім ай деген тіркестерден ауысып қалыптасқан. Осылайша өз ара байланысты бола тұра, бұл үш топ сөздің әрқайсысы, жоғарыда айтқандай, өзді-өздеріне тән ерекшеліктері бар алды-алдына топтар. Әрине, бұл үш топ сөздердің тілде алтын орындары бірдей емес. Мысалы, олардың ішінде сан жағынан да, соған лайық тілдің бүкіл лексикасына негізгі ұйтқы болу жағынан да атауыш сөздердің алатын орны мен маңызы төтенше зор. Ал, осы атауыш сөздердің өздері де, жоғарыда көрсетілгендей, жалпы сипаттары бола тұра, іштей, алды-алдына тән ерекшеліктері мен жалқы сипаттарына қарай, әр қилы лексика-грамматикалық топтарға бөлінеді. Мысалы, оларды алдымен есімдер мен етістіктер деп аталатын екі үлкен салаға бөліп алған дұрыс болады. Бірақ бұнымен тыну да жеткілікті емес, өйткені есімдер деп аталатын сөздерді алсақ, олардың өздері де лексика-грамматикалық өзгешеліктері жағынан іштей біркелкі емес. Егер, зат есімді, сын есімді, есімдіктерді алсақ, бұлардың бәріне тән өзінше жалпылық болса, үстеу сөздер мен еліктеу сөздердің өздеріне тән әрі жалпы, әрі жақын қасиеттері бар. Осындай жалпы қасиеттері мен өз ара жақындықтарын ескере келіп, атауыш сөздерді екі жікке бөліп, олардың біреуін атауыш есімдер деп, екіншісін үстеуші есімдер деп саралауға болады. әрине, етістіктердің өз алдына ерекше топ құрайтыны ешқашанда және ешқандай да шәк (күдік) келтірмеске тиіс.
Сөйтіп, атауыш сөздерді атауыш есімдер, үстеуші есімдер және етістіктер деп бөлудің өзінше негізі бар екенін көреміз. Ал, әдетте осындай тілдік құбылыстарды бір-бірінен ажыратуға, оларды айқындауға және тануға таяныш етілетін негіздер тіл білімінде принцп деп аталады. Сөздерді осылайша топ-топқа бөлгенде, сол сөздердің лексикалық мағыналары ескеріліп отырған жоқ, олардың әр тобының категориялық семантикалары негізге алынып отыр. Олай дейтін себебіміз – атауыш есімдерге қатысты сөздер әр алуан заттардың немесе ойша зат деп түсінілетін я зат есебінде қабылданатын ұғымдардың аттары ретінде қызмет етеді, демек, олар заттардың ұдайғы я тұрақты белгілері мен қасиеттері жайындағы заттық ұғымдар мен түсініктердің аттарын білдіреді. Үстеуіш есімдерге қатысты сөздер, әдетте, қимыл-әрекеттердің әрқилы белгілері мен «белгінің белгілерін» білдірсе, етістіктер әр алуан амалдар мен күй-жайдың немесе ойша әрекет есебінде қабылданатын олардың көріністерінің атаулары ретінде қызмет атқарады.
Атаушы сөздер – осы үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі ең негізгі ұйытқысы және тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайлыда, негізі де олып табылады. Атаушы сөздерді, ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, оларды ең алдымен, есімдер, етістіктер деп екі салаға бөлуге болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы, зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер ішінар ұқсас, үстеу сөздер мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын. Осыған орай, шартты түрде есімдердің алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын үстеуші есім деген екі салаға жіктеуге болады. Ал етістіктер өз алдына бір топ. Атаушы сөздерді осылайша үш топқа бөлу, әрине, белгілі бір принципке сүйенуден шыққан. Бұл принцип бойынша жіктегенде сөздердің лексикалық мағыналары ескеріліп отырған жоқ, олардың әр тобының категориялық семантикалары негізге алынып отыр. Мысалы, атаушы есімдер заттық ұғымдардың немесе ойша зат ретінде тұспалдантын түсініктердің аттарын, сондай-ақ заттарға тән алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктердің аттарын білдіреді.
Ал үстеуші есімдер әр қилы іс-әрекеттің белгілерін белгінің белгілерін білдіреді. Етістіктер амал-қимыл ретінде қабылданатын әр алуан іс-әрекеттің, қилы-қилы көріністерінің аттарын білдіреді.
1) Сөйтіп, атаушы сөздердің аталған үш тобының бір-бірінен ажырататындай айқын-айқын шектері бар. Бірақ олардың шекаралары жабық емес, өйткені тілдің даму процесінде есімдердің етістіктерге, керісінше етістіктердің есімдерге ауысып, кейбір сөздер зат есімнен сын есімге, керісінше, сын есімнен зат есімге, сондй-ақ етістіктерден есімдерге көшіп отырады.
2) Көмекші сөздер, яғни шылау сөздер өзіндік ерекшеліктеріне қарай, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға бөлінеді.
3) Одағай сөздер жалпы сан жағынан аз болғанымен, өзіндік семантикалық өзгешеліктері мен морфологиялық құрылымдарының ерекшеліктеріне қарай, іштей әлденеше топқа бөлінеді.
Тілідің сөздік құрамындағы бар сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуге бірден-бір таяныш болатын тірек – семантикалық белгі. Сондықтан тілдегі сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда мынадай екі түрлі жағдай қадағалануы керек.
Біріншіден, барлық сөздер, күллі сөз таптары тілідң сөз құрамына енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздердің лексиаклық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздердің лексиаклық жағын ескеру деген сөз – олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табына енетін сөздер лексикалық тұрғыдан қаралып талдану қажет.
Екіншіден, барлық сөздерді белгілі бір грамматикалық сөз таптарына телу, олардың өзді-өздеріне тән түрлену, өзгеру жүйесін, сөйлем мшесі болу қабілетін, өзге сөздермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелері – тікелей грамматикада қаралатын мәселелер. Ендеше, қосымша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Сөйтіп, тілдегі сөздерді топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) жақтары да бірдей ескерілуі қажет.
Сөз табы жөніндегі ұғым лексика-грамматиклық деген қосарланған компоненттердің мазмұндарынан шығу керек. Бірақ мұндағы бірінші компоненттің (лексика) мазмұнын таза лексикалық семантика деп түсінбей, грамматикалық семантика деп ұғыну қажет. Ал грамматикалық семантика деп сөздің нақтылы сөздің лексикалық мағынасы емес, заттың атын, сынын, белгісін, санын, орнын, амалын, ісін және басқа да сол сияқты ұдайы я тұрақты категориялық қасиеттері болып саналатын белгілерін жинақтап, топшылап білдіретін мағынасын түсінеміз. Ал екінші компоненттің (грамматикалық) мазмұнына белгілі бір сөзге тән күллі категориялық мағыналар, оның сөз тудыратын, сөз түрлендіретін және өзге сөздермен бйланыстыратын формаларының мағыналары енеді, яғни грамматикалық дегенкомпоненттің мазмұнына бүкіл морфологиялық белгілер де, синтаксистік белгілер де енеді. Сөйтіп лексиак-грамматиклық белгілер деген термин бір сөздің немесе белгілі бір сөз табының барлық лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін түгел қамтиды. Сөз табының лексикалық (семантикалық) грамматикалық (морфогогиялық және синтаксистік) белгілерін дұрыс ашу үшін, осы аталған семантикалық, морфологиялық және синтакситік белгілерінің үшеуін де бірдей түгел қамту қажет. Өйткені, егер осы үш белгінің үшеуі де тегіс қамтылса, сөздің мазмұны да, материалдық (морфологиялық) формасы да, синтаксистік функциясы да түгел ескеріледі[3].
Дегенмен сөздердің бәрінен бірдей осы үш белгі табыла бермейді. Мысалы, одағай сөздерді анықтау үшін морфологиялық белгіні іздеп жатудың қажетігі де болмайды. Сол сияқты шылау сөздерді анықтау үшін, тек олардың семантикасын жеке сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ғана негізге алмаса, оларлың арнаулы морфологиялық формаларын іздеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ үстеу сөздер мен еліктеу сөздерді де анықтауға олардың семантикасы мен синтаксистік қызметі ғана тірек болады, морфологиялық белгі тек қостаушы ретінде ғана қаралады. Сөйтіп кейбір сөз табын анықтау үшін, үш белгінің үшеуін де бірдей қолану болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал, егер бір ғана белгіні таяныш етерліктей болса, онда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы.
Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер ең әуелі атаушы, көмекші, одағай сөздер болып үш топқа бөлінсе, ішінара тағы да топ-топтарға бөлінеді. Атауыш сөздер есімдер, етістіктер деп топталса, есімдердің өздері атаушы есімдер, үстеуші есімдер
Атаушы есімдер: 1. Зат есім, 2.Сын есім, 3. Сан есім, 4. Есімдік
Үстеуші есімдер: 1.Үстеу 2. Еліктеуіш сөздер болып бөлінеді.
Есімдер мен етістіктердің, сондай-ақ көмекші сөздер мен одағай сөздердің құрамдарына енетін топ-топтардың өзді-өздерін лайық семантикалық және грамматикалық сыр сипаттары болады. Бұл мәселелер жеке-жеке сөз таптарының тұс-тұстарында қаралады[1,126-134].

Көмекші сөздердің тіл білімінде зерттелуі
Сөз таптарының ішіндегі ерекше аталатын бұл –көмекші сөздер. Көмекші сөздердің мағыналық, синтаксистік қызметтерінің ерекше болуы тілші ғалымдардың ерте кезден бастап- ақ өзіне назар аудартқан. Алғашқы грамматикалық оқулықтардың авторларының өздері де сөздерді топтастырғанда атауыш сөздермен барабар көмекші сөздерді де жеке топ етіп ажыратып алғандығы тіл білімі тарихынан белгілі. Түркі тілдерін зерттеген ғалымдар да бұл тақырыптан шет қалмаған. Дегенмен, тіл білімі тарихында көмекші сөздердің барлық тобы бір дәрежеде зерттелінбеген. Мәселен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейін көмекші есімдер жеке топ ретінде бөлініп алынбай шылаулар құрамында қаралған. Ал көмекші етістік пен модаль сөздер қазан төңкерісінен зерттелінбеген десек те болады. Модаль сөздердің арнайы зерттелінуі өткен ғасырдың елуінші жылдарынан кейін басталынды.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезде түркі тілін, тарихын, географиялық ортасын зерттеуде орыс ориенталист ғалымдарының еңбегі мол болғандығы рас. Шын мәнісінде Петр І-ден бастап орыстар Сібір, Қазақстан мен Орта Азия жеріне көз алартып, жоспарлы түрде басып алу әрекетін бастап жіберген болатын. Осы мақсат негізінде олар өздерімен көршілес түркі тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен тарихын үйренді. Бұл мақсат кей кітаптарда анық байқалынды. Мысалы, Орыс академиясының мүше-корреспонденті О.И Сенковский «Карманная книга для русских воионов в турецких походах» (СПб. І – Л, 1828, 1829) деп өз кітабына ат беру сыры осыдан. Авторлар өз алдарындағы мақсат үшін қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне сай етіп жасайды да, орыс тілінде бар грамматикалық формалар мен сөздердің қазақ тіліндегі баламасын береді. Салыстырыңыз, «предлог есть часть речи, поставляемая перед именами, местоименями и причастиями, у употребляющаяся падежами, предлоги в Российском языке полагаются на переди речи, а в татарском позади реғчи», - дейді И.Гиганов[4]. Қазіргі күнде көпшілік орыс тілінде жазылған түркі тілдерінің грамматикаларында, ғылыми еңбектерінде қолданылып жүрген послелог термині де жоғарыдағы мағынада И.Гигановтың грамматикасындағыдай қолданылған.
И. Гиганов орыс түріктанушылардың бірі болып саналады. Оның 1801 жылы жарық көрген «грамматикасында» көмекші сөздер жеке бөлініп алынады да, оны екіге бөледі. 1) жай. 2) күрделі деп. Ол орыс тілінің предлогтарына (тақырыбын «в предлогах» деп қойған) татар тіліндегі послелогтар сәйкес келеді деген пікірге сүйене отырып жай көмекшілерге септік жалғауларын, жіктік жалғауларын, сыз-сыз сияқты жұрнақтарды да қосады. Ал күрделі көмекші сөздерге қарсы отыру (отуру), бұрын, ілгері, ілік, ана, басқа, үза, аст, үст, арқа, жақын, ары, бері сияқты сөздерді енгізеді[4,14].
И.Гигановтың «Грамматикасынан» сәл кейінірек жарық көрген А.Троянскиийдің оқулығында да көмекші сөздерге арнайы орын берілген. Ол көмекші сөздерді послелог деп атамай, «постположения» деп атайды да: «Постположения суть частицы несклоняемыу поставлялющие позади имен, местоимений и причастий и управляющие их падежами», - деп анықтама береді[5]. А.Троянский бұл терминнің алдына шылаулар, көмекші сөздермен бірге септік жалғауларды, кейбір сөз жасаушы жұрнақтарды да енгізеді. Дегенмен де, автор түріктанымда алғаш рет шылаулардың септік жалғаулы сөзбен байланыса алатындығын көрсетіп, оларды атау, барыс, шығыс септіктерімен тіркесіп келетін сөздер деп топтастырады[5,27].
1828 жылы О.Сенковскийдің «Карманная книга для русских воинов в турецких походах» кітабының 1-бөлімі, 1829 жылы 2-бөлімі жарық көрді. Ол шығыс тілерін жетік білген. Сондықтан да өз оқулығында көмекші сөздерге ерекше орын берген. Оқулықта автор послелог терминін қолданбай, предлог терминін қолданады. «Все предлоги тюркские ставятся после имен» - деп дұрыс көрсеткен[6,74]. О.Сенковский И.Гиганов сияқты көмекші сөздерді жай және күрделі деп екіге бөліп көрсетеді де, жай көмекшілер әрі әрі қарай бөлінбейді, күрделі предлогтар тәуелдік жалғауын қабылдайды дейді. Жай көмекші сөздерге: 1) атау септікті сөзбен тіркесіп келетін көмекшілер. Оларға сыз (сиз – сизь, вы), безь (биз – мы), мень (мен – я) сияқты жіктік жалғауларын бирясы, учун, үзре, кадар, гиби (как), ашыры сияқты сөздерді енгізген. Ал шығыс септікті сөздермен тіркесіп келетін шылаулардың етюрю, эввель, сонра, бери, башқа сөздерін енгізген. Күрделі шылаулардың ерекше бөліп алады да, оның күрделі болуы оның тәуелдік жалғауын қабылдауынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар қабылдауынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар ілік септікті сөздермен байланысты қолданылады да негізінен үш септік формасымен келеді[6,77]. Егер О.Сенковскийдің күрделі көмекші сөздерге берген мысалын қазіргі күнгі тіл білімі деңгейінде салыстыратын болақ, олардың барлығы көмекші есімдер екендігіне көз жеткізуімізге болады. Олар мыналар: үзерине, үзерінде, үстюне, үстюнде, үстюнден, астына, астында, астындан, түбине, дүбинде, түбиннен, енюне, енюден, қатшымына, қатшымында, ардына, ардында, артындан, етсеине, етсеинде, етсеиндесы, ичерисыне, ичерисинде, ичерисинден, ашагына, ашагында, ашагынан, йокырысына, йокырысындан, йокырысындан йокырысынды, ичине, ичинде, янына, янында, аякындан, аякында, кусусунда т.б. Берілген мысалдарға қарап отырып О.Сенковский жоғарыдағы сөздердің түрлі септікте қолданылуын оның септеліну үлгісі деп есептемеген, оларды жеке-жеке сөз деп есептеген сияқты. Автордың бұл пікірін қолдаушылар ХХ ғасырда да болған мысалы, И.И Мещанинов «..в тюркских языках послелог управляют определенным падежом и сами могут изменяясь по падежам, образовывать новые послеслоги с новы значением. По существу здесь нет склонения рослеслога. Каждая его падежная представляют собою самостоятельной послеслог» - деген болатын[7]. Қазақ тілінің сондай-ақ басқа түркі тілдерінің де, фактісінің көрсетуінше жоғарыдағы сөздердің септелетіндігі, әр септік жалғаулары форма жеке сөз бола алмайтындығын көрсетеді.
Өз дәуіріне дейін пікірлерді жинақтап қорыта білген сөз дәуірінің шоқтығы биік шығармасының бірі Мырза А.Қазан—Бектің «Общая грамматикасы» болып саналады. Бұл грамматика өз кезінде де, одан кейінгі кезде де түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан жоғары бағасын алған. Оқулықта түркі тілдерінің басқа грамматикалық категориясымен бірге көмекші сөздер де арнайы сөз болады. Көмекші сөздере автор оқулығының VIII тарауында тоқталады. Тарау послеслог терминіне түсініктеме беруден басталады. «В тюркском языке совершенно нет предлогов, этот род слов ознаяающий отношение может предметами, тюрками полагается позади слова: по-этому мы его называем послеслогами, как иные после речами и после положениями», — дейді[8,356]. Проф. Мырза Қазан—Бектің көмекші сөздер туралы айтқан пікірін қысқаша былай көрсетуге болады:
1. Көмекші сөздердің қатарына қосымшаларды да енгізген «Буквы и слоги характеризующие падежи в склонении имен и местоимении суть падежные послеслоги[8,356-357].
2. Көмекші сөздерді морфологиялық белгісіне қарай екіге бөледі де, бір тобын түрленбейтін, қосымша қабылданатын көмекшілер десе, екінші тобын тәуелдік жалғауын, септік жалғауын қабылдамайтын көмекшілер деп көрсетеді.
3. Көмекші сөздердің тізімін береді де оларды тұрақты (нағыз) көмекші сөздер және көмекші сөз сияқты қолданатын сөздер деп екіге ажыратды. «Из этих послеслогов несклоняемые суть, учун, иле, биле, бери, дегин, гюре, сиз, которые могут называться постоянными послеслогами: остальные суть имена и наречия, которые несклоняются только тогда, когда они употребляются как послелоги»[8,358-359]. Демек автор түркітанымда алғаш рет көмекші сөз қызметінде қолданылатын зат есім мен үстеулердің бар екендігін көрсеткен. Сонымен бірге ол көмекші сөз қызметінде қолданылған зат есімдер қосымша қабылданбайды, өзгермейтін сөз болып есептеледі деп О.Сенковскийдің пікірін қолдайды.
4. «Общая грамматикада» көмекші сөздер тіркесін келген жетекші сөздің тұлғасына да назар аударылған. Мысалы. узре, ашре, сизь дегендер атау септікті сөздерге, учун, йле, гиби сияқтылар тәуелдік жалғауы сөздерге не ілік септікті сөздерге; дек, тек, дегин, гюре, дайру, нисбет сияқты сөзде барыс септікті сөзбен; ұтру, ата, бири, соңра, хали, башка шығыс септікті сөздермен тіркеседі дейді.
5. Көмекші сөздердің құрамында кірме сөздердің бар екендігін де көрсетеді. Мысалы, араб тілінен енген эввел, ачкдам, гайра, маада, сива сияқты араб сөздері түркі тілдерінде көмекші сөз қызметінде қолданылады деген.
Демеуліктердің де көмекші сөз екендігін көрсетіп, мысал ретінде сұраулық пен демеулігін көрсетеді.
6. Көмекші сөздердің бір тобы зат есімдер сияқты септелетіндігін көрсетеді де, оларға: Ара, ард, ашага, аст, орта, уст, ич, ичери, илери, гери, диіире, гаршы, ен, йокгоры, чауре сияқты сөздерді енгізеді. Бұлар қазіргі кезде .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?