Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары

 Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары

Мазмұны
І. Кіріспе
Бірінші жүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары.
ІІ. негізгі бөлім
Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа кірісуі
а) Бірінші дүниежүзілік соғыстың империалистік сипаты және салдары.
ә) Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайындағы эконмикасы
б) Ресейдегі бірінші дүниежүзілік соғыстың шешуші кезеңі, эконмика дамуының қорытындылары.
ІІІ. Қорытынды
Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері.

Кіріспе
1914-1918 жалдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс аса ірі импералистік державалар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде туды. Капитализмге тән, имперализм кезінде өте-мөте күшейген, әркелкі даму заңының салдарынан ХХ ғасырдың бас кезінде ұлы державалар арасындағы қайшылықтар шегіне жете шиеленісті. Олардың ішіндегі ағылшын –гермен қайшылықтар еді. Экономикалық дамуының қарқыны жағынан Англияны қуып жетіп, оны дүнижүзілік рыноктан ығыстыра бастаған Германия Таяу және Орта Азиялық Шығыста, сондай-ақ Африкада кең экпансия жүргізіп, Британияның отаршылдық империясының біртұтастығына қауіп төндірді. Дүниежүзінде үстемдік орнатуға тырысып, Германия отарлары өз пайдасына қайта бөлісуді ашықтан-ашық талап етті. Германияның экспансиясын әлсірету және өзінің отар иеліктерін, ықпал жүргізетін салалар мен теңсіздігі үстемдігін сақтап қалу үшін Англия барлық күшін салды.
Имперализм дәуірінің барысындағы халықаралық қатынастардан, бір жағынан, Россия және екінші жағынан, Австрия-Венгрия арасындағы қайшылықтар да өз орнын алды. Патшалық Россия бұл елдермен Таяу Шығыста және Балканда соқтығысып қалып отырды, өйткені мұнда олардың экспансиясының күшеюі Россияның ықпалын біржолата жою қаупі туғызды. Патгерманшылдар Польшаны, Прибалтиканы басып алу, Росиядан Украина мен Беларусияны тартып алу жоспарларын құрды. Ал патша өкіметі өз тарапынан Галиция мен қара теңіздік бағдарды басып алуға ұмтылды . Россия мен Германия арасында ірі –ірі экономикалық қайшылықтар да бар еді. Оның үстіне Россия ұлы держава күйінде қалып, өзінің импералистік мүддесін көздегенімен оның өз одақтастарынан –Англия мен Франциядан экономикалық және саясат жағынан тәуелділігінің де үлкен маңызы болды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, ең басты –басты импералистік деравалар арасындағы қайшылықтар Үштік одақ пен ........Антантаның құрылуына әкеліп соқты.
Олардың арасында қарулы соқтығыстың болуы сөзсіз еді, оның үстіне соғыс ашудың инициаторы өте-мөте агрессияшыл және оған жақсы дайындалған гермен имперализмі болды.
1914 жылғы 15 июньде Сараевода Австрия –Венгрия жағының мұрагері эргерцог Франц –Фердинаидты Серб ұлтшылы Гаврила Принциптің өлтіруі соғыстың басталуына сылтау болды. Сол-ақ екен, Австрия-Венгрияның соғыс құмар топтары Сербияға қарсы батыл шаралар қолдануды бірден талап етті. Император Франц –Иосиф өзінің Вильгельм ІІ-ден Сербиға қарсы шығуға ризалығын сұрады. Вильгельмен ІІ Австрия-Венгрия үкіметінің Сербияны «Балкандағы саяси фактор ретінде жою жөніндегі талабын мақұлдап, кешікпей қимылдауға кеңес берді.
Герман импералистері соғысты бастау үшін бұл қолайлы кезең деп тауып, оны жіберіп аламыз ба деп қорықты. Олар өздерінің жоспарын Россияның соғысқа әзірленбегенін және Англия бейтарап қалады деп есептей отырып құрды. Герман соғысқұмарлары тіпті Россия мен Франция, Сербия жағына шыққан күннің өзінде де соғысуға даяр еді.
Германияның келісімін алған Австрия-Венгрия 10 июльде Сервияға қатаң ультиматум қойды. Сербия үкіметі кейбір ескертулермен болса да ультиматумның барлық талаптарын орындауға, эрцгерцогтың өлтірілуі туралы істі Сербия Бериториясында тергеуге Австрия өкілдерін қатыстыру жайлы пунктен басқасына келісті . Солай бола тұрса да 15 июльде Австрия –Венгрия оған соғыс жариялады. Россияның соғыс және теңіз мәселелері жайлы үлкен программасы енді ғана жүзеге асырыла бастағандықтан және ол тек 1917 жылға қарай ғана аяқталуы мүмкін болғандықтан, патша үкіметі Германия арқылы Австрия –Венгрияның Сербиямен қарулы жанжалын болдырмауға әрекет жасады, бірақ одан нәтиже шықпады.
17 июльде патша жаппай мобилизация туралы указға қол қойды. Барлық елдерде соғысқа әзірлік басталды. Енді Англия Францияның талқандалуына жол бермейтіндігін ашық мәлімдеді, бұған Вельгельенің қатты ашу кеді. Германия елшісі сыртқы істер министірі Созановтан Россияның мобилизацияны дереу тоқтатуын талап етті, әйтпесе Германияға да мобилизация жүргізеді деп мәлімдеді. Патша үкіметі бұл талапты қаылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.
19 июль күні кешкісін Германия Россияға соғыс жариялады. 20 июльде Германия Бельгияға ултиматум қойды, ал келесі күні Францияға соғыс жариялады. Англия Бельгияның бейтараптығын қорғауды сылтауратып, 22 июльде Германияға соғыс жариялады. Мұнан кейін, 24 июльде Австрия –Венгрия Россияға соғыс жариялады. Соғыс бірден жалпы европалық сипатқа көшті де көп ұзамай-ақ дүниежүзілік соғысқа айналды. 10 –августа Жапония Германияға қарсы соғысқа кірісті. 20-октябрьде түрік экадрасы орыс жағалауын бомбылағаннан кейін Россия Туркияға қарсы соғыс жариялады. Антанта жағында соғысқа барлығы 29 мемлекет, ал орталық державалар дағында 4 мемлекет қатысты.
Жаңа шыққан соғыс екі жақтан да импералистік, реакцияшыл, әділетсіз соғыс болды.
Бірінші дүнижүзілік соғыстың сипаты соғысушы державалардың өздерінің алдына қойған мақсаттарына айқын көрінді. Орыс үкіметі 1 сентябрьде Англия мен Францияға жолдаған өз нотасында алдын –ала болашақ бітімінің шаттарын ұсынды. Бұл шарттар бойынша Шығыс Галиция мен Меманның төменгі алқабы Росиға өтуге тиісті болды, қайта қалпына келтірілетін, бірақ Россиядан тәуелді Польшаға Познамьды, Силезияны және Батыс Галицияны бермекші болды .
Екі жақтың да импералистері өз үстемдігін нығайты және халықтарды қалау мақсатымен дүниені қайта бөлісудің және бөтен елдердің территорияларын басып алудың кең көлемді жоспарын жасап кең көлемді жоспарын жасап жатты. (Шов)
Россияның Жаңа рыноктарды басып алуда, соғыс жабдықтарын шығару есебінен болады. Көздеген буржуазиясы мен помещиктері соғыстың басталғаны туралы хабарды мақсаттана қарсы алып, «патша халықпен бірлесті» деп жариялады. Шовинизм уымен мастанған буржуазиялық интеллигенция, студенттер, ұсақ буржуазияны тоғымалар да соғысты у-шу боп қарсы алып, « қадірлі» монархқа «ура» деп айқайлады.
Бірақ тұтас алғанда жұмысшы тобының арасында соғысқа қарсы көңіл күйі күшті болды. Мұны ескере отырып, Думадағы меньшевиктер фракциясы большевиктермен бірге ортақ декларация қабылдап, онда соғысты айыптап, оған қарсы күрестің құралы еңбекшілердің халықаралық пролетарлық ынтымағы деп жариялады.
Большевиктер соғыс бюджетіне дауыс еруден бас тартты және оған наразылық білдіріп Думаның мәжілісін тастап кетіп қалды. Сондай-ақ меньшевиктер мен әсерлер фракциялары да соғыс бюджетін қабыл алмады. Алайда соғыстық бүкіл барысында дәйекті революцияшыл позицияны ұстаған бағыты тек большевиктер партиясы ғана болды. Ал ұсақ буржуазиялық меньшевиктер мен әсерлер партияларының ұстаған бағыты сол бұрынғысынан тұрақсыздығымен, ауытқушылығымен көзге түсті. Олардың ішінде соғысқа түрлі-түрлі көзқарастың бар екені байқалды.
Россия химиялық оқ дәрімен және техникалық құралдармен нашар қамтамасыз етілген еді, мылтықтар мен зеңбіректердің жеткілікті қоры болмады. Орыс корпусы өзінің атқылау күші жағынан германия корпусынан айтарлықтай нашар еді. Жалпы алғанда орыс армиясы күшті дұшпанмен ұзақ соғысуға әзір емес еді. Оның үстіне көп жағдайларда әскерлерге даярлығы нашар, ол кейде тіпті ірі құралдарды басқара алмайтын топас генералдар басшылық етті.
Герман армиясында мобилизациядан кейін 9388 далалық зеңбіректері бар 3,8 млн. адам болды. Қару –жарақтары мен оқ –дәрісі жеткілікті, соғыс ісіне жақсы үйретілген ол елеулі күшке айналған еді.
Россия немістер мен австралиялықтарға алты армияны қарсы қойды: оның екеуі Солтүстік –Батыс майданда, төртеуі Оңтүстік –Батыс майданда орналасты, тағы екі армия Петроград пен Россияның Оңтүстік аймақтарын тасалап қорғап тұрді.
Патшаның екі аталас ағасы ұлы князь Николай Николаевич (кішісі) жоғарғы бас қолбасшы болып, оның штаб бастығына, генерал Янушкевич тағайындалды. Солтүстік-Батыс майданы генерал Жилинский, Оңтүстіік-Батыс майданды генерал Ивнов басқарды .
Германия үшін қатерлі күндерде орыстардың Солтүстік майданының шабулы басталды. 4 –августа генерал Ренненкампф басқарған 1-орыс армиясы шабулға шықты. 7-августа Гумбинел –Гольдап шайқасында ол немістерді быт-шытын шығара жеңді. Сол күні-ақ кешкісін 2-орыс армиясы Шығыс Пруссияға басып кіре бастады, мұның өзі герман әскерлеріне тылдау қоршау қаупін төндірді, сондықтан олар шегінуге мәжбүр болды. Сөйтіп, орыс әскерлерінің ойдағыдай қимылдарының нәтижесінде немістер Батыста болатын шешуші ұрыстардың қарсаңында ол жақтан әскерлерінің бір қатарын шығысқа жіберуге мәжбүр болды.
Алайда одан әрі Ренненкапф дұшпаннан көз жазып қалды да, 2-армиямен қосылу бағытында шабуыл жасамай, жайлап Кенигсберге қарай жылжи берді. Бұл неміс командовалиесінің 2-орыс армиясына әлдеқайда басым күшті шоғырландыруына мүмкіндік берді. Ұзақ жүрістерден шаршаған, азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген 2-орыс армиясы нақты жағдай туралы дәл мәліметтер болмағандықтан бір-бірнен алшақ бағытта шабуыл жасады. Ұстап алған радиограммалардан орыс әскерлерінің жағдайларын біліп қойған немістер армияның бір-бірінен байланысы үзілген екі қанаттағы корпустарын бірінен соң бірін талқандады, ал одан кейін орталық топты қоршап алды.
Австрия-венгрия командованиесі мықты қарсы соққы бермекші болды, бірақ бұрын қорғанып жатқан үш орыс армиясының шабулға шығуының нәтижесінде онысы жүзеге аспай қалды. Орыстар сан өзінен өтіп, Перемышль бекінісін қоршауға алды. Полициядағы қырғын шайқаста Австрия-Венгрия 400 мыңдай адамынан, 400 зеңбірегінен айрылды. Орыстардың шығыны да едәуір болды, тылдың берекесі кетті, оқ-дәрілер жетіспеді. Бұл орыс командованиесінің шабуылды жоқтауына мәжбүр етті. Осы шайқастан соң Германия өзінің жауапкершілік қабілетінен айрылып, шығынға ұшырады. Бұл немістердің Шығыс Пруссиядағы табыстарының маңызын жойып жіберді. Гермен командавониесі орыстар Салезияға басып кіреме деп қатты үрейленді . Германияның жоғарғы командованиесінің жаңа штаб бастығы Фалбкенгайнның сөзімен айтқанда: «орыстар Жоғарғы Силезияны уақытша болсын, алып қойған күнде» көп ұзамай соғысты жүргізудің өзінде ешқандай мағына болмайтын еді».
Орыс армиялары қайтадан Германияның шекараларына жетіп, олардың Силезия мен Позьнанға басып кіру қаупі бұрынғыдан да күшейе түсті. Бірақ дереу шабулға шығуға орыс армиялары сақадай сай емес еді, ал герман командавониесі мұны пайдаланып қалды. Немістер орыстардың 2 және 5 армияларын «қыспаққа» алмақшы болды. Бірақ олардың Лодзьға батычстан жасалған шабулы сәтсіздікке ұшырады. Оқ-дәрінің өтежетімсіздігіне қарамастан орыстар қайтпас қайсарлық көрсетті. Дәл осы кезде 2-армияға көмекке оңтүстіктен 5-армияның бөлімшелері келіп жетті, ал Шығыстан 1-армия жақындап қалған еді. Осының нәтижесінде немістердің орыстарды қоршамақшы болған тобының өзі қоршауда қалды.
1914 жылғы науқанның нәтижесінде Германияның «қауырт соғыс» жоспары толық күйреді. Гермен командованиесі Батыста шешуші жеңістрег жете алмады. Германияның көп күшін өзіне тартқан және оған ұдайы қауіп төндіріп отырған орыс майданының атқарған рөлі осал болған жоқ.
Егер соғыстың бос кезінде немістер Шығыс майданда 18 жаяу және атты әскер дивизияларын ұстаған болса, 1915 жылдың басына қарай мұнда 48 неміс дивизиясы шоғырландырылды. Алдағы уақытта Германияның екі майданда ұзаққа созылған ауыр соғыс жүргізуіне тура келетін болды.
Жылдың аяғына қарай орыс армиясы қиын жағдайда болды. Патша қкіметінің іріп-шіріген әскери машинасының нашарлығы оны аса зор құандыққа душар етті. Ол көп адам күшінен және материалдық құрал-жабдықтарынан айрылды. Соғыс жабдықтарының жетіспейтіндігі біліне бастады, ал жылдың аяғына қарай мүлдем тапшы болды. Мылтықтардың қоры таусылды, зеңбіректер жетіспеді, ал жыл аяғына қарай болған снаряд тапшылығы ұрыс операцияларына кедергі жасап, адам күшінің шығынын көбейтті .
Одақтастарға Росияның мейлінше белсеніп қимыл жасауы аса тиімді болды, мұның өзі оларды 1914 жылғы қатты жеңілістен құтқарды. Россияның соғысқа деген ынтасын мүмкіндігінше арттыра түсу үшін олардың бұғаздар жөнінде келісімге баруына тура келді. 1915 жылғы 12 мартта Англия, ал 10-апреьде Франция соғыс жеңіспен аяқталған күнде Константинопль мен бұғаздарды Россияға беруге келісті....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі