Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі

Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі

Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі казакша Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................3
1 -тарау. Мюнхен келісімі қарсаңындағы Европадағы халықаларық жағдай.
1.1. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы және батыстық ірі мемлекеттерінің ұстанған саясаты.................8
1.2. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі................................................22
2- тарау. Мюнхен келісімі және оның зардаптары.
2.1.Судет дағдарысы және Мюнхен келісімі........................................................27
2.2. Германияның Чехословакияны толық жаулап алуы....................................38
Қорытынды.................................................................................................................40
Сілтемелер................................................................................................................42
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................48

Кіріспе
1938 жылы 29-30 -қыркүйекте өткен Мюнхен конференциясына биыл 65 жыл толады екен. Жылдар өткен сайын тарих беттері бұл конференцияға қатысты тың ойлармен толықтырылып отырары рас. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғысқа жол ашқан осы конференцияның орны тым ерекше. Конференцияға қатысқан мемлекеттер, олардың ұстанған саясаты, 30-шы жылдардағы халықаралық жағдай осы Мюнхен келісімі арқылы көрінген еді. Сондықтан Мюнхен келісіміне қатысты мәселені зерттей отырып ең алдымен, оған баға беруге керек шығар. Бұлай болуында да өзіндік себебі бар. Әр зерттеушінің Мюнхен келісімі туралы пікіріне тоқтала отырып, бәріне ортақ тұжырымды анықтауға болады.
30-шы жылдардағы халықаралық жағдайдың күрделі болуы, саяси сахнаға фашистік бағыттағы Германия, Италия, Жапония секілді мемлекеттердің шығуымен ғана емес, Англия, Франция, АҚШ сынды ірі мемлекеттердің бұлыңғыр саясаттарына да байланысты. Егер Англия, Франция, басқыншы мемлекеттерге дер кезінде тосқауыл қоюға ұмтылғанда, тарихта орын алған үлкен олқылықтар болмаста ма еді.
Мюнхен келісімі тарихи зерттеу жұмыстарында айтарлықтай қарастырылған.
Мюнхен келісімі қарсаңындағы халықаралық жағдай, оның барысы, онда қабылданған құжаттар және т.б. көптеген деректемелер арнайы топтастырылған еңбектерде көрініс тапқан./1/. Осы деректерге көз жіберте отырып, мемлекет және үкімет басшыларының, елшілердің, белгілі саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерін байқауға болады. Осы арқылы Мюнхен келісіміне қатысы бар мемлекеттердің қандай саясат жүргізгенін анықтай аламыз.
Мюнхен келісімін қарастырған зерттеушілер көп-ақ. Олардың әрқайсысы оны өз қырынан қарастырып баға беруге ұмтылған. Сондықтан олардың Мюнхен келісімінің қыр-сырын барынша ашып көрсетуге тырысқандығы байқалады.
Мюнхен келісіміне қатысты алғашқы ғылыми еңбектер сол уақытта-ақ жарық көре бастады./2/. Мюнхен келісіміне қатысты алғашқы пікірлер тұжырымдар айтылған бұл жинақтарда ғылыми негіз жоқ еді. Мұндай талаптарға біршама жауап беретін еңбектер 40-шы жылдардың соңына қарай шыға бастады./3/. Бұл еңбектер Мюнхен келісімі проблемасын ғылыми ортаға енгізуімен құнды болып табылады.
Мюнхен келісімінің жан-жақты ғылыми талаптарға сай зерттелінуі 50-ші жылдарда жүзеге аса бастады. Осы жылдардың ішінде Н.Я Попов, В.А. Матвеев, Э.Ротистейн сынды зерттеушілер монографиялық еңбектерін жариялады./4/. Бұл жылдары Мюнхен келісімі проблемасын өз еңбектерінде басқа да зерттеушілер қарастырып өтті./5/.
Мюнхен келісіміне қатысты 60-шы жылдары жарық көрген зерттеу жұмыстары біршама аздау. Мүнда В.Т.Поляков пен В.Т.Трухановский монографияларын атап өтуге болады./б/. Өз зерттеу еңбектерін Англияның саяси қадамдарына арнай отырып, бұл зерттеушілер Мюнхен проблемасындағы англия орнын көрсетеді. 60-шы жылдары жарық көрген зерттеу жұмыстары Мюнхен проблемасын жекелеген мемлекеттің саясаты негізінде ашып беруге тырысты.
70-шы жылдары жарық көрген монографиялық еңбектерден В.Крал, И.Д.Овсяный, В.Я.Сиполе, В.К.Волков, З.С.Белоусова сынды зерттеушілердің жұмыстарын атап өткен жөн. Әсіресе чех ғалымы Вацлов Кралдың зерттеу жұмысы мәселені ашып көрсетудегі толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді. Бұған қоса ғалымның сүйенген дерек көздерде оның еңбегін қомақты етіп түр. Аты аталған зерттеушілердің қалғандардың Мюнхен келісіміне тікелей болмаса да, көп мөлшерде жанасатын түрғындағы монографияларын жазған.
Мюнхен келісімі, оған итермелеген алғышарттар, жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі халықаралық жағдай туралы жазылған зерттеу жұмыстары 80-ші жылдары да көптен жарық көрді. Солардың ішінде жоғарыда аты аталған ғалымдардың еңбектері елеулі орын алады. В.Крал, в.Г.Трухановский, В.Я.Сиполе, Ф.В.Волков, Н.Ю.Борисов сынды зерттеушілердің еңбектерінен көптеген құнды тұжырымдар кездестіреміз./7/.
Осы 90-шы жылдары Мюнхен келісіміне тоқталып, ол туралы айтып өткен зерттеу жұмыстарынан У.Ширердің еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектің құндылығы сол мезгілде, яғни оқиға өрттен мезгілде жазылуында болып түр./8/.
Монографиялық зерттеу еңбектерінің бірқатары айтылып, оларға қысқаша тоқталып өткен соң, осы тақырыпқа арналған жалпы жұмыстардың да бар екендігін айту керек. Жекелеген авторлардың бір мәселе төңбрегіндегі зерттеулері жинақ ретінде жарық көріп, көптеген құнды ойлар айтқан еді./9/.
Мюнхен келісімі туралы монографиялық, топтама еңбектерден өзге, мерзімдік баспа беттерінде жарық көрген мақалалар өте көптеп саналады./10/. Олардың әрқайсысы өзіндік пікірін білдіре отырып, мәселені аша түсуде азда болса үлес қосты.
Мюнхен келісіміне қатысты әдебиеттер осы көлеммен ғана шектеліп отырған жоқ. Біз, қарастырған тақырыбымыз ға орай, әдебиеттерді үйлестіре отырып пайдалануға тырыстық. Сондықтан, көптеген зерттеу жұмыстарының, мақалалардың және т.б. назардан тыс қалуы ғажап емес.
Ал, өзіміз пайдаланған әдебиеттерге келетін болсақ, ондағы құнды ойларды дұрыс қолдану керек дер едік. Өз заманының ой ағымына сай жазылған еңбектердің тіптен шындыққа сай келетін тұжырымдарын таба біліп, оны бұрмалай пайдалану керек дегіміз келеді.
Мюнхен келісімі екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына тікелей алып келген үлкен қателік еді. Өз еңбегімізде біз осы қателікті ашып көрсетіп, оған неліктен жол берілді соны анықтамақпыз. Бұл тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, ең алдымен ірі мемлекеттердің саясатына көз жіберту қажеттілігін айтсақ, одан кейін әр мемлекеттің өзіндік ерекшеленген ескерген саясаты болуы керектігін ауызға алар едік. Осы екі мәселеге кеңірек көңіл бөлу, Мюнхен келісімі арқылы жүзеге асады. Осы келісімнің тарихын зерттей отырып, өр мемлекет өзі үшін қарекет ету керектігін байқар едік.
Сонымен, Мюнхен келісімін Еуропадағы халықаралық жағдайы түбірімен өзгертіп, жаңа күш салмағын байқатқан алғашқы ірі келісім болып, адамзат үшін таусылмас қасыретке толы, екінші дүниежүзілік соғыстың бастамашысы деп бағалар едік.
І тарау. Мюнхен келісімі қарсаңындағы Европадағы халықаралық жағдай.
1.1. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы және батыстың ірі мемлекеттерінің ұстанған саясаты.
Версаль бітім шарттары (1919 ж) және онымен байланысты келісімдер, ғасырдың басындағы империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтары жойған жоқ еді:
Мұның өзі, бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан мемлекеттердің қайтадан наразылық білдіруіне мүмкіндік берді.
Версаль бітім шарттарымен тығыс байланысы бар Вашингтон конференциясы да (1921-1922) тынық мұхиты аймағында жаңа тартыстарға итермеледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары, кейінгі уақыттағы халықаралық жағдайға түбегейлі өзгерістер алып келді. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында ірі империалистік мемлекеттер отар елдерді бөліп иеленуден, дамыған капиталистік елдерді бағындыруға кірісе бастаған болса, соғыстан кейінгі жағдайда толықтай отарлауға кірісті.
Бірінші дүниезүзілік соғыстан кейінгі кезеңде халықаралық сахнада елеулі сапалық өзгерістер орын алды. Бейбітшілікті қолдаушылар мен соғысқа ұмтылушылар арасындағы салмақ өзгерген-ді. Бірінші дүниежүзілік соғыста қағылып қалған Германия, Италия, Жапония мемлекеттеріндегі реакцияшыл күштер реваншистік ұрандар көтерді. Версаль шарттарының әділетсіздігін, оның халықтар құқын төмендететіндігін және т.б. айта отырып, оны жоюды талап етті.
Бұған қоса 20-шы жылдардың соңы 30-шы жылдардың басында, әлемдік экономикалық дағдарыс орын алды. Осындай жағдайда Европаның бірқатар мемлекеттерінде ел билігіне реакцияшыл күштер келді. Фашистік және авторитарлық тәртіпке негізделген мемлекет жүйесі 20-шы жылдары Венгрияда (1920 ж), Италияда (1922 ж), Болгария мен Испанияда (1923 ж), Албанияда (1924 ж), Грецияда (1925 ж), Литва Полыиа және Португалияда (1926 ж) орнаған еді./11/. 20-шы жылдардың соңымен 30-шы жылдардың басында әлемді түгелдей қамтыған экономикалық дағдарыс, алдыңғы қатарлы мемлекеттер ішіндегі реакцияшыл күштердің белсенді әрекет етуіне негіз болды.
АҚШ, Англия, Франция ішіндегі фашистік партиялар билікке келу үшін әрекет жасағанымен кең қолдауға ие болған жоқ. Ал, Германиядағы фашистік күштер 1933 ж қаңтарда мемлекет билігіне келді. Германияда фашистік билік басына келуі, халықаралық жағдайдың өзгеруіне себепші болып, екінші дүниежүзілік соғысқа алып келді.
Фашистік диктатура туралы сөз қозғар болсақ, ең алдымен Германия мен Италияға тоқталатынымыз сөзсіз. Өйткені бұл екі мемлекетте де фашизмнің классикалық түрі өмір сүрген еді. Германияда да, Италияда да, фашистік партиялардың басшылары монополистік капиталдың, ірі жер иелерінің және әскері гоптардың неғүрлым реакцияшыл, шовинистік, аса агрессияшыл топтарының мүддесін көздеді./12/. Бұл бағыттағылардың ерте ме, кеш пе әлемдік үстемдікке ұмтылары сөзсіз еді. Өйткені ішкі рынокты толық қамтамасыз етіп, өз билігін орнатқан ірі монополия иелеріне, сырт жерлерден жаңа рынок табу қажеттігі туындайтын. Бұл ойларына жету үшін ірі монополия иелеріне басқыншы идеология мен сол басқыншылықты жүзеге асыратын әскерілерге сүйенді. Біз, ойымызды сабақтай отырып, ең алдымен 30-шы жылдардағы халықаралық жағдайға тоқталып өтейік.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықта, соғыста жеңіліс тапқан мемлекеттер өзді-өзіне келумен болды. Ал 30-шы жылдарға қарай бұл мемлекеттер өз өкпелерінен білдіре бастаған еді. Реакцияшыл күштердің мемлекет билігіне келуі әлемдегі жағдайдың күрт өзгеруіне алып келді. Кеңестер Одағын есепке алмағанда, әлемдегі мемлекеттердің екі топқа бөлінгендігін байқауға болады. Оның бірін, әлемдікке үстемдікке ие болып отырған АҚШ, Англия, Франция құраса, екіншісіне Германия, Италия, Жапония секілді "өкпелі" мемлекеттер кірді. Бұлардың бірі өз үстемдігін нығайта түсуге ұмтылса, екіншілері "өз үлестерін" алуға толпынды, әрі бұған жету жолын соғыс арқылы көрді. Империалистік соғыста Жапон билеушілері бүкіл Қиыр Шығысқа үстемдік жүргізгісі келетіндігін анық көрсете бастады./13/. 1931 ж. Жапония Солтүстік-Шығыс Қытайда жаулап алып, Маньчжау-Го қуыршақ мемлекетін құрды. Жалпы, Жапонияның басқыншылық саясатын, Жапонияның әскері министрі генерал С.Аракидің 1933 ж"өзініің мемлекеттік саясатын жүзеге асырып отырған Жапония Кеңеңс Одағымен қақтығысатыны сөзсіз және Тримор, Забайкал мен Сәбір территориялары соғыс жолдарымен жаулануы тиіс",- деп мәлімдеуінен анық байқауға болды.
Жапонияның мұндай саясатына АҚШ, Англия наразы болды. Әрине, мұнда олар өз мүдделеріне нұқсан келген туыстарын ғана келіспейтін. Бұл мүдде Қытаймен байланысты еді. Вашингтон келісімдері бойынша Қытайда АҚШ ұсынған "ашық есік" және "тең мүмкіндіктер" принциптері бекітілген болатын. Мұндай принциптер экономикалық қуаты мол мемлекеттер үшін тиімді болды. Сондықтан да Жапонияның Қытайды жаулап ала бастауы осы тұрғыдан қауіпті еді. АҚШ Қытай секілді ірі рыноктан айырылуды жөн көрмеді. Бірақ АҚШ Жапониямен ашықтан-ашық соғыс жүргізуге даяр еместін. Бірден-бір шешім дипломатиялық күрес деп табылды да, Жапониямен күрес сол арқылы жүрді. Англия Қиыр Шығыстағы өз үстемдігінен айырылғысы келмегенімен, Жапонияға қарсы күш қолдануға дәрменсіз еді. Англия ірі теңіз державиясы болғанымен Қиыр Шығыстағы әскері күшімен Жапониямен тіке-тіресе алмайтын. Осыған орай, ағылшынның белгілі саяси қайраткері Лорд Сесілдің "Англияның Қиыр Шығыстағы ұстанатын саясаты Жапониямен қақтығыспау",/14/. -деген сөзіне сүйене отырып, Англияның да дипломатиялық күресті таңдап алғанын байқаймыз. Жапонияның күшеюіне АҚШ-та, Англия да қауіппен қарады, бірақ ашық соғысудан бас тартты. Олардың таңдаған (саясаты) жолдары Жапонияның бетін Кеңестер Одағына бұру болды, яғни Жапонияның басқыншылығымен Кеңес Одағын әлсірету мақсатында пайдалану. Кеңестер Одағының бұл бағыттағы әрекеттері, келесі бөлімде болатындықтан тоқталмадық. Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы бір ғана Жапониямен байланысты болса, Европадағы жағдай күрделірек еді. Үкімет билігіне 1922 жылы келген Муссолини Италияны соғыс ошағына айналдырды. "Ежелгі Римнің құдыретін" қалпына келтірмек болған Муссолини 1930 жылы "сөз тамаша ғой әріне, бірақ мылтық, зеңбірек, әскері кемелер мен ұшақтар тіптен керемет",~деген еді./15/. Муссолинидің былайша сөйлеуі, оның соғысқа әзірлігін көрсетсе керек. Дегенменен Италияның экономикалық куаты Европаның басты мемлекеттерінен әлсіз болды. Мұның өзі оның басқыншы әрекеттерінің жүзеге асырылуына тосқауыл қойды.
Муссолини аталып отырған жылдары, яғни 30-жылдардың бас кезінде бірінші кезекке дипломатиялық күресті қойды. Осы арқылы Италия өзі тиімді жағдайларға қол жеткізіп, соғыс әрекеттеріне көшуді ойластырды. Италияның дипломатиялық қадамдары туралы, алда сөз болатындықтан, келесі бір соғыс ошағына айналған мемлекетке тоқталайық. Бұл мемлекет фашистік Германия еді. 1933 жылы 30-шы қаңтарда үкімет билігіне келген Гитлер алғашқы күндерінен-ақ, соғысқа өзірлене бастады. 1933 жылы 3 ақпанда Герман әскери күштерінің басшыларымен өткен мәжілісте Гитлер "саяси құдыреттілікке" жету үшін армияны нығайту турасындағы өз ойларын білдіріп өтті. Гитлердің басшылығындағы Германия 1914 жылғы шекараларды мойындамайтындығын және жаңа территорияларды жаулап алуға ұмтылатындығын жасырған жоқ./16/.
Германия жаңа территориялардың қажеттігін айта отырып, бірінші дүниежүзілік соғыстың қателіктерінен аулақ болуға ұмтылды. Гитлердің сөзіне сүйенетін болсақ "Европаның оңтүстігіні мен батысын жаулауға бағытталған германдық кресшілердің жорығынан бас тартып, өз назарларын Европаның шығысындағы жерлерге аударған"./17/. Германия, дипломатиялық күреске де айрықша мән берді. Германияның соғысқа ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 13 | 5.02.2019



Загрузка...
Читайте также
Қазақ Ұлттық ойындары жинағы: Тоғыз аяқ, тоғыз табақ
Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы
Қазақ Ұлттық ойындары жинағы: Тоғыз аяқ, тоғыз табақ
Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Қазақша шығарма: ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
Курстық жұмыс: Тарих | Екінші дүниежүзілік  соғыс  басындағы  кеңес-ағылшын қатынастары (1939-1941ж.ж)
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес-ағылшын қатынастары (1939-1941ж.ж)
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Биология (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қалыптастырушы бағалау (ФО) жинағы
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Биология (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Курстық жұмыс: Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес-ағылшын қатынастары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес-ағылшын қатынастары
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы
Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Мюнхеннің келісімі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Мюнхеннің келісімі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: Тарих | Мюнхен келісімі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін