Курстық жұмыс: Қаржы | Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы

Курстық жұмыс: Қаржы | Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы казакша Курстық жұмыс: Қаржы | Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы на казахском языке

Мазмұны
КІРІСПЕ
I ВЕКСЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік.
1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі

II «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы»
2.1. Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


I ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ

1.1 Вексель туралы жалпы түсінік
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы - вексель болып табылады. А.А. Фелдманның айтуынша: «вексель - мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д.М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель - бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады. /3, 45-46 б./
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні -несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.
Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды). /6, 47 б./
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
• Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайга, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
• Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
• Үшіншіден, вексельді айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды. /4, 9-10 б./

1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі

Классикалық вексель айналымының негізін коммерциялық вексель құрайды. Қазақстан тәжірибесінде негізінен қолданылатын вексельдің түрлеріне - жай және аудармалы вексель жатады. Дамыған Жапония және Франция елдерінде аудармалы вексельді белсенді түрде қолданылады.
«ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес жай және аудармалы вексельді қарастырайық. /1/
Жай вексель (соло) ~ вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Сурет-1 - Жай вексельдің айналысы
1. Вексельді тауар сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші - вексель иемденушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынып отырады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді, яғни вексельді өтейді;
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни тратта) пайдаланылса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әлбетте үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді үстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшініыі бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Акцепт - есеп айырысуда төлеушінің (акцептанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі, демек акцепт есеп айырысудың бір түрі. /4, 46 6/
Аудармалы вексельдің айналысын келесі суреттен көре көре аламыз:

Сурет-2 - Аударым вексельдің айналысы

2-ші суреттегі:
1. вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) яғни қарызға тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
2. төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп оны вексель берушіге (трассанқа) қайтарады.
3. вексель беруші (трассант) акцепттелген вексеьді ремитентке - аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
4. ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемдерді өтеуге жіберіп отырады;
5. трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
6. ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді;
8. ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі - төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары бар.
Бұл айырмашылықтарға келесілер жатады:
• Жай вексель - бұл қарапайым түрдегі борышқордың борыштық қолхаты, яғни төлеуге берген сөзі. Аудармалы вексель - бұл кредитордың қарыз алушыға төлеушіге тиісті ақшалай қаражатын ремитентке төлеуі туралы ұсынысын білдіреді;
• Жай вексельде екі тұлға қатынасады: вексель беруші (қарыз алушы) және вексель ұстаушы (кредитор). Аудармалы вексельде кемінде үші немесе одан көп тұлға қатынасады: вексель беруші (кредитор) - трассант, төлеуші (борышқор) - трассат, вексель ұстаушы - ремитент;
• Жай вексельде вексель беруші - бұл вексель ұстаушыға қатысы бойынша төлеуші немесе вексель ұстаушының үкімі бойынша үшінші бір тұлғаға қатысты алғанда ол әрдайым вексельдегі қарызды өзі төлейді. Сондықтан да бұл жерде вексельді акцептеу қажет етілмейді.
• Аудармалы вексельде вексель беруші - бұл кредитор, бірақ та ол, өзінің борышқорына қарызды өзіне емес, яғни өзі борышқор болып табылатын үшінші бір тұлғаға (вексель ұстаушыға) төленуіне ұсынысын жасайды. Бұл дегеніміз ол өзінің қарызын өзі төлемейді, бірақта ол төлемді оның өтініші басқа бір тұлға жасайды. Аудармалы вексель арқылы қарызды төлеу басқа тұлғаға өтеді.
Осыдан келіп, оның аудармалы деген аты туындайды. Вексель берушінің міндеті мынадай бір өзіндік шартты көздейді «Егер де төлеуші төлемесе, мен төлеймін» деген сипатқа ие. Соған сәйкес аудармалы вексельдің бет жагында төлеушінің қолы түрінде акцептің болуы талап етіледі. Лударым векселінде мыналар болуға тиіс:
1) құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы қркат жасалған тілде айтылған "вексель" атауы;
2) белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бүйрық;
3) төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;
4) төлем мерзімін көрсету;
5) төлем жасалуға тиіс орынды көрсету;
6) кімге немесе кімнің бұйрығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;
7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету;
8) вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қаржы курстық жұмыстар, Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы, курстык Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар, Курстық жұмыс: Қаржы | Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін