Курстық жұмыс: Экономика | Дебиторлық борыштар есебi мен аудитi

Курстық жұмыс: Экономика | Дебиторлық борыштар есебi  мен аудитi казакша Курстық жұмыс: Экономика | Дебиторлық борыштар есебi  мен аудитi на казахском языке

Мазмұны
Кiрiспе

І тарау. Дебиторлық борыштар есебi
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi

ІІ тарау. Дебиторлық борыштар аудитi
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті



І тарау. Дебиторлық борыштар есебi
1.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты

Дебиторлық борыштар – бұл заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс.
Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетінін – дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан ең қомақтысы. Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет: өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын; түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын; сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштарын; бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық (жіктеу) есептің дұрыстығын. Мұндай жағдайда аналитикалық (талдау) есеп мынандай мәселелерді қамтамасыз етуге міндетті: вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді; «сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімінің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін: «сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімінің шоттары бойынша анадитикалық есеп жазуларының № 11 журнал-ордердегі, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін;
талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын.
Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылып, күдікті қарыздар резервінің шоттарына жатқызу арқылы жа
1.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi

Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесі шоттар қараған:
алынуға тиісті борыштар шоттар;
алынған вексельдер;
сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштар.
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыш шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен
Қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
«Алынуға тиісті борыштар шоттары» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер /тауарлар/, атқарылған жұмыстары мен қөрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылданған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есертеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе, олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелуі /орындалу/ көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алында деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу /өтеу/ құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялвқ несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шарадарын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да нестеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін бедгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орый субъектілердің таңдап алған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.
«Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:
Мысалы, Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 /үш жүз мың/ теңгенің дайын өнімдері 500000 /бес жүз мың/ теңгеге сатылды, соның ішінде 80000 /сексен мың/ теңге ҚҚС сомасы/ .
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт «Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны» 300000тг.
Кт «Дайын өнімдер» 300000тг.
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт «Алынуға тиісті борыштар шоты» 420000тг. Кт «Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты» 420000тг.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Дт «Алынуға тиісті борыштар шоттары» 80000тг. Кт «Қосылған құн салығы сомасы» 80000тг.

Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт «Ақшалар шоты» 500000тг. Кт «Алынуға тиісті борыштар шоттары» 500000тг.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, оған сәйкес «материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «негізгі құралдарын есептен шығарылуынан алынатын кіріс», және «құнды қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелінгенде «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеніліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеніліп, «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептелініп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдемелердің бағандарында сатып алушылар /тапсырыс берушілер/ бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 жорнал-ордер қолданылады.
Тауарларды сату және сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісім-шарттарымен және тағы бас құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Кеоісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі ”тауар” болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасымен келісілген жалпы құны аладып өтуі қажет.
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Дебиторлық қарыз айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және лд үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.
Ондай қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, коммерциялық ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез келген еәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылданбас бұрынекі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын беоген кәсіпорын автоматты түрде төленуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім-шартқа отырады. Ондай келісім-шарт ашық та, жабық та болуы мүмкін.
Осы келісім-шартта, клиентке құқын өзіне қайтып беру мәселесі де айтылады, яғни регресс құқы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің құны көрсететін қызметтің түріне, қаржылық жағдайына және т.б. факторларына тәуелді болып келеді. Мысалы; «Қос қанат» ЖШС «Эверест плюс» ЖШС –на 326250 теңгеге тауарды беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы жеткізіп берген тауарына толық төлемін алу үшін «Қос қанат» ЖШС факторинг компаниясымен келісім шартқа отырады.
Келісім шарттың жағдайы бойынша факторинг компания (қаржылық агент) «Қос қанат» ЖШС-тік «Эверест плюс» ЖШС –на тауарды жөнелткеннен үш күннің ішінде «Қос қанат» ЖШС-тің есеп айырысу шотына ақшаны ауларуы тиіс. Шын мәнінде, «Эверест плюс» ЖШС жасалған контрактының 80% құнын бірден аударған, ал қалған контрактының құнынан (20%) марапаттау сомасы ұсталып, содан қалған сомасы аударылған. Келісім шартқа сәйкес марапаттау сомасы, несие мөлшерлемесі сияқты 38% жылдық мөлшерлемесінің деңгеінде ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күнде құраған.
Факторинг келісім шарты бойынша марапаттау сомасы 1,9% ((38%х18күн)/360 күн)) құраған және сол сомасы төлеуге қабылданған.
Енді шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
Тұрақты баға келісім-шартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Ақшанаң құнсыздану жағдайында әсіресе келісім шартқа қол қою мен тауарларды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теңге құнының өзгеруіне байланысты тиімсіз жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквивалентті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе 100% /пайызы/ сомасының төленгендігі тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісім шартқа отыру барысындағы тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді. Мысалы, бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта. Бұл жағдайда бастапқы бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісім-шартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісім шарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
Вексель дегеніміз оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің еисіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Векселді толтырушы яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.

ВЕКСЕЛЬ
100000 (жүз мың) тенге 25.03.2005 жыл
Төленуге тиісті сома мөлшері Вексельдің берілген уақыты

ВИТА фирмасы
Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты

13.12.2005 жыл
Төлену мерзімі

Қос қанат ЖШС
Вексель беруші ұйымның аты

Әділхан М.О.
Тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы
Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді. Вексельді пайдаланылуы барысындағы міндеттері:
- дебиторлық қарыздың өтелу мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту;
- шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға дебиторлық қарыздарды нақты дәлелдеу;
- пайыз түрінде төлем алу үшін негізі;
- айналымға жіберілу мүмкіндігі.
Дебиторлық қарызды жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 302шотында және 301 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөленеді.
Жәй вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады. Жәй вексель борышкердің жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парағында жазылады.
Аударылмалы вексель - /тратта/ кредитордың /транссангтың/ қарызкерге /трассатқа/ белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесес жеке тұлғаға /ремитентке/ төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналынады. Яғни оның жәй вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.
Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлуге болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құыныда төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі.
Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
302 шотта пайыздық та, пайыздық емес те есептелінеді. Пайыздық вексель бойынша 302 шотында , 1 «Вексель бойынша алынатын пайызы» деп аталатын субшоты ашылады.
Пайыздық емес вексель бойынша қосымша шот ашылуы мүмкін.
2«Вексельдің алынған сомасынан марапаттау сомасынан шегерілген (дисконт)», 3 «Вексель бойынша марапаттау сомасы (дисконт)».
Алынған вексель бойынша марапаттау сомасы толық көлемінде, олардың алған кезінде келесі қалыпта көрініс табады:
1 кесте
Алынған вексельдер бойынша марапаттау сомасының көрінісі
Пайыздық вексель Пайызсыз вексель
Алғашқыда, марапаттау сомасы, толық көлемде болашақ кезеңнің табысы ретінде есептелінеді
332 шоттың дебеті мен 611 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі 302 шоттың 3 субшотының дебетінде мен 611 шоттың кредиті көрсетілінеді
Содан соң, есепті кезең барысында үоесіне сай есептелген пайыз сомасы табысқа жатқызылады
611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады. 611 шоттың дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрініс табады.
Ақпарат көзі: В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, 253 бет.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алуш кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде рәсіделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісім шарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар рәсімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар Мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.
Вексельдер эмитенттер бойынша: қазынашылық және жекеше.
Төлем түрі бойынша: жәй және аударылмалы.
Төлем кепілдігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.
Төлем тәртібі бойынша: мерзімдік вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді. Вексельдерді толтыру және рәсімдеу белгіленген ережені сақтауды .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Дебиторлық борыштар есебi мен аудитi жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Дебиторлық борыштар есебi мен аудитi, курстык Дебиторлық борыштар есебi мен аудитi жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Экономика, Курстық жұмыс: Экономика | Дебиторлық борыштар есебi мен аудитi дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін