Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр казакша Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр на казахском языке

Мазмұны
1. Ахмет Йүгінекидің өмірінен қысқаша мәлімет.
2. Ақиқат- сыйы дастанның маңызы мен ерекшелігі.
3. Педагогикалық ойлардың басты мақсаты.
4. Қазақ ұлы педагогтарының қосқан үлесінің маңызы.

АХМЕТ ИҮГІНЕКИ
Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан "Әдиб Ахмет" (оқымысты, жазушы Ахмет) деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, данлардың көш басы.
Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы) туып, өскен. Жасынан зағиптық мехнатын тарткан кісі.
Сонымен бірге тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлендер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Түрік ғалымы Рашит Арат Рахмат дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. '"Ақиқат сыйының" прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді (Ахмет Иүгінеки. Ақиқат сыйы. Алматы. 1985 ж.).
Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі — адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды.
Айтайын білім жайын, құнты бар бол,
Ей, достым, білімдіге ынтызар бол.
Ашылар білімменен бақыт жолы,
Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді — алтын, нұры ашылатын,
Білімсіз — қара бақыр шашылатын...
Жүрсе де тым шіреніп,
Білімсіз жан — тірі елік, —
деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың "оқу — инемен құдық қазғандай". '"Оқу — білім қазығы, білім — өмір азығы" деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек. Ұстаз ақын халықтық әдепті өмір құбылыстарынан жоғары қояды да, әдептілік сөйлеуден, сөз қолданыстан көрінетінін ескертіп, әдепті сөйлеу үшін тіл мен ой-сананың жетіктігі керек екендігін уағыздайды:
Әрқашанда әдеппен
Қысқа сөйлеп әдеттен.
Байқап шығар үніңді,
Тарта сөйле тілінді, —
дейді.
Адамды бақытқа жеткізетін игі іс-әрекеттің нәтижесі — білім деп, сөз басын білімнен бастаған ғүлама, сөз аяғында адамның адамдығын көрсететін асыл қасиет — өнер, өнер оңайлықпен келмейді, ол дарынның көрінісі болумен қатар мехнаты көп еңбектің жемісі, шын өнерпаз адам өнер үйрену жолындағы қиындықтан қашпайды деп көрсетіп:
Өнерлі жан қиындықты коп көрер,
Өнер қуар, тірліксізді ол жек көрер, —
дейді. Ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қайнар көзі болып табылатын ұлағатты ұстаздық ойлардың арғы теп данышпан Ахмет Жүйнекидің осы бір кітабынан да айқын көрінеді.
Ертедегі данышпан бабаларымыздың мұхиттай мол еңбектерінің шашырандысы іспеттес болса да, "Ақиқат сыйы" кітабы ұлы ойшылдардың ұлттық тәлім-тәрбиемізге бұдан былай да зор әсер ететін құнды еңбек екенін бағалай біліп, халықтық педагогикада да (ұлттық) тәлім-тәрбиеде де оның алатын орны ерекше екенін көреміз. Тек бағалы дүниені байыптап, пайдалана білу әрбір ойлы, білімді адамның ісі. Ұлағатты ұстаздар бұл баға жетпес асыл дүниені оқыту, тәрбиелеу ісіне шеберлікпен пайдалана білетініне күмән жоқ. Тек халқымыздың ұлттык дәстүріне лайықты деп, бұл еңбекті бөліп қарауға болмайды. Бұл — бүкіл адамзаттық тәлімге қажетті дүние. Шығыстың жарқын жұлдыздарының данышпандық ойларын бүкіл адамзат ардақтай білетіні кәміл.
Ислам дәуірінің этикалық, моральдік, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаға.
Ол көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұланғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғүлама-ақын болған.
«Басқа түркі ескерткіштері сияқты "Ақиқат сыйы" да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнияуи әдебиет көздерін ашып, олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады.
Ахмет Йүгінекидің өмірі мен ақындық қызметі жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хуснихатшылар да (каллиграф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өзтарапынан қосып жазған. Мәселен, "Хибатул-хақайықтың" Х\/ғасырда көшірілген алғашқы қолжазба нұсқаларының бірінде Ахмет Йүгінеки туралы мынадай өлең жолдары бар:
Ахмет Әдіб — атым, үлгі —сөзім,
Қалады мұнда сезім, кетем өзім,
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,
Сонымен жұмылар да екі көзім.
Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,
Ғажайып таңсық сөзбен ерекше елеп (4, 87-88).
Бұл өлеңдерден біз ақынның шын аты Әдіб Ахмед екенін (Ах¬мет Йүгінеки — лақап аты), әкесінің есімі Махмуд болғанын аңғарамыз. Болашақ ақын анасынан көзі соқыр болып туылған:
Көрмеген туа біте Әдіб көзі,
Тұрады он төрт бабтан осы сөзі.
Жүк болса піл көтермес алтын-күміс,
Соған тең осы аз ғана сөздің өзі (4, 88).
«Ақиқат сыйә дастанын жан-жақты зерттеу ісіне кезінде В.В. Радлов, Т. Ковалевский, Ж.Дени, т.б. сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене атсалысты. Өзбек ғалымы Қ. Махмудов бұл дастан жөнінде аса құнды монографиялық еңбегін жариялады. Бұл—Ахмет Йүгінеки дастаны жөніндегі ең толық, әрі сәтті шыққан зерттеу. "Ақиқат сыйы" дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов болды.
'Ақиқат сыйы" — дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдік ұғымдар мен мінез-құлық, нормаларының жиынтығы болып келеді.
Ахмет Йүгінеки — әрбір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады.
Қарахан мемлекеті тұсында жергілікті халықтар, яғни түркі ру-тайпаларынан шыққан зиялы қауым өкілдері бүкіл түркі жұртын оқу-білімге шақырғанын жоғарыда айттық. Жаңадан құрылған мемлекеттің іргетасын нығайтып, күш-қуатын арттырудың өзі, ең алдымен, ақыл-парасатқа, оқу-білімге байланысты екенін жырлау — ислам дәуірі әдебиетінің қалыптасқан дәстүрі еді. Осы игі дәстүр негізінде тәрбиеленген ақын Ахмет Йүгінеки өз дастанының негізгі бөлімін "Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы" деп аталатын жырдан бастайды. Дастанның жолма-жол аударма жасалған прозалық нұсқасынан бұл сөзімізге бірнеше мысал келтірейік:
Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты,
Білімсіз надан — құны жоқ бақыр.
Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді
Білімді әйел-- ер, надан еркек- әйел .
Абайдың қазақ қауымын оқу-білімге шақырған өлеңдеріАхмет Иүгінекидің жоғарыдағы ой-пікірлерімен үндесіп жатады:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз
Сөйтіп, Ахмет Йүгінеки бүкіл әлемнің сырын ашатын кілт -көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген түйін жасайды. Бір қызығы — ақын ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қойып суреттейді. Сол арқылы ол білім іздеген адам өз бақытын өнер-білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандықтың қара түнегіне қамалады деген пікір айтады.
"Ақиқат сыйы" дастанында адамның мінез-құлық мәселелеріне моральдік, этикалық нормаларды жырлауға ерешe назар аударылған. Ахмет Йүгінеки абайлап сөйлеу, тілге сақ болу әдепгіліктің басты шарты деп біледі. Ол өз оқырманын қысқа да иұсқа сөйлеуге, артық сәз айтпауға, сыр сақтай білуге үндейді:
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар:
Әдептіге "үндемес" ат тағылар.
Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.

Сөз есепсіз — тіліңді тый, тарт, ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз — ер сөзінін, асылы,
Мылжың тілді, "жау" деп ұғын тартыста.

Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не?
Ахмет Йүгінекидің тіл жайындағы осындай жыр жолдарын оқи отырып, қазақтың "Басқа пәле тілден", "Аңдамай сөйлеген-ауырмай өледі", "Тіл-тас жарады, тас жармаса-бас жарады" деген сияқты мақалдарын еріксіз еске түсіресіз. Шал ақынның жоғарыда айтылған өлеңдері де Ахмет Йүгінекидің тіл жөніндегі тұжырымымен үйлесіп жатқанын аңғару қиын емес.
Ахмет Йүгінеки өз дастанында адамдарды бір-біріне мейірімді болуға, өзара көмектесіп отыруға уағыздай келіп, жомарттық пен сарандықты салыстыра жырлайды. Ақын жомарттық қасиетті адам мінезіндегі ең жарқын, ізгілікті құбылыс ретінде көкке көтере мадақтайды. Ал сараңдықты ақын адам бойындағы ең жиіркенішті қасиет деп біледі. Жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарама-қарсы қойып суреттеу арқылы ақын "алланың нұры жауған" адамның бейнесін жасайды:
Өмірде жақсы мінез - "жомарт" деген,
Жаман ат — "сараң", тәуір сөз ермеген.
Берген қол бәрінен де құтты болар,
Сол жаман — ала біліп, түк бермеген.

Жазылмас сараң - ауру емдегенде,
Қарысар қолы тастай, "бер!" дегенде.
Көзінің сұғы тоймай тіміскілеп,
Болады малдың құлы ерлегенде.

Сақылық — ел ішінде бір төбе де,
Абырой, атақ сонда, мәртебеде.
Бол жомарт, халықты сол сүйсіндірген,
Кейінде, бүгінде, ертедеде.
Мал жиып бақыл ашкөз дірілдеген,
Күні жоқ бірін ішіп, бірін жеген,
Досына тірісінде дәм татырмай -
Өлген соң жаулары жер дүрілдеген .
Ахмет Йүгінекидің айтуы бойынша, жомарттық тұрған жерде алынбайтын асу жоқ, жылынбайтын жүрек жоқ. Ақын жомарт жандарды жан-жүрегімен тебірене жырлайды. Дастанның авторы үшін жомарт болу—әдеттегі мінез-құлық нормасы ғана емес, жомарттық —жалғыз адамның ғана емес, бүкіл қоғамның имандылығын, адамгершілігін, мейірімділігін айқын көрсететін айна деп біледі. Сол себепті ақын адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт әрі білімді ету жолымен бүкіл қоғамды да жақсартуға болады деп түсінеді.
"Ақиқат сыйы" дастанында "Алла кішіпейіл жанның абыройын асыратынын, тәкаппардың құтын қашыратынын", "дүниеқор жан ақырында марқұм болып қалатынын", "жақсы адам әрқашанда сабырлы болу керектігін" зор шеберлікпен жеткізген (4, 58-61). Ахмет Йүгінеки оқырманын сол заманның, әдет-ғұрпын сақтап, түрлі заңдарын орындап отыруға, қара қылды қақ жаратындай әділетті болуға, әлсіздерге күш көрсетпеуге, кемтарларға қолғабыс тигізуге, нысапты болуға шақырады. "Ақиқат сыйы" дастанында сондай-ақ тәкаппар, паң, өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқырманын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді. Менмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал, қарапайымдылық — кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді. "Қатты ашуын баса білген жанға, адамдардың қатесін кешіре білген кісіге Алланың нұры жауады", — дейді ақын.
Біз "Ақиқат сыйы" дастанының идеялық-тақырыптық бағытына, композициялық құрылысына, көріктеу құралдарына, жырдың метрикалық жүйесіне біршама талдау жасадық. Содан шығатын қорытынды "Ақиқат сыйы" дастаны өз заманының көкейтесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидактикалық сарында жазылған, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ мұра болып табылады.
Ислам дәуіріндегі әдеби ағымдардың бірі— сопылық поэзиясы. Алайда сопылық әдебиеттің мән-мағынасын терең пайымдау үшін алдымен сопылық ағым, яғни суфизм жайында бірер сөз айта кеткеніміз жөн. Мұсылман әлемінде суфизмнің пайда болуының өзі аса күрделі қоғамдық, идеологиялық құбылыс еді. Суфизм бертін келе, философиялық ағым ретінде қалыптасты. Әйтседе суфизмнің жекелеген элементтері ислам дініне дейінгі дәуірлерде де бар еді. Бұл діни ағымның пайда болуына кезінде буддизм, мәжусилік діндер мен көне заман данышпаны Платонның (Афлотун) интуи¬ция, абстракті ойлау жайындағы кейбір ғылыми тұжырымдары да тікелей әсер етті. Көне заман данышпандарының құдай және дін жайындағы трактаттарын араб тіліне тәржіма жасап, оны суфизм ағымын белгілі бір жүйеге келтіру үшін пайдалана білген Шығыс ғұламалары болды. Олар: Хусайнибн Исқақ (ІХғасыр), Әбу Бәшір (X ғасыр) және Яхия ибн Әділ (X ғасыр) сияқты суфизмнің теориялық негізін қалаушылар еді. Сопылық ағымның мән-мағынасын терең пайымдау үшін орта ғасырлық мұсылман әлеміндегі сан қырлы қоғамдық, әлеуметтік және саяси құбылыстардың сыр-сипатын білу қажет болады.
Ислам дінінің негізін қалаушы Мухаммед пайғамбар мен оның серіктері қайтыс болған соң, Құранның кейбір қағйдалары мен шарттарын белгілі бір нақтылы жағдайға байланысты тереңірек түсіндіріп отыратын кітап қажет болды. Мұндай еңбек Мухам¬мед пайғамбардың көзі тірісінде Алла туралы айтқан сөздері, жарлықтар және пайғамбардын, өмірдегі іс-әрекеттері туралы түрлі аңыз-әнгімелерге негізделіп жазылды. Оны "хадис"деп атады. Түрлі хадистердің жинағы, яғни "сунна" бертінде өмірге келді. "Мухам¬мед пайғамбар айтыпты" деген түрлі аңыз-әңгімелерді жинап, жүйелеп отыратын діни қызметкерлер («мухаддис") пайда болды. Алғашқы мухаддистер "факих" (заңды жетік білетіндер) ретінде мұсылмандардың қолдауына ие болды. Құранның қағида-шарттарын көпшілікке түсіндіруде "факихтердің" ролі зор еді. Алайда бертін келе, мухаддистер екіге бөлініп кетті. Олардың бір тобы — Аллаға жақындай түсу үшін өмірдің барлық ләззатынан бас тарту қажет десе, екінші топтағылар бұған қарсы шықты. Алғашқылары адамның кейбір табиғи қажеттіктерінен (жақсы киім, сауық-сайран, жұбайлық өмір, т.б.) бас тартып, қолда барға қанағат етуге шақырды. Басқаша айтсақ аскеттік, яғни тақуалык, сопылық өмірді уағыздады. Аскеттік ұғым ислам дінінде ғана емес, сонымен бірге, кезінде будда, брахман және христиан діндеріндеде үлкен орын алғаны мәлім. Мұның түп-төркіні көне грек философиясында жатыр. Ежелгі грек батырлары өздерінің күш-қуатын жауға қарсы күреске сақтау үшін адамдарға ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр, курстык Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жоба, Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін