Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы казакша Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе ------------------------------------------------------------------- 3


1. Ахмет Байтұрсынов-педагог-ағартушы-------------------------------- 6
2. А. Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші --------------------------------- 11
3. А. Байтұрсынов-ақын ------------------------------------------------------- 23
4. А. Байтұрсынов-тұңғыш әдіскер ----------------------------------------- 28

Қорытынды ------------------------------------------------------------ 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ------------------------------38

1.Ахмет Байтұрсынов-педагог-ағартушы.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз зергері, тамаша ақын, қазақтың баспасөз тілінің ұлттық үлгісін танытқан публицист, туған халқының рухани дүниесін биіктетуге көп күш салған ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде Шошақ ұлы Байтұрсын шаңырағында 1873-жылы, 18-қаңтарда дүниеге келген.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-84 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищиде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады. 1895 жылдан бастап Ақтөбе, Қарқаралы атырабында мұғалім болып қызмет атқарады. Бұл жылдары А. Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып, Қазақ халқының тарихын , этнографиясын , фольклорын , тілін зерттеуші А. Е. Алекторовпен танысады. М. Әуезовтың айтуына қарағанда, оның бұл танысуы қазақ халқын оқу білімге тарту жөніндегі миссионерлердің түпкі ниет-пиғылдарын жақын білуге көмектеседі, нәтижеде өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындай түседі.(4)
1910-жылдың 9-наурызында Орынборға келіп, ол 1917-жылға дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының инициативасымен, елден қаражат жинап, 1913-жылы «Қазақ» атты газет шығаруды ұйғарады. Сөйтіп 1913-жылдан бастап, 1917-жылдың соңына дейін сол органның редакторы болып еңбек етеді.
Бес жылдай (1913-1917) уақыт өз қаражатымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени әлеуметтік даму үшін күреспен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тіліндегі оқу керектігін , ұлт мектептеріндегі оқу тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды. Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі, қиын да қайшылығы мол ғұмырында «Қалың елім қазағым» жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген, М. Әуезовтың сөзімен айтқанда, қазақ халқының «рухани көсемі» болған А. Байтұрсынов ұлан-ғайыр еңбегі сан-саладан көрінеді, ол-ең алдымен қазақ балаларын ана тілінде сауатын ашып, ары қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатта орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесін және грамматикалық құрылысын баяндап... талдап танытқан зерттеуші әрі сол зерттеу негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған педагог-ғалым.
А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1914-жылғы 62-санында жариялаған «мектеп керектері» атты мақаласында: «Ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім екінші-оқыту ісіне қажетті құралдар қолайлы, һам сайлы болуы. Құралсыз не істелмейді, һам құралдар қандай болса істеген істе сондай болмақшы, үшінші мектепке керегі белгіленген бағдарлама көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі иә мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз ия өлшеусіз істелген іс солы артық, ия кем шықпақшы» деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді: А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілігде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902-жылдан бастап ашылған мектептерде шәкірттер алдымен сауатын орыс тілінде ашатын. Қазақша оқытылатын пәндердің тілі қазақша болғанымен, жазуы, яғни, ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді.
Оның қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да өзі де діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу білімге шақыру мен тынбады, ол қазақ даласындағы мектептердің жайын, бала оқытудың жолдарын әр еңбектерінде нақтылы сөз етеді. Ол 1913-жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген мақала жариялады.
Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал ол шикізаттан жасалған өнімді 2 есе қымбатқа сатып алады. Бұл - надандықтан келген кемшілік,» - дейді. Надандық деп отырғаны, әрине білім - ғылымнан қалы-қалушылық. Ал қалыс қаулуға үлкен себеп-қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп. Сондықтан А. Байтұрсынов оқу- білімнің осы бірінші сатысына қатты назар аударады. 1914-жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды.(5) Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай - жағдайлары мәз емес екендігі, оларда қажетті бағдарлама оқу құралдары жоқтығын, мұғалімдердің әрекеттенбейтіндігіне тоқталады. Бастауыш мектеп мисионерлік саясаттан тыс болуы керек деп келіп, халық сауатын ана тілінде ашуы керек, атап айтқанда бастауыш мектеп 5-жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар ана тілінде кейінгі екі жылда орысша оқысын-деген ұсыныс білдіреді. Бастауыш мектептерде оқу жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын деп нақтылайды.
Оқу мәселесіне А. Байтұрсынов жан-жақты мән берген оқымысты, ол өзінің бір мақаласында: «Қазақта балаларды оқытатын әсіресе жосықтар (бағдарламалар) мен кітаптар (оқулықтар) жоқ» -дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтық білім алатын оқытушылар даярлау керектігін жазады.
Ол «Алашорда» кеңесінің оқу-ағарту жайындағы комиссиясының төрағасы болып, қазақ халқының жаппай сауатын ашу; білім беру бағдарламасын жасайды. Ол совет өкіметі тұсында да халыққа білім беруді жақсарту жайын ойлаумен болды. Мысалы, 1923-жылы «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек» деген мақаласында: «Школдар ашуға үкіметтің шамасы келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходың көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20-мыңнан артық кісі қажет. Сондықтан бір ауылдай, не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық салып сол жинаған салықты оқушылардың пәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек – жарағына (жұмсауға) міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап школ ашу керек,» - деп жазады. (6)
А. Байтұрсынов елді сауаттандырудың өз дәрежесінде еместігін қынжыла жазып отырды. «Қазақ» газетіне жарияланған «Оқу жайы» мақаласында өз кезіндегі мектептер ісіне сын көзімен қарай отырып: «Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ. Оқыту ғылымын үйрететін дари мұғалимун (педучилище) жоқ,» - деп күйзеледі.
Осыған жалғас ойларды «Қазақша оқу жайында» мақаласында дамыта нақтылай түсіп, автор былай дейді: «Бала оқытуын жақсы білейік деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп көңіл сарайын танитын адам болуы керек, оны білуге туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы кіретін жолын білуге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі қалімен хабар аларлық болу керек,» - деп жазады.
Жоғарыдағы келтірілгендердің барлығы А. Байтұрсыновты оқу-ағарту жайындағы көзқарастарын байқатады. Ол халқын оқуға, өнер-білімге шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші ғана емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы балаларды оқыту ісін жолға қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық құрған тәжірибелі хан. Сонымен қатар ол оқу-ағарту ісін жолға қою үшін қажет өзге де іс-әрекеттерді қолға алған қайраткер. Бұл іс-әрекеттер қазақ жазуына лайық графика түзу жазу тәртібі-емілені жасау, қазақша сауат ашатын «Әліппе» жазу, ана тілін меңгертетін мектеп оқулықтарын жазу, бала оқытудың әдістерін көрсету. Міне осы орайда А.Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгінде жалаң ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінеді.

2. А.Байтұрсынов қазақ тілін зерттеуші.
А. Байтұрсынов еңбек жолын ұстаздық етуден бастаған. Бала оқытып жүріп, сол оқыту ісіндегі кемшіліктерге аса қынжылады, ол кемшіліктер: қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық графикасын және қазақ тіліндегі әліппе мен оқулықтардың жоқтығы болатын. Жоғарыдағы кемшіліктерді түзетпейінше, жүзеге асырмайынша , қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізумүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Күнделікті бала оқуымен қатар, жоғарыдағы жоқтарды түгендеуге кіріседі. Атап айтқанда А.Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жауымен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты қазақтарда пайдаланып отырған араб графикасы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзеуді қолға алады, ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын зерттейді.
А.Байтұрсынов 1912 жылы қазақ балаларын қазақша сауатын ашатын тұңғыш «Оқу құралын» жазды. Осыдан көп ұзамай қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған бірінші бөлімі «тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1916 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған екінші бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған үшінші бөлімі – 1916 жылы жарияланды.
Өзі жазған «Өмірбаянында» /1929, 8 наурыз / Ахмет Байтұрсынов: «біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету және зерттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбалықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазарту арқылы ең соңында, төртіншіден, проза тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерімен термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты.» - деп жазды.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.
Ахмет Байтұрсынов тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс, көп жылғы еңбектердің нәтижесіне көз жүгіртіп, ат үсті қарағанның өзінде толып жатқан сомы шындық алдыңнан шығады. «Рухани көсемнің» тіл жөнінде айтқан тұжырымы бүгінгі күнге дейін құнын жойған жоқ десек қателеспейміз. Мәселен, «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.» Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы, жазу мен сөйлеу ауызша сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман деп тілдің ауызша және жазбаша түрде қатынас құралы болғандығын, жазбаша тілдің өзіне тән ерекшелігін, құндылығын бүгінгі деңгейдегі көзқараспен баяндап отыр.
Жазбаша қарым-қатынас жасау белгілі бір тілдің қалыптасқан графикасына байланысты екені белгілі, сондықтан ол қазақтың төл дыбыстық жүйесін таңбалайтын әрәптер құрауды мақсат етіп қояды. Бұл туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді мақаласын жазып, онда қазақ дыбыстарына білдірмейтін таңбаларды алып тастау қажеттігін дәлелдейді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және ары қарайғы сандарында «жазу» мәселесі «үдеген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.»
Көп жылдық зерттеудің нәтижесінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынды: 1/ араб алфавитіндегі жуан ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы, курстык Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет ку, Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін