Психология | Балалар агрессиясы мен акцентуациясы

 Психология | Балалар агрессиясы мен акцентуациясы

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................2
І Бөлім. Сезім мен эмоция туралы түсінік..........................................4
1.1 Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері мен сапаларына сипаттама.............................................................................................................8
1.2 Жоғары деңгейдегі сезімдер мен күрделі эмоциялардың мәні.....................................................................................................................11
ІІ Бөлім. Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу...............................................................................................................15
2.1 Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау......................................17
2.2 Жеткіншектер акцентуациясын анықтау.............................................21
Қорытынды.....................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................26
Қосымшалар....................................................................................................

Кіріспе.
Зерттеу өзектілігі. Жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары, денінің сау болуы , стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып табылады. Бұл зерттеу негізінен мына сұрақтармен тығыз байланысты: сезім мен эмоцияның психологиялық мәні неде? Жеткіншектердің психикалық ауруларға тап болуының, стрестік жағдайлардың болу не себептен? Бұл мәселе психология ғылымында психикалық процестердің яғни танымдық процестердің дамуымен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сезім мен эмоция ұғымына түсініктеме бере отырып, оның түрлері, жеке адам эмоциясы туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Психоэмоциялық денсаулықты қорғау, эмоциялық титықтаудың алдын алуды үйрету.
• Оқушыларды мейірбандылыққа, өзгенің көңіл күйін түсіне білетіндей етіп тәрбиелеуге үйрету.
Зерттеу пәні: Жеткіншектерге психологиялық көмек көрсету.
Зерттеу объектісі: жеткіншектердің психикалық дамуы.

Зерттеудің практикалық мәні: Мен осы курстық жұмыста сезім мен эмоциялардың психилогиялық мәнін қарастырамын. Сезім мен эмоцияға анықтама берумен қатар, олардың өз ерекшеліктеріне , сапаларына түсінікті және күрделі түрде тоқталып өтемін. Және де эмоциялар мен сезімдердің дамуы мен қалыптасуы жайлы қарастырамын. Мұнда көп ғалымдардың дәлелденген факторлары мен зерттеулері қарастырылған. Бұл зерттеулердің теориялық және практикалық маңызын өзімізге тіркеп алсақ зияны болмайды. Менің бұл зерттеу жұмысым педагог – психологтарға,
-2-
студенттерге, мұғалімдерге құнды материалдар болып табылатыны сөзсіз.
Зерттеу барысында қолданылатын әдістер:
Жеткіншектер агрессиясын диагностикалауда Басса-Дарки әдістемесі. Жеткіншектер акцентуациясын анықтауда Шмишек тесті.
Терминдік сөздерге қысқаша түсінік.
Аффект – дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Аффект – латынша аффектус деген сөз, қазақша жан ұшыру, күйіп-пісу деген мағынаны білдіреді.
Акцентуация – деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады.
Стресс – организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуіне күш салу, немесе зорлану кезеңі.
Стресс – ағылшын сөзі, қазақша шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді.
-3-
Сезім мен эмоция туралы түсінік.
Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. «Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынасы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданылады. Бірақ, сезім мен түйсікті өзара шатастыруға болмайды. Сондай-ақ, қабылдауды да, елесті де өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысын жеке дара танымдық ерекшеліктері бар процестерге балау-қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты. өйткені, адамның бойынан, түрі мен келбетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелдей көрініс береді.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалы процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер - өте күрделі псхикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады.
Адам сезімінің қайнар бұлағы – бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Егер бұл ұғымдардаң мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз.
Сезім – адамның өзіне, өзге адамдарға , айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі – оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері – қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу
-4-
т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-сүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.
«Эмоция» ұғымының төркіні – «емовера» деген латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі – эмоция – жан дүниесінің жандануымен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуаннаттар дүниесінің эмоциясы биолигиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән – ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық-әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч.Дарвин осы орайда, хайуаннаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі – адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді.
Өзге психикалық процестер сияқты сезімдердің де табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен байланысты. Сезімдердің физиологиялық негіздері басқа психикалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Сезімнің
-5-
сыртқа тебуінде мидың жоғарғы қабатында туып жататын процестер жетекші болғанымен, сезімдер мен эмоциялардың физиологиялық негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталықтарында және вегетативтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қаны сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінің продуктысын бөліп шығарады. Ми қабығының астыңғы қабаты мен жүйке жүйесінде өтіп жататын физиологиялық процестер шартсыз рефлекстердің жүйкелік механизміне жатады. Организмнің эмоциялық реакциялары үшін ми қабығының астыңғы қабаттары мен көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ерекше қызмет атқарады.
Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығы көру төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқылы мидың проекцияларына жетіп жатады. Ал организмде жоғары сезімдер болмай, төменгі, қарапайым қорқу, долдану, қарын ашу, төнген қауіптен қорғану сезімдері болса, олардың рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның астыңғы қабатында түйісіп ұштасады. Эмоцияның мұндай физиологиялық негізі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен, ретикулярлық формацияға байланысты болып, мидың қызметін жандандырады. Ал екіншіден, ми төмпегінде ( таламуста ), әсіресе, көру төмпегінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы лимбикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен эмоцияның дамуына елеулі әсер ететін фактор – екінші сигналдық жүйе. Екінші сигнал жүйесі арқылы сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігіндегі биологиялық қалыптан шығып, адамның санасымен байланысады. Сөйтіп, адам сезімдерінің өрісі кеңіп, оның жануарлар дүниесінен ерекше ақыл-ой , адамгершілік, эстетикалық сезімдері жетіледі, олар қоғамдық-әлеуметтік сипатқа ие болады.
Көрнекті қазақ ақыны С.Торайғыров тіршілік әрекетінің өзгеруіне орай, адам сезімінің әлпеті де түрленіп отыратындығын айтып, оның сыртқа тебуін, яғни эмоция күшін былай бейнелеген болатын: «Сезімнің сыртқа шықпас түрі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма ?!». Ең алдымен, сезім тыныс алу мүшелері мен қан тамырларының жұмысына елеулі өзгерістер енгізді. Мұны сипаттау үшін Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»
-6-
романының бірінші кітабында Сүйіндіктің үйіне әкесінің тапсырған шаруасымен келген жас Абайды көрген сұлу Тоғжанды суреттей отырып, автор: «Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, қайта сұрланды. Толқып қайтып тұрған ұяңдық па, басқа ма? Әйтеуір, өзінше өзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар «, - дейді. Ал Тоғжанға ғашық болған Абай әлде-қандай өзгеше «таңды» сезеді. «Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім... не сипатта бұл сезім?. Не боп барам? Тақат, сабырым қайда? Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып шаншып кеткендей».
Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты көңіл-күй өзгеріп, тамырының соғуы жиілеп кетеді, адам деміледі. Қорыққан кісі сұп-сұр боп, бозарады. Ұялған адамның беті қызарып кетеді. Оның көңіл күйі, сезімі дауыс ырғағынан, сазынан, қарқынынан да аңғарылады. Осы орайда, сезімнің күрделі психикалық процесс екендігі, оның үнемі қарама-қарсы жағдайда болып отыратындығы көрінеді. Мәселен, қуану-ренжу, күлу-жылау, шаттану-қайғылану т.б.
Сезім мен эмоцияның сыртқа тебуінің айқын көрінісі – күлу мен жылау. әйгілі ғалым Ч.Дарвин (1809-1881) мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекеттердің қалдығы екенін дәлелдейді. Қатты ашу кернеген адам жұдырығын түйеді, тістеніп, кейде тісін қайрайды, булығады. әрине қазіргі заман адамдарына мұндай кейіптер мен дөрекі қимылдар көрсетудің қажеті жоқ. Дегенмен, адамдардың мәнерлі қозғалыстары, ым-ишаралары, мимикалық қылықтары, даусының өзгеруі оның көңіл күйінің қандай екенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы көз нұрынан, бет ажарынан, қимыл-қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф аспабымен зерттеледі.
Бұл аспап адамның көңіл күйін зерттеуге арналған. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған « өміріңде басыңнан кешірген қайғы-қасіретіңді есіңе түсір», - дейді. Егер дайындалған адам басынан кешірген қайғысын есіне түсіре алса, онда оның жүрегінің соғуы жиілеп, ол
пнеймографқа беріледі. Пнеймографты кимографпен байланыстырса, онда жүректің соғуын, вегетативтік өзгерістерді ирек сызықпен жазып алуға болады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?