👈 қаріп өлшемі 👉

Психология | Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері

 Психология | Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері

Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
I бөлім Қабылдаудың психологиялық сипаты мен ерекшелігі.......................5
1.1 Қабылдау және оған психофизиологиялық сипаттар....................................5
1.2 Балалар қабылдау түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер................................11
II. Қабылдау тұрлері мен қасиетінің балаларда даму көріністері....................19
2.1 Балалар қабылдау түрлерінің даму көріністері............................................19
2.2 Қабылдау қасиеттерін балаларда дамыту....................................................36
Қорытынды ...........................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................44

Курстық жұмыс тақырыбы: «Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері»
Курстық жұмыстың мақсаты: Қабылдау ерекшелігі мен дамуын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Адам қабылдау ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындап көрсету
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.
I бөлім Қабылдаудың психологиялық сипаты мен ерекшелігі
1.1 Қабылдау және оның психофизиологиялық сипаттары
Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы (маған суық бір нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болса, қабылдау зат немесе құбылыстардың тұтас бейнесін (жарық, ойнап жүрген сәби) береді.
Түйсіктердін арқасында үлкен ми сыңарларынан заттардың жеке сапалары (түс, дыбыс, қаттылығы т. б.) бейнеленеді. Бірақ адам айналасындағы дүниедегі әрбір затта немесе құбылыста әр түрлі сапалар мен қаситтердің тұтас комплексі болады. Оларды дұрыс бейнелеу үшін анализаторлар беретін жеке түйсіктер ми қыртысында бірігеді, сөйтіп адамда заттың немесе құбылыстың тұтас бір бейнесі жасалады.
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірудің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады. Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар.
(түйсікке қарағанда Қабылдау — шындықты бейнелеудің неғүрлым жоғары формасы)
Қабылдауда заттар мен құбылыстар түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді . қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау- аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттардан көрінеді: Ең алдымен, ақпарат ағымы- бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу, дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей қайталау ) Сондықтан да психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн.
Сонымн бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъекті өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктермен салыстырады. Мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды, қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектінің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп , қабылданатын объекті неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса , ондағы көрнекілік басымдау келеді.
Міне, сондықтан да, қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағынан шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады.
Қабылдау- ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Қабылдаудың физиологиялық негізі — үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күрделі шартты рефлекторлың байланыстар, мұнда сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың синтезі (бірігуі) жүзеге асады.Қабылдауда бірнеше аналиаторлардың келісімді бағдары, организмнің тітіркендіргіштердің тұтас комплексіне жауап реакциясы жүзеге асады.Мысалы біз раушан гүлін қабылдағанда, сонымен қатар оның әдемі формасы, тамаша түсін көреміз, гүлдің сүйкімді иісін иіскеп кеудемізге жұтамыз, абайлап гүлге қол тигізіп, оның жапырақтарының т. б. нәзік жұмсақ екенін сипап сезінеміз. Міне осы жеке түйсіктердің бәрі мидың қыртысында қосылып, біртұтас комплекс болып бірігеді. Оның үстіне біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз, яғни мұнда ес процестері де орын алады. Гүлдің иісі бізді рахаттандырады, сүйкімді сезім туғызады. Ақырында қабылдау процесіне ойлау да кіреді: біз мұның раушан гүлінің қай сортына жататынын ойланамыз, бастапқы қарапайым қорытынды жа-салады.Қабылдауда қай анализатордың басым болуына байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу және кинестетикалық қабылдаулар болып айырылады..
Гештальт-психологтар қабылдау тұтастығын заттармен құбылыстардың объективті тұтастық қасиеттерінен емес, «рухтық» ішкі қасиеттерінен, оның ең бастапқы тұтастық құрылымынан» деп түсіндіреді. Олар қабылдау актінде өзіндік түр құрау атқарылады, бейнеленетін заттарға тұтастық және құрылымдық сипат беріледі дейді.Олар тұтастықты бейнелену әрекетінде пайда болатын субъективті сапа деп қана қарайды. Гештальт-психологиялық көзқарас бойынша қабылдау процесінде дүниедегі қым-қуыт ретсіздік белгілі бір құрылымға ауысып, белгілі түрге енеді, соның нәтижесінде заттар тұтастанып көрінеді.«Қабылдау дегеніміз дүниені қайта құру» дейді гештальт-психологтар. Бұл идеалистік теория қабылдауды спонтанды, яғни іштен пайда болатын процесс деп түсіндіреді де, бізді қоршаған объективтік дүние заттары және құбылыстарының жеке сапалары мен қасиеттерінің тікелей бейнесі болып саналатын түйсіктердің болуын іс жүзінде жоққа шығарады.
Сонымен Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнелену.
Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады.Қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің мінез-құлқымыз бен іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың толықтығы мен дәлдігін қоғамдық, практика мен адамдардың тәжірибесіне,заттардың белгілері мен қасиеттері жөніндегі жпнақталған білімдерге тәуелді. Танымдық әрекет барысында адам білім алып, оны тексереді, кеңейтеді, өз білімін қоғамға белгілі білімдермен салыс-тырады.
Практика адам білімдерінің қайнар көзі болуымен бірге, игерілетін білімдерге де өз өзгерістерін енгізеді. Қарапайым практикалық тексеру бұл иллюзияны жоққа шығарады. Пайда болған қабылдау бейнесі қабылдау заты қасиеттерімен сәйкестендіріледі.
Химия сабақтарында оқушы түрлі хпмиялық элементтердің қасиеттері туралы білімдер алып, олардың әрқайсысының сыбағалы салмағын, валенттілігін, түсін/қүрамын, иісін және басқа қасиеттерін танып біледі. Осындай жекеленген химиялық қасиеттерден белгілі бір тұтас білім құрастырылады. Өзіне тән қаспеттерді біріктірген химиялық элементтің тұтас қабылдануы қалыптасады. Демек, қабылдау тұтастығымен сппатталады.
Қабылдау бейнесіне әр кіретін бөлік тұтастықпен арақатыс арқылы ғана мәнге ие болады жәпе сонымен анықталады. Қабылдау бейнесінің өзі де оны құрастыратын бөлшектердің ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді. Мәселен, жаңа оқу материалын қабылдау үстінде оқушы мұғалім сөзінің мазмұнын қадағалайды. Материалды ой елегінен өткізіп, тұтас қабылдау үшін оқушыға сөздер, фразалар арақатысын аңғара білудің маңызы үлкен. Оқушы жауабының тұтас қабылдануы да, ол өз білімін сөз арқылы жеткізген соң туады.
Мұғалімнің түсіндіруі де, оқушының жауабы да бұлардың сөзін құрайтын жеке дыбыстар немесе сөздердің ешқайсысына тән емес белгілі бір мағыналы мәнге ие болады.
Затты қабылдағанда біз оны белгілі құрамға ие бір тұтас зат деп түсінеміз.Телефон арқылы сөйлескенде кей дыбыстарды шала естісек те әңгіменің мағынасын түсінеміз. Ауызекі сөйлесуде сөздің барлық дыбыстары түгел айтылмайды, олардың кейбіреулері «жұтылады». Сонда да айтылмай қалған фразалар қорытылады да, біз оны аяқталған ой ретінде қабылдаймыз.
Сөйтіп бар тәжірибе, білім негізінде адам қабылдау процесінде жеке элементтерді тұтас бейне етіп біріктіреді, оларға белгілі бір құрылымдық береді.
Қабылдау — адамнын бағдаріне тығыз байланысты активті процесс.Егер біз салынған суреттің қасында тыпыр етпестен тұрып, оны қарап сүйсінсек де, бәрібір қандай да бір оймен шұғылданамыз, әйтпесе ешнәрсе біле алмас едік, қарап тұрған затымызды айтарлықтай көре де алмаған болар едік.
Әдетте біздің саналы Қабылдауымыз пассивті сырттай қарау емес, нақты танымдық сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Мұны ерекше перцептивтік бағдар деуге болады. Кез келген объектіні қабылдау әдетте оны қоршаған фонда жүзеге асады.Сабақ басталарда мұғалім бүкіл класқа, парталарда отырған көп балаларға қарайды делік. Біраз уақыттан кейін ол бұл ондаған балалардың ішінен бір баланы бөліп алып, соны қадағалап қарайды. Бұл оқушы мүғалім қабылдауының объектісі болады да, қалған бүкіл класс сол объектінің фоны болады.
Кейде объекті мен фон орын алмастырады. Бұл 4, а, б, в, г, суреттерінде ерекше байқалады. Егер Қабылдау объектісі 4, а, суретінің ортасына салынған болса, біз қара фондағы ақ вазаны көреміз. Егер суретте қара түспен сызықталғаннан бейнені табуға тырыссақ, онда ақ фонда екі адамның кескіні көрінеді.
4, б суретінен қоянды, не үйрек балапанын 4 в суретінен кемпірді немесе жас әйелді көруге болады.
4, г суретінен жоғарғы жағы көрерменге қаратылған екі жарылып алынған пирамиданы немесе екі жақ қабырғасы бар бөлменің ішкі жағын, еденін, төбесін және артқы қабырғасын көруге болады. Мұндай суреттерді кейде екі жақты сурет деп атайды.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0
» Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы 07.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы