Курстық жұмыс: Экономика | Ақшаның жалпы эквивалент

Курстық жұмыс: Экономика | Ақшаның жалпы эквивалент казакша Курстық жұмыс: Экономика | Ақшаның жалпы эквивалент на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
1.1 Ақшаның шығу тегі.
1.2 Құн формаларының дамуы.
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
2.1 Ақша тауардың жалпы эквиваленті.
2.2 Қолма-қол ақшасыз айналымдағы ақша.
2.3 Ақшаның айналыс заңы.
Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы.
3.1 Ақша мәні және атқаратын қызметтері.
3.2 Ақшаның экономикалық маңызы, қажеттілігі.
Қорытынды.

Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
Ақшаның шығу тегі.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Натуралдық шаруашылық шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең. Уақыт өте келе өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты немесе табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін, басқа жерде мал өсіру пайдалы, ал үшінші жерде балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны олардың жеке басына керкгінен асуы басқа өнімге айырбас алу мүмкіншілігін тудырды. Осының нәтижесіде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің «тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды. Тауар- бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарыды құрады. Әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін, ол ақша».
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиілінеді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайдың етке, майға, жүнге және тағы басқаға айырбастауға мүмкін болды. Тауар өндірісінің дамуына байланвсты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы болып табылады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар атқара бастады және осы тауарлар ақша аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Жалпыға ортақ эквивалент роліг атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер атқарды. Мысалы: Ежелгі Гректер, Римдіктер, Славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі Орыстар-аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған. Қытайда-тұз; Монғолияда-щай, т.с.с. Табиғат жағдайына байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғын аудандарда-жылқы, сиыр, қой; ал шөл және шөлейт аудандарда- түйе; тундрада- бұғы жалпы эквиваленттік қызмет атқарды.Оған нақты дәлелдер қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездестіреміз. Гомердің көне Трол батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайында айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектеліп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» (мал) сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлердің 4 күн, старостолардың 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Олкездегі қазына малы «малшы», қазына жинау орны – «маол ұстайтын орын» деп аталынды. Ежелгі скандинавтар, солтүстік Сібір халықтары, Солтүстік Америкада аң жүндері, құс жүндері ақша эквиваленті ретінде пайдаланылды. Жылы теңіз жағасында мекендеген тайпалар ақша ретінде бақалшақтарды қолданған. Тарихта олардың атауы қалған: чангоз, цимбис, хайква, және т.б. Бақалшақтар Үндіқытайда, Америка Шығыс жағалауларында және басқа аралдарда ақша қызметін атқарған. 20 ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны-қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат қызыл түсті (ронго) пайдаланылды. Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Юлий Цезарь патшалығының тұсында құлды ақша ретінде үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теғестірілді. Өсімдік өнімдері зәйтүн майы, күріш, кофе, какао т.б. ақшаның орнына қолданған.
Металл ақшалардың артықшылығы, олар- біркелкі, төзімді, ұсақталынады. Бұл ақшаның таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті. Кейін алтын мен күміс металл ақшалары тиімді болды. Темір ақшалар ретінде күрек, шеге, шынжыр, т.б. формалары анықталды. Грек ақшасының атауы «драхма» бір шеге деген мағынаны білдірді. Б.э.д. 13 ғасырда салмағы көрсетілген құймалар: ливр, фунт, стерлинг пайда болды.
Көне дәуірден ата –бабамыз айырбаспен қатар сауда мәдениеті өркендегенде тауар айналымына металл ақшаны пайдаланылды. Ежелгі Қазақстанда vii-viii ғасырда мәдениеті орталық Сырдария түрік әміршілері, Отырар мен жетісуда түркештер мен тухсилер темір ақшаны шығарған. Кеңес заманында Қазақстанда ақша реформасы 1947 және 1961 жылдары жүргізілді. 1 рубль құнындағы күміс мәнеттер, 50 тиындық шығарылды. Егемендігімізді алғаннан кейін 1993 жылдың наурыздың «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» туралы заң қабылданды. Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бізге таныс қағаз ақша алғашқы рет Қытайда пайда болды. Ол туралы Марко Поло 1268 жылы Қытайға барып келгеннен кейін айтады. Европада қағаз ақша 18 ғасырда шығарылды. Ал, Ресейге ассигнация 2 Екатерина кезінде енгізілді. Ақшаның айналуы өзіндік құны бар ақшаны құны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түсті. 1976 жылдың қаңтарында Ямайкада өткізілген халықаралық валюта қорына мүше елдердің келісімі бойынша әрбір елдің ақшасының алтынмен салыстырғандағы құны жойылды. Осының бәрі қазіргі жағдайда ақша айналымының өз алдына өтетінін, сөйтіп ақшаның өз алдына экономикалық санат болып шыққанына айқын дәлел болып табылады. Кеңес Одағы таратылғанға дейін Кеңес рубілінің алтын құны (поритет) 0,98742 гр таза алтынға бағаланатын. Бұл тәртіп Ресей Федерациясында 1992 жылы жойылды, ал Қазақстанның теңгесінің, о бастан алтын бағасы болмады. Қазір, ешбір елдің ақшасының алтын бағасы жоқ.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
- өнім өндірушілердің арсында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болджы, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.
Ақшаның пайда болуы айырбастау процессіне де бірқатар өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, айырбастау процессі әр уақытта істелетін екі әрекетке айналды.
Үшішіден, несиенің пайда болуына әсер етті. Монетаның пайда болуы металдан соғылған ақшаның сыртқы пішінің қалыптасуындағы соңғы кезең болды.


Құн формаларының дамуы.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымнын өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы – құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т.б айырбасталды немесе Т=Т. Бұл тендікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбаслатың екі тауардың ролі бірдейй сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстармалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші) құнның баламалы формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айрбас процессінін алғаш пайда болған кезені, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезенде эквивалент ролін кез келген әр түрлі тауарлар атқарады.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнның қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналады. Егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болады. Енді басқа тайарлар малға айырбастырылғанда, кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүреді. Олардың әрқайсысы мал тенестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынандай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т.с.с. тауарларға тен болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталады.
Құнның екінші формасы тауарлы өңдірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өндірістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірущілер тауарлар арасындағы сандық ара қатынастардың дәлдігіне айырықша иән беретін болады, өйткені, айырбас процессі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамуы адамдардың қол өнер кәсібімен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма стакногі, қол диірмен, аттұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірлeніп, пайдалана басталды.
Сөйтіп тауар өңдірісінің өсуі, айырбастын жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеліп соқтырды. Бұл таурға басқа тауарлар көбірек, әрі жие алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болады. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналады. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:
4 қап астық
1 балта
1 құмыра = 1 қой
және т.б.
Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т.б) атқарды.
Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде құннын жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:
1 қой
4 қап астық
1 балта =1 ақша өлшемі
1 құмыра
және т.б.
Сөйтіп ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.


Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.

Ақша тауардың жалпы эквиваленті.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнім. Адам еңбегінің өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отытып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты енбекпен белгіленген) тұтыну құны сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттын рәсуа болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардан өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше омір сүретін тауар, ол ақша. Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар жіне ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардын басқа бір тауарға кездейсоқ айырбастырылуы барысында, айырбас құнын жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта-5құмыра, 1 қой-1 қап бйдай және т.б.)
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формаға өте бастады. Мысалы: бидайды етке, майға, және т.б. айырбастауға мүмкін болады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланасты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар- барлық басқа тауарлардың бір- бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту дбасталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналасының тарихы эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. әрбір тауарлы – шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралыны айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи – климаттық жағдайларға байланасты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түие тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады.
«Капитал» сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлап сатып алу барасында құстардың, аңдардың жүндердін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.) құс жүндері солтүстік сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалентретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен Хазарлармен, Византиямен сауда- саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теніздердін жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды. Бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква, және т.б. көлемі түймейдей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Безеңдірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде Қытайда, Үнді қытайда, Африканың Шығыс жағалауларында цейлонда және Филипин арлдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік береді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылады.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диерменнің тасы еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғғаннан кейін сатушы феяға бұрыңғы иесін белгісін өшіріп, өзінін белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланалды. Сонымен бір құлдық құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, біругішік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзалатын өсімдік өнімдері – зәйтері майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спарта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларыды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XYII ғасыр Солтүстік Америкада (Массачустес штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша өлшемінін аймақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса маңызды және қажетті сапаға ие болды.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келеді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бір уыс шеге” деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік сырға, білезік түрінде пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ақшаның жалпы эквивалент жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Ақшаның жалпы эквивалент, курстык Ақшаның жалпы эквивалент жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұм, Курстық жұмыс: Экономика | Ақшаның жалпы эквивалент дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін