Экономика | АҚШ тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)

 Экономика | АҚШ тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................2-8
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының дамуы..............................................9-26
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары..........................................................27-42
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі.....................................43-53
Қорытынды...........................................................................................................54-57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................58-61

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-АҚШ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ДАМУЫ
Орталық Азия аймағы XX ғасырдың басында ақ Ресей және Британдык, империялардың бәсеке орталығына айналған болатын. Бұл бәсеке екі ел арасында 1907жылы ағылшын - ресей келісмімен аяқталған. Империялар ыкпалдастық аймақтарды бөліске салып, шекараларын белгіледі. Ресей империясы Орталық Азияда орналасса, Ұлыбритания Үндістанда әкімшілік басқару жүйесін құрған еді.
Ауғаныстан екі империяны бөліп отырган буферлік мемлекетке айналды. Орталық азияның маңызды стратегиялмқ орталықта орналасқаны жөнінде XX ғасырдың басында геосаясат мәселелері бойынша маман Хэффорд Маккиндер континентальды орталык теорияны жасай отырып, атап өткен. 1919 жылы ол былай деген: «Кімде кім Еуропаның шығыс аймағында ықпалын арттырса, ол континенттің орталығына әсер етеді, ал континентальды орталыққа иеленгендер Әлемдік аралдары бағындары /Еуразия мен Африка/. Әлемдік аралдары иелеиген мемлекет дүниежүзін бакылайды» [17]. Бұл теорияны қазіргі таңда АҚШ мықты ұстануда.
КСРО ыдырағыннан кейін Орталық Азия жаңа «үлкен ойын» аймағына айналды. Оған көптеген мемлекеттер қызығушылығын білдірді. Егерде XX басында Британия мен Ресей арасында бәсекеге тартылған болса, қазір бұл жерде Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Сауд Арабиясы, Еуропалык мемлекеттер бәсекеге гартылды. Бұл мемлекеттердің басты мақсаты табиғи ресустар мен мұнай секторына бакылау орнату болып табылады. Қазіргі аталмыш елдерден кайсысы өз ұстанымдарын арттыру жөнінде болжам жасау қиынға тұседі, алайда ХХІ ғасыр Қазақстанның басты ұстанымы тұрактылықтың сакталуы, өркендеу мен демократияны дамыту болып табылады. Бұл жөнінде дәстүрлі дипломатиялық корпустың жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткен. Ол әр елдің тең құқықтық негізде өз орынын иеленуге және оны дамытуға құқылы деген [18]. Сондыктан АҚШ-тың жаһандану саясатын жүргізуші ел ретінде, Орталык Азияда, әсіресе Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарын мына себептермеи аныктауға болады:
-Қазақстан егемендігін алды және сыртқы саясатын өз бетінше жүргізуде;
-Қазақстан АҚШ-тың басты геостратегиялық бәсеке мемлекеттердің қақ ортасында орналасқан. Ол бір жақтан Ресеймен шектесіп отырса, екінші жақтан ҚХР мен және Ислам әлемімен тікелей байланыста;
-Бұл аймақ табиғи және энергетикалық ресустарға бай;
-Дүниежүзілік саяси мәні бар Қазақстанның уран рудасы мен ядролық технологиялары бар.
Сол үшін АҚШ-тың сляси кызығушылықпен қатар экономикалык қызығушылығы да басым. Ал Орталык Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бәсеке балансын да түрлендіреді. АҚШ-қа жаңа саяси одақ құратын мемлекет қажет. Себебі Ресей өзінің ішкі саяси-экономикалық проблемаларына байланысты біркелкі әлсіреген, ал Қытай болса өз ұстанымдарын күшейтіргенімен көшбасшылық дәрежеге дейін жете қойған жоқ.
АҚШ Қазақстанда глобальды саясат жүргізгісі келеді. Ол әскери және экономикалық қуатқа ие болғандықтан жаһанды тораб қалыптастыру саясатын жүргізуде. Бір жақтан АКШ-та Қазақстан үшін манызды серіктес мемлекеттердің бірі. Себебі аумақтағы кауіпсіздікті сақтауда, терроризмге қарсы күресте, халықаралық саяси және қаржы әлемде Қазақстан өз орнын иеленуде АҚШ-тың да колдауы маңызды болып келеді. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде былай атап өткен: «АҚШ-тың мақсатты геосаяси іс-қимылдардың арқасында аймаққа келуінің мүмкіндіктің ашылуы геосаяси құрылымының өзгеруі әрі қарай әсер етпей қалмайды. Бұл аймаққа АҚШ-тың антитеррористік коалиция шеңберінде қадам басуы, бұл ретте, менің көзқарасым бойынша, кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа көбірек ұқсайды» [19].
Қазакстан-АҚШ байланыстарының негізгі 25 желтоқсан 1991 жылы, АҚШ-тың рссми түрде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындауы мен қаланды. АҚШ бірінші ел болып Қазақстан мен дипломатиялық байланыстар орнатты және Қазақстанға деген қызығгушылығын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы бірінші шетелдік елшілік те Америка Құрама Штаттарынікі болды.
Бірінші рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ еліне 1990 жылдың шілде айында болып қайтты. Бұл жөнінде ол «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде сараптап өткен. Ол кезде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті ретімде болып қайтқан еді. Президент басқарған делигация Нью-Йорк, Вашингтон, Сан-Франциско, Лос-Анжелес, Жаңа Орленада болып қайтқан. Сол кезде Н.Ә.Назарбаев президенттің қаупсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Скауфортпен, оның орынбасары Гейтспен, мемлекеттік хатшының орынбасары Иглбергермси, мемлекеттік хатшының кеңесшісі Зоэлликпен, сенаторлар Доулмен, Брендлимен, Лугармен және т.б. кездесті. Шеврон компамиясымен қарым-қатынас та сол кезде қаланды. Кездесу барысында бағдарламада АҚШ басшылығымен кездесулер кірген жоқ.
Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының негізі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 1992 жылдың мамыр айында АҚШ-қа бірінші ресми сапар барысында қаланды [20]. Екі мемлекеттің басшылары да екі ел арасында жаңа қатынастарының орнатылатыны жөнінде мәлімдеді. Сондықтан да екі ел арасында қарым-қатынастар әр түрлі салаларда дамып келе жатыр. Оларды атап өтетін болсақ, біріншіден, қауіпсіздік және қарулануды бақылау, екіншіден, экономикалық және саяси байланыстарды орнықтыру, үшіншіден, экологиялық және медициналық салада, төртіншіден мәдени және білім беру саласында қарым-қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатыр.
1993 жылдың 30-маусым айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі У.К.Кортни АҚШ сенаторы Ричард Лугардың Қазақстан дамуына жоғарғы баға бергеп сөзінің арнайы нусқасын әкеліп ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тапсырды. «Ол Қазақстан дамуы жағынан ең үлкен үміт туғызатын елдердің бірі. Қазақстандықтар прагматизмге беймділігімен, тату-тәтті ұлттык қатынастарымен белгілі. Демократия мен нарық экономикасы жолында да маңызды қадамдар жасады Қазақстан жетістігінің мәні қандай? Қазақстан өткен жылдың жазында төтенше маңызды стратегиялық қарулануды шектеу жөніндегі келісімі /ОСВ-І (бірінші болып бекіткен мемлекет, экономика саласында Қазақстан бұдан бірнеше жыл бұрын аса ірі американдық мұнай компаниясы «Шеврон Ойлмен» бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге кол қойды. Ол бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы ең ірі бірлескен кәсіпорын болмақшы, оған Шеврон компаниясы шет елдердегі ең ірі капиталып салмақшы»-деген [21].
1993 жылдыңі желтоқсан айында Қазақстанға АҚШ-тың жаңа вице-президенті Алббер Гольд келді. Ол Президент Клинтонның ресми шақыруын әкелген болатын. Алматыға жаңа мемлекеттік хатшы У.Кристофер келді. Жаңа әкімшілік ескі өкімшіліктің уәдесін орындап жатқысы келмеді. У.Кристофердің бұл сапардағы басты мақсаты ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шарта қол қойдыру болып табылады. Алайда бұған Н.Ә.Назарбаев келіспеді және ракеталардьң жойылмайтыны жөніндегі нақты жауап қайтарған еді. Ол СНВ-1 шарты бойынша ракеталарды басқа елдердің қалай қысқартып жатқанына қарап, біртіндеп қысқаратыны жөнінде мәлімдеме жасады |22|. Бұл сол кездегі жас президенттің нақты шешім қабылдайтын шеберлігімен айқындауға болады.
Кристофер қатты таң қалып, шамдана бастады. Дегенменде Қазақстандағы ядролық қарудың тағдыры мен оны бұзып әкету мәселесі ойынға айналмауы қажет деп ойлаймын. Содан соң ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың ақпанның 14-18 арасында АҚШ-та ресми сапармен болып қайтты [22]. Сол сәтте Қазақстан үшін сәтті аяқталған болатын. Жоспарланған құжаттардың барлығына қол қойылды. Атап өтетін болсақ, ең бастысы демократиялык ықпалдастық хартиясы еді. Осы күнге дейін ТМД елдерінің ешбірі де АҚШ пен мұнай келісімін жасаспағанын атап өткен де жеткілікті.
Қару-жарақ және әскери салада да өте маңызды келіссөздерге қол қойылды. 1993 жылы желтоқсан айында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы У.Кристофер мен Вице-президент А.Горд Алматыға сапар аталмыш салада келіссөздер жүргізді [23]. Ол бойынша Қазақстан мен АҚШ континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру кондырғыларын жою, апаттың ахуал салдарларын болдырмау және ядролық карудың таралуын жол бермеу туралы бес келісімге қол қойды. Қазакстан ядролық қатер көзін жою ісінде бірлескен қызметтің құқықтық негізіне айналған бұл құжатқа жеті жыл мерзімге қол койылды және 2000 жылы желтоқсанда бұл мәселе қайта қаралып тағы да жеті жылға ұзартылды |24|.
Сондай-ақ баска елдердің де рөлінің артуы, Орталык Азияда, соның ішіңде Қазақстанға мемлекеттен тыс ойыншылардың /халықаралық экстремистердің, террористік ұйымадардың, есірткі бизнесінің/ енуі заңдылыққа айналды. Олар қауіпсіздік жүйесіндегі ашық қалған саңылауды оңтайлы пайдаланып отырған сыңайлы. Жалпы тұрақсыздыққа мұнымен катар Орталык Азияға жақын жердегі бірқатар ашық ошақтары, атап өтетін болсақ Ауғаныстандағы тұрақсыздық, Пәкістан-Үнді қарсыластары және ықтимал, бірақ өте шиеленісін кетуі қауіпі бар, яғни Каспийдегі тұрақсыз жағдайлар ықпал етуде.
АҚШ өзінің геоэкономикалық айналымына Латын Америкасын, Батыс Еуропа, Шығыс, Орталық және Оңтүстік Еуропаны. Жапония, Шығыс АЗИЯНЫ ЕНГІЗІП алған. Сонымен қатар Шығыс Азия шектестігі шеңберінде қозғаушы тудырушы екінші орталық Қытай болатын түрі бар. Бұл аймақтар шеңберіндегі негізгі сауда көлемі мен инвестициялар ағыны әжептеуір ауқымды, АЛ үштік өкілдерінің үлесіне әлемдік сауда және инвестиция ағымьшың 60-75% технологиялық тарсферттердің 90%-ке жуығы тиесілі. Осының нәтижесінде жаһандандырылған экономиканың шет пұштағында Африка, Оңтүстік Азия, бұрыңғы КСРО кеңестігі қалып отыр [25]. Екі ел арасында экономикалық қатынастар саласында елеулі байланыстар жасалды. Оларды атап өтетін болсақ энергетика, көлік, құрылыс, кен өндіру өнеркәсібі, телекоммуникациялар саласында инвестициялық ынтымақтастыққа басымдылық берілді. 1993 жылы ақпанда өзара сауда қарым-қатынастары туралы келісім күшіне енді.
Н.Ә.Назарбаевтің 1997 жылы қарашада АҚШ-қа сапары кезінде жүргізген келіссөздер нәтижесі бойынша он сегіз құжатка кол койылды. Олардың арасымда экономикалық серіктестік туралы іс-кимыл бағдарламасын атап өту қажет. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде оның теңдесі жоқ және 1994 жылы қабылданған "Демократиялық әріптестік туралы хартияға" толықтыру болды. Қазақстан Президентінің аса ірі әлемдік компаниялар мен корпарациялар "Шеврон","Мобил" "АЕС" басшылармен кездесуі болды. ХВҚ-ньщ билік етуші дирокторы М. Камдесюмен келіссоздср жүргізілді. Дүниежүзілік банктің басқарушысы Дж.Вулфенсонмен кездссуде тараптар қысқа мерзімді жобалардын. орнына ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға көшетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізді |26|.
Дүниежүзілік банк басшылығы Қазақстанның ауыл шарушылығында реформаларды, сондай-ақ зейнетақы реформасын іске асыру барысын жеделдету идеясын қолдады. Қазақстанда заң шығару реформасын дамыту үшін несиелер бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Құрушылары "Шеврон", "Мобил" және "Филлипс Петролиум" американ компаниялары болып табылатын. Американ-Қазақстан іскерлік қауымдастығы ганыстыру болды. Қауымдастық Қазақстан мен АҚШ арасындағы экомомикалык қатынастардың дамытудың нақты мәселерін шешуге, Қазақстанда Американың қатысуын кеңейтуге көмек көрсетуге қызмет істейтін болды. Қазақстан-АҚШ қатынастардағы маңызды бағыт сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Сауда-саттық ағындыларының дамуы былай көрінеді:
АҚШ-Қазақстан экономикасын тікелей инвестициялаудың жиынтық көлемі бойынша бірінші орынға ие, ол шамамен төрт млрд доллор болды. Қазіргі таңда Қазақстанда 325 Қазақстан-АҚШ бірлескен кәсіпорындары және түрлі компаниялардың жүзге жуық өкілдігі тіркелген. Үкіметік емес ұйымдар бойынша келісімге сәйкес Қазақстанда елуден астам Американ үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді.
90-шы жылдардың ортасында Орталық Азияда саяси-экономикалық және демократиялық реформаларда басты жетістіктерге ие болып табылатын Қазақстанға АҚШ тікелей шетел инвесі щияларын еңгізе бастады. Статистикалык мәліметтерге қарағанда ЮСАИД линиясы бойынша АҚШ Қазақстанға адам басына 2,15 доллар каражат бөле бастады.[27].
2001 жылдың мамыр айында АҚШ-тың арнайы ұлттық энергетиканы реттейтін топтың әзірлеген энергетикалық саясатына байланысты жақын жиырма жыл ішінде АҚШ-тың мұнай сұранысы 33%-ке дейін өседі. Яғни бұл көрсеткіш бір күнде АҚШ-тың 6 млн беррель шығын ететінімен теңдеседі. Сондықтан АҚШ өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ету үшін 7,5 млн. беррель мұнайды жұмсау керек болады. [28] Бұл көрсеткіштер әрине АҚШ-тың Қазақстанға деген қызығушылығын арта тұседі. 2001 жылы екі ел Президенттері арасында табиғи ресустардын девирсефикациясы мәселесі бойынша келісімдер жасалды.
АҚШ бұл бағытта Баку-Жейхун жоспарындағы қызығушылығын арттырып, аймақтағы өз ұстанымдарын күшейтіруді көздеп отыр. Әрине 2005 жылдын 10 сәуір айында АҚШ Президенті ДЖ.буштың Грузияға шеккен сапарын атап өткен жөн. Себебі АҚШ үшін маңызды рөлді ойнап отырған мәселе біріншіден, Каспий аймағындағы табиғи байлықтар болса, екіншіден Қазақстанның Кіндік Азияда орналасуы оның әскери-саяси мақсаттарына тиімды болып келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі алдына қойған мақсаты Қазақстанның және онда тұратын халықтардың әрі қарай дамуы үшін елдің экономикалық потенциалын күшейту болып табылады. Сондықтан қалыптасу ұстіндегі елдің сыртқы саясатының стратегиясы елдін әлемдегі баска да мемлекеттермеи, соның ішінде маңызды болып табылатын АҚШ-пен әрі карайды сауда экономикалық байланыстарын кеңейтуге арналған.
АҚШ Қазақстан табиғи ресустарын импорттауға көп көңіл бөледі. Дамыған және ғылыми-техникалық прогреске жеткен дамушы елдердің шикізат көзіне айналған Қазақстан қазіргі танда әлсіз мемлекеттер сатысына жатқызылады. Бірақ көптеген кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыруды қажет ететін сауатты халқы бар Қазақстан, бұл проблеманы шешуге қабілетті [29].
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа шығуының бірінші факторы эономика болып табылса, екінші факторы Қазақстанның ішкі және оның төңірегіндегі экологиялық жағдайы. Қазақстан мен АҚШ Арал теңізі ауданы мен Семей облысындағы қоршаған ортаны корғау саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға кірісті. Американ тарапы Арал тенізі проблемасын шешуге және атап айтқанда Қызылдорда диагностикалык орталыкты медициналык, жабдықпен жабдықтауға, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және аймақта .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?