Мемлекеттен кім баспана ала алады?


Баспана – еліміздің  ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекет тарапынан баспана алуға бағытталған түрлі жобалар бар. Банк арқылы ипотека рәсімдеу, қызмет бойынша баспана иелену, сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы пәтерлер, мемлекеттік бағдарлама немесе әкімдік тарапынан белгілі бір санатқа жататын адамдарды баспанамен қамту.

Egov.kz-тегі мәліметке сәйкес, мемлекеттен баспана алу үшін:

  • Тізімге сай құжаттарды жинап, әкімдікке өтініш беру.
  • Құжаттар расталған жағдайда сізге 30 күн ішінде хабарлама келеді. Сол хабарлама негізінде кезекті бақылауда ұстау керек.
  • Арнайы құрылған комиссия құжаттарды тексеріп, шешім шығарады.
  • Келісімшарт жасасып, тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болу.

Мемлекет тарапынан тұрғын үйге кімдер үміткер бола алады?

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • Кәмелет жасқа толмаған ата-анасынан айырылған балалар;
  • Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар; 
  • Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкер болуға үміткерлер, мемлекеттік сайлаулы  лауазым иегерлері;
  • ҚР заңнамасында белгілен тәртіпке сәйкес жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған адамдар;

Тұрғын үй алуға кезектте тұрудың екі жолы бар. Біріншісі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына құжаттарды толық өткізу. Екіншісі – онлайн түрді еgov.kz сайтында ЭЦҚ арқылы құжаттарды тіркеу.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу