Туфли тар болса

Туфли тар болса

Туфли тар болса.... Күзде жаңадан алған туфли көбіне аяғымызды қажайды. Көшеде келе жатып жүру қиынға соға бастағанда «аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?» деп іштей еріксіз күбірлейміз. Ал туфлиді кеңейтуге, аяқты қыспайтындай етуге болатынын білеміз бе?

Аяқты қысатын туфлиді қандай жағадайда кеңейтіп әуре болмау керек, алдымен соған тоқталайық: - ұзындығы кішкене; - 2 не одан да көп өлшемге кішкентай; - жиек тігісі тар; - жасанды материалдан тігілген болса.

Туфлиді жаңадан сатып алған кезде аяқты қысып тұрса, сатушы сізге уақыт өте келе кеңейетінін айтады. Бірақ алғашқы күндері тар аяқ киімді қалай киеміз? Ол үшін сатып алған күні үй ішінде қалың шұлықпен киіп жүріңіз. Әрі сәл кеңейеді, әрі аяғыңыз үйренеді. Алдымен ішін медициналық спиртпен сүртіп алуға да болады.

Ішіне су құйып, мұздатқышта су мұз болғанша қатырып қоятын әдіс бұрыннан таныс болар.

Туфлидің өкше тұсы қатты болса, қолмен уқалап жұмсартуға не балғамен ақырын ұруға болады.

Не аяқ киімнің ішкі жағына кір сабын жағыңыз.

Газет те туфлиді кеңейтуге көмектеседі. Бірнеше бөлікке бөліп, сумен жібітеміз. Туфлидің ішіне салып қоямыз. Фенмен кептіреміз. Аяқ киім кеңіп шыға келеді.

Арнайы себу құралдарын пайдалануға не кәсіби шеберлер қызметіне жүгінуге де болады. Аяқ киім шеберханалары үшін бұл – бірер минуттық іс

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі